+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысы «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (021400 индексi, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесi, 117, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(71640)9-14-41, факс 8(71640) 9-14-41, электрондық мекен-жайы: sandyktau_sup@akmo.kz) Ақмола облысының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасында «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң әлеуметтiк көмек, мүгедектiк және ардагерлерге қызмет көрсету бойынша сектор меңгерушiсi, «Е-R-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 106 359 теңгеден 142 815 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Нормативтiк құқықтық актiлердi орындауды және бақылауды iске асырады. Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар саласында мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды.

Сектордың қызметiн басқарады және жұмыстың нәтижелерiне жауапкершiлiк жүргiзедi; өз құзырлығының шегiнде жұмыстарды жоспарлайды және ұйымдастырады; азаматтарды әлеуметтiк қорғауды жетiлдiруге бағытталған бағдарламалардын, шаралардың орындалуын қамтамасыз етедi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерi бойынша әлеуметтiк көмектi тағайындауға құжаттарды қабылдауды жүргiзедi.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану немесе психология немесе менеджмент немесе мемлекеттiк және өзiн-өзi басқару немесе статистика немесе еңбектi ұйымдастыру және нормалау) немесе құқық (құқықтану) немесе қызмет (әлеуметтiк жұмыс немесе әлеуметтiк-мәдени жұмыс) немесе бiлiм немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (өмiр қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк лауазымдарда жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесiнiң бар болуы;

7) Президенттiк жастар кадр резервiне алынған тұлғалар үшiн жұмыс өтiлi бес жылдан кем емес.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды шақырады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Сандықтау ауданы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi.

Ереженiң 54-тармағына сәйкес басшы лауазымдарға үмiткер үмiткерлер конкурстық комиссия айқындайтын тақырыптардың бiрiне бiр эссе жазады. Эссенi комиссия бағалайды. Эссе жазу уақыты 45 минуттан аспауы тиiс.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар 3 жұмыс күнi мерзiмде ұсынылуы қажет, ол Сандықтау ауданы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

«Көкшетау қаласы
әкiмiнiң аппараты» ММ
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi__________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны
______________________________________________________________________
______________________________________________________________________

________                                            ____________________________________
  (қолы)                                               (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланы құрған күні 31.01.2020 10:31
Мақаланы жаңартқан күні 31.01.2020 10:31
Қаралым саны: 699