+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Сұрақтар және жауаптар

1.Асыраушының бiреуi қайтыс болған жағдайда қайтыс болушының асырауындағы адамдары қандай төлемдерге үмiттене алады?

Қайтыс болған асыраушысының қарауында болған еңбекке жарамсыз отбасы мүшелерi асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алу құқығына ие.

Қайтыс болған адам мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру жүйесiнiң қатысушысы болған жағдайда, яғни жұмыс iстеген және оған әлеуметтiк аударымдар жiберiлсе, онда қайтыс болған адамның қарауындағы отбасы мүшелерi «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтiк төлемақы алуға құқылы болады.

2.Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚасыраушысына айырылу жағдайына байланысты әлеуметтiк төлемдi және көп балалы отбасы санатындағы ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыны бiр мезгiлде алатын, қызмет алушы18-ден 23 жасқа дейiнгi, күндiзгi бөлiмде оқитын асырауындағы балаға жәрдемақы төлемдерiн ұзарту үшiн «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясына оқу орнынан 1 анықтама немесе 3 анықтама ұсынуы қажет?

Әр жәрдемақы түрi үшiн жеке 3 анықтама ұсынылады. Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы жәнекөп балалы отбасы санатындағы ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыға Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 6 қосымшасының нысаны бойынша анықтама ұсынылады. «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚасыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтiк төлемге Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерiн есептеу (анықтау), айқындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, жаңарту, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 31 қосымшасының нысаны бойынша анықтама ұсынылады.

3.Жоғары оқу орнынан кейiнгi жүйе бойынша (магистратура)күндiзгi бөлiмде оқитын, кәмелетке толған асырауындағы бала асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты жәрдемақы мен «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚ асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты әлеуметтiк төлем алуға құқығы бар ма?

Иә, оқу орнынан анықтама ұсынылған жағдайда, бiрақ жасы 23 жастан аспауы қажет.

4.Асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚасыраушысына айырылу жағдайына байланысты әлеуметтiк төлемдi және көп балалы отбасы санатындағы ай сайынғы мемлекеттiк жәрдемақыны ұзарту үшiн оқу орнынан анықтаманың көшiрмесiн ұсынуға бола ма, себебi анықтаманың түпнұсқасы военкоматқа тапсырылды?

Жоқ, жәрдемақы төлемдерiн ұзарту үшiн қызмет алушы «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясынаоқу орнынан анықтаманың түпнұсқасын ұсынады.

5.Егер асыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыны, «Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры» АҚасыраушысына айырылу жағдайына байланысты әлеуметтiк төлемдiалдында анасы алған жағдайда, бала өз атына аудара ала ма ?

Иә, асырауындағы бала 18 жасқа толған кезде, оған жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм жүйесiнде күндiзгi оқу бөлiмiнде оқыған және тағайындау үшiн құжаттардың толық пакетiн ұсынған жағдайда, жәрдемақы оған қайта ресiмделуi мүмкiн.

6.Егер қызмет алушы оқу орнынан ұсынылатын анықтаманы 1 қыркүйекте ұсынатын болса, оған жәрдемақы төлемi қалай жаңартылады?

Жәрдемақы төлемi 01.09.2020ж.бастап жаңартылады (егер жоғары орнынан ұсынған алдындағы анықтама бойынша төлем 31.08.2020ж. дейiн төленсе), үлескерлiк төлемдерден басқа.

Мақаланы құрған күні 01.09.2020 17:23
Мақаланы жаңартқан күні 01.09.2020 17:23
Қаралым саны: 158