A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
БЖЗҚ Қазақстанның барлық өңіріндегі салымшыларға қызмет көрсетеді

БЖЗҚ әрбiр салымшы мен алушының қамын ойлайды. Сондықтан көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыруға және ақпарат берудiң қосымша ыңғайлы арналарын жасауға ұмтылуда.

Қор қызметiнiң ашықтығы мен көрсететiн қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн арттыру мақсатында БЖЗҚ-да салымшылар мен алушыларға көшпелi қызмет көрсету бойынша «Мобильдiк агент» жобасы iске қосылған.

Бұл жобаның негiзгi мақсаты — халықтың әлеуметтiк тұрғыдан осал топтарына қолдау көрсету, мүмкiндiгi шектеулi жандарға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету, сондай-ақ БЖЗҚ кеңселерiнен тыс жерлерде салымшылар мен алушыларға тиiмдi сервистiк қызмет көрсетудi жүзеге асыру.

Басқа сөзбен айтқанда, егер салымшы (алушы) қандай да бiр себеппен, бiрiншi кезекте денсаулығына байланысты БЖЗҚ кеңсесiне келе алмайтын болса, онда Қор қызметкерлерi оған өздерi келедi.

«Мобильдiк агент» жобасы аясында Қазақстанның барлық өңiрiнде БЖЗҚ қызметкерлерiнен көшпелi командалар құрылған. Қор қызметкерлерi ақыл-кеңес беру үшiн салымшыларға (алушыларға) ыңғайлы уақыт және кездесу орнын тағайындайды, БЖЗҚ дерекқорына енгiзу және қызмет көрсету үшiн мүмкiндiгi шектеулi жандарға қажеттi құжаттарды жинап, Қорға жеткiзуге көмектеседi. Мүмкiндiгi шектеулi жандармен қатар, режимдiк және ерекше қорғауға алынған нысандардағы азаматтар да «Мобильдiк агент» қызметiн пайдалана алады.

Одан басқа, көшпелi топ салымшылар мен алушыларға олардың жұмыс орнында қызмет көрсете алады. Бiрақ бұл үшiн олардың саны жеткiлiктi дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар салымшыларды (алушыларды) ақпарат берудiң электрондық тәсiлiне барынша ауыстыру шараларын жүргiзедi және ҚР зейнетақы жүйесiн әрi қарай жаңғырту Тұжырымдамасы мен тұрғындардың жинақтаушы зейнетақы жүйесiне қатысты қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша түсiндiру жұмыстарын да жүргiзедi.

Қазiргi таңда жоба аясында бiрқатар қызметтер көрсетiледi. Олар:

жеке зейнетақы шотын (ЖЗШ) ашу;

деректемелердi өзгертуге арналған өтiнiштi толтыру;

ақпарат беру тәсiлiн өзгерту (айқындау) бойынша қосымша келiсiмдi рәсiмдеу;

ЖЗШ бойынша үзiндi-көшiрме беру;

шарттардың көшiрме нұсқасын беру;

зейнетақыны жеке және корпоративтiк жоспарлау моделiн (зейнетақы калькуляторларын) қолдана отырып кеңес беру;

ақыл-кеңес беру;

таныстырылымдар өткiзу;

зейнетақыны төлеуге арналған құжаттарды қабылдап алу немесе мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген I және II топтардағы мүгедектер үшiн зейнетақы жинақтарын аудару.

2017 жылдың алғашқы 4 айы iшiнде «Мобильдiк агент» жобасы аясында 2 326 көшпелi шара өткiзiлiп, 71 908 операция жасалды. Олардың iшiнде жеке зейнетақы шотын ашу бойынша 740 шарт, ақпарат беру тәсiлiн өзгерту туралы 19 678 келiсiм жасалды. Сонымен қатар 18 282 үзiндi-көшiрме берiлдi.

Салымшыларға көшпелi қызмет көрсету одан әрi жетiлдiрiлiп жатыр. Алматыда 2017 жылғы 18-19 мамырда Қор басшылығының қатысуымен «БЖЗҚ» АҚ филиалдары директорларының жыл сайынғы семинар-отырысы болып өттi. Онда зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн арттыру аясында БЖЗҚ бөлiмшелерi жоқ, шалғайдағы елдi мекендер үшiн «Мобильдiк кеңсе» қанатқақты жобасын iске қосу мәселесi көтерiлдi.

Қазiргi таңда агенттер салымшыларға алып жүруге ыңғайлы компьютер және құжаттар топтамасымен баратын болса, «Мобильдiк кеңсе» барлық қажеттi техникамен және жер серiгi байланысымен жабдықталатын болады.

Бұл өзiндiк бiр көшпелi қызмет көрсету орталығы iспеттес. Онда барлық қызметтер онлайн режiмiнде көрсетiледi. Қанатқақты жобалар аясында Қазақстанның үш өңiрi — Алматы, Атырау және Қостанай облысының тұрғындарына қызмет көрсетiледi. Бұл өңiрлер бiрiншi кезекте климаттық, жағрафиялық және аумақтық жағдайларына байланысты таңдап алынды.

Мысалы, Қостанай өңiрiнде облыс орталығынан шалғайда орналасқан аудандар мен елдi мекендер көп. Алматы облысы Қазақстанның басқа өңiрлерiнен елдi мекендерiнiң көптiгiмен және халқының тығыз орналасқандығымен ерекшеленедi. Ал Атырауда бұл қанатқақты жоба жергiлiктi тұрғындардың көпшiлiгiнiң мұнай және газ саласындағы компанияларда жұмыс iстейтiндiгiне байланысты iске қосылды. Бұл компаниялар әдетте елдi мекендерден алыста орналасқан.

«Мобильдiк кеңсенiң» жолға шығуы арнайы кесте бойынша жүзеге асырылады. Оның жүру бағыттары жергiлiктi әкiмдiкпен алдын ала келiсiледi және салымшылар мен алушылар оның келу уақытын алдын ала бiлiп отырады.

Қанатқақты жобалар аясында атқарылған жұмыстардың тиiмдiлiгiн бағалау нәтижесi бойынша Қор басшылығы шалғай жерлерде орналасқан ауылдардың тұрғындарына әрi қарай көшпелi қызмет көрсету туралы нақты шешiм қабылдайды.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.06.2017 18:12
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru