Тұрғын үй көмегі

Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы

Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 9 тамыздағы № 5/3 шешiмi. Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде 2016 жылғы 1 қыркүйекте № 5508 болып тiркелдi.

"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiқ басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысына, "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314қаулысына сәйкес, Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШIМ ЕТТI:

1. Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Осы шешiм Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы А.Джейранов

Аудандық мәслихат
хатшысы С.Клюшников

"КЕЛIСIЛДI"
Сандықтау ауданының әкiмiА.Исмағамбетов
2016 жыл 09 тамыз

Сандықтау аудандық
мәслихатының
2016 жылғы 09 тамыздағы
№ 5/3 шешiмiне
қосымша

Сандықтау ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi мен мөлшерi

1. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң тәртiбi

1. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен Сандықтау ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) көрсетiледi.

2. Тұрғын үй көмегiн тағайындау үшiн отбасы (азамат) (не нотариат куәландырған сенiмхат бойынша оның өкiлi) "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 9 сәуiрдегi № 319 бұйрығымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес, "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамының немесе "электрондық үкiмет" веб-порталы арқылы өтiнiш бередi.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 06.11.2018 № 22/2(ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.

3. Тұрғын үй көмегi өтiнiш берiлген күнге байланысты емес ағымдағы тоқсанға толық тағайындалады, ал отбасының (азаматтың) өткен тоқсандағы табыстары мен коммуналдық қызметтерiнiң шығындары, келесiлердi қоспағанда есепке алынады;

отбасының (азаматтың) жеке меншiгiнде бiр бiрлiктен артық тұрғын үй (пәтер, үйжай) немесе жалға берген (қосымша жалға берген) тұрғын үйлерi болса;

отбасының еңбекке жарамды жастағы мүшелерi жұмыс iстемесе, күндiзгi оқу бөлiмiнде оқымаса, әскерде қызмет етпесе және жұмыссыз ретiнде уәкiлеттi органда тiркелмесе (3 жасқа дейiнгi бала күтiмiмен айналысатын және медико-әлеуметтiк сараптама комиссиясының қортындысына сәйкес бiреудiң күтiмiне мұқтаж тұлғалардың күтiмiмен айналысатын азаматтардан басқа).

4. Тұрғын үй көмегiн тағайындау бойынша уәкiлеттi орган болып "Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi анықталды (әрi қарай — уәкiлеттi орган).

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы Сандықтау аудандық мәслихатының 06.11.2018 № 22/2(ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) шешiмiмен.

5. Аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегi төлемдерiн уәкiлеттi орган екiншi деңгейлi банктер арқылы өтiнiш бiлдiрушiлердiң дербес шоттырына аудару жолымен жүзеге асырады.

6. Ұсынылған ақпараттың сенiмдiлiгiне күдiк туындаған жағдайда уәкiлеттi орган тексерiс жүргiзуге уәкiлеттi органдарға жүгiнедi.

7. Уәкiлеттi органға заңсыз немесе аса көтерiлген тұрғын үй көмегiн тағайындалуына апарып соқтыратын көрiнеу күмәндi мәлiмет ұсынған кезде, меншiк иесi (жалға алушы) заңсыз алынған соманы өз еркiмен, ал бас тартқан жағдайда сот тәртiбi арқылы қайтарады.

2. Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi

8. Тұрғын үй көмегiн алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысы уәкiлеттi органмен "Тұрғын үй көмегiн алуға, сондай-ақ мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi алуға үмiткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi агенттiгi Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтi құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде 2012 жылы 6 ақпанда № 7412 тiркелген) негiзiнде тұрғын үй көмегiн тағайындауға өтiнiш бiлдiрген тоқсанның алдындағы тоқсан бойынша есептеледi.

9. Жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалданушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, тұрғынжайлардың меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтыну, жергiлiктi атқарушы органмен жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғынжайларды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын алғанда отбасының жұмсалған шектi жол берiлген шығыстар үлесi орташа айлық жиынтық кiрiсiне 15 (он бес) пайыз мөлшерiнде белгiленедi.

10. Тұрғын үй көмегi ақы төлеу сомасы мен осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.

11. Өтемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй көлемiнiң нормасы бiр адамға он сегiз шаршы метр. Тұрғынжайларды ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну шығындары белгiленген көлемнiң нормасынан жоғары болса, төлем жалпыға бiрдей негiзде жүргiзiледi. Жалғыз тұратын азаматтар үшiн жәрдемақы шараларымен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй көлемiнiң нормасы отыз шаршы метр, бiрақ бiр бөлмелi пәтердiң көлемiнен аз болмауы тиiс.

12. Электр энергиясының шығын нормасы бiр адамға айына 100 (жүз) киловаттан аспайтындай белгiленедi.

13. Суды шығындау нормасы отбасының әр мүшесiне айына 1,5 куб метрден белгiленсiн.

14. Телекоммуникациялар желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақы тарифтер көтерiлуiне өтемақы төлеу "Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512 қаулысымен бекiтiлген әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеу ережесi негiзiнде жүргiзiледi.

15. Тұрғын үй көмегi Сандықтау ауданында тұрақты тұратын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтер көрсету бойынша шығындар, коммуналдық қызметтер төлемақысына жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша, жекешелендiрiлген тұрғынжайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстау шығынындарын өтеуге ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес төлем түбiртегi бойынша бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.

16. Отбасының табыстары, тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызметтердiң төлемдерiнiң тарифтерi өзгерген кезде уәкiлеттi орган бұрын есептелген тұрғын үй көмегiне қайта есептеулер жүргiзедi.

17. Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрiнiң 2015 жылғы 9 сәуiрдегi № 319 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер стандарттарын бекiту туралы" бұйрығының (Қазақстан Республикасының Әдiлет министiрлiгiнде 2015 жылы 12 мамырда № 11015 тiркелген) 1 қосымшасымен бекiтiлген "Тұрғын үй көмегiн тағайындау" мемлекеттiк қызмет стандартына сәйкес жүзеге асырылады.

18. Уәкiлеттi орган тұрғын үй көмегiн тағайындаудан бас тарту туралы шешiмдi келесi жағдайларда шығарады:

1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалданушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминимум объектiсiнiң ортақ мүлкiн күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы ұлғаюы бөлiгiнде байланыс қызметтерiне, жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеу мақсаттарына белгiленген отбасының шығыстары шектi жол берiлетiн деңгейiнен 15 (он бес) пайыздан аспайтын болса.

3. Жергiлiктi жылу берiлетiн жеке меншiк үй-жайларда тұратын, табысы кедейлiк деңгейiнен төмен аз қамтылған етiлген отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығындарын өтеу бойынша тұрғын үй көмегiн ұсынудың тәртiбi мен мөлшерi

19. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi жылу берiлетiн жеке меншiк үйлерде тұратын, табысы кедейлiк деңгейiнен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды өтеу бойынша тұрғын үй иесiне, жалға алушыларға берiледi (тұрғын үйдi жалға алғандығы туралы шарты болса).

20. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi жылу берiлетiн жеке меншiк үйлерде тұратын, табысы кедейлiк деңгейiнен төмен аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға) қатты отын сатып алуға жұмсалған шығынды есептеу үшiн, әлеуметтiк тұрғын үй нормасына сәйкес отын шығыны бiр шаршы метрге 49,75 килограмм мөлшерiнде есепке алынады, бiрақ жылына бiр отбасына бес тоннадан аспауы керек. Жылу беру мерзiмi 1 қазаннан бастап 1 мамырға дейiн саналсын. Қатты отын құнын есептеу үшiн тұрғын үй көмегi есептелген алдынғы тоқсанның соңғы айындағы (наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан) жағдай бойынша статистикалық деректерге сәйкес өткен тоқсандағы құрылған Сандықтау ауданы бойынша орташа бағасы пайдаланылады. Отбасының (азаматттардың) орташа табысы өтiнiш берiлген тоқсанның алдындағы тоқсанына есептеледi.

21. Электрмен, сумен, газбен жабдықтау, қоқыс шығару бойынша шығындар өтiнiш берiлген тоқсанның алдыңдағы нақты тұтынылған тоқсанға қарай төлегенi жөнiндегi қоса ұсынылатын түбiртектерге сәйкес орта мөлшерде белгiлен.

Мақаланы құрған күні 15.07.2019 10:13
Мақаланы жаңартқан күні 15.07.2019 17:06
Қаралым саны: 182

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН