+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысы «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (021400 индексi, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесi, 117, анықтама үшiн телефон нөмiрi 8(71640) 9-14-41, факс 8 (71640) 9-14-41, электрондық мекен-жайы — personal_sand@mail.ru) Сандықтау ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. ««Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ мемлекеттiк қызметтердi ұсынуды бақылау бөлiмiнiң басшысы, «Е-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 112730 теңгеден 152017 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Ауданның атқарушы органдарының, ауылдық округ әкiмдерiнiң мемлекеттiк қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын тексеру және бақылау бойынша iс-шараларды жүзеге асырады.

Құжаттардың уақтылы орындалуын бақылауды, мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы жоғары тұрған органдарға ақпарат және есептi бақылауды қамтамасыз етедi.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары оқу орнын аяқталғаннан кейiнгi бiлiмi немесе жоғары әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе бiлiмi немесе гуманитарлық ғылымдар немесе техникалық ғылымдар және технология немесе құқық немесе қызмет.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес келуi керек:

1)мемлекеттiк қызметте кемiнде бiр жыл жұмыс тәжiрибесi;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағыттарына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi;

3) тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн немесе халықаралық қызметкер ретiнде Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты немесе облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде бiр жарым жылдан кем емес жұмыс өтiлi;

4) мемлекеттiк лауазымдардағы жұмыс өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау органдарында немесе арнайы мемлекеттiк органдарда бiр жылдан кем емес немесе Қарулы Күштердiң әскери басқару органының, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының тактикалық деңгейiнiң болуы;

5) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiк жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiткен басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру бағдарламаларын аяқтау;

6) дәреженiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққы қарсы iс-қимыл Агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Сандықтау ауданы әкiмi аппаратының персоналды басқару бiрыңғай қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару бiрыңғай қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей тапсырылады.

Құжаттар 3 жұмыс күнi мерзiмде ұсынылуы қажет, ол Сандықтау ауданы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi ________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берiлген құжаттар:
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны ______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
______ ______________________________________________________
(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«_____» _______________ 201 __ ж.

Мақаланы құрған күні 02.08.2019 12:20
Мақаланы жаңартқан күні 02.08.2019 12:20
Қаралым саны: 415