+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс өткізеді

Ақмола облысы «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (021400 индексi, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесi, 117, анықтама үшiн телефон нөмiрi 8(71640) 9-14-41, факс 8(71640)9-14-41, электрондық мекен-жайы — personal_sand@mail.ru) Сандықтау ауданы жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

Сандықтау ауданы әкiмiнiң орынбасары, санаты «Е-1», 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 150 778 теңгеден 203 162 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Нормативтiк құқықтық актiлердi орындауды және бақылауды iске асырады. Мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды.

Материалдық өнеркәсiп, құрылыс, өнеркәсiп кәсiпорындары, ауыл шаруашылық және жер қатынастары, ветеринария, энергетика, көлiк, байланыс, тұрғын үй-коммуналдық саласын басқару мәселелерiн жалпы және жедел шешiлуiн үйлестiредi және ұйымдастырады; автомобильдiк жолдарды дамыту мәселесi; жұмылдыру жұмысы, төтенше жағдайлар; орман, су шаруашылығы, экология және биоресурстар мен қоршаған ортаны қорғау, аумақты абаттандыру және көгалдандыру; жануарлар әлемiн қорғау; туризмдi дамыту; аудан орталығын және ауданның елдi мекендерiн сумен қамтамасыз ету; экономикалық жоспарлау және дамыту, инвестициялық, қаржылық және салықтық саясат, бюджетаралық қатынасты жетiлдiру, банктермен өзара әрекет жасау; шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту. Сотта жергiлiктi атқарушы органдардың қызығушылығын бiлдiредi.

Жетекшiлiк ететiн мемлекеттiк органдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылайды.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (машина құрылысы немесе көлiк немесе көлiк техникасы және технология немесе жылу энергетикасы немесе электроэнергетика немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (салалар бойынша) немесе азық-түлiк өнiмдерiнiң технологиясы (қолдану салалары бойынша) немесе өңдеушi өндiрiс технологиясы (салалар бойынша) немесе құрылыс немесе құрылыс материалдарын немесе бұйымдар мен конструкция өндiру немесе өмiр қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау немесе көлiк құрылысы немесе автоматтандыру және басқару) немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе құқық немесе қызмет немесе ветеринария немесе әскери iс және қауiпсiздiк салаларындағы жоғары бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық деңгейдегi лауазымдарында немесе облыстық немесе қалалық деңгейдегi басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесi болған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес. Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген, «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар қатысады. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Сандықтау ауданы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Iшкi конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен (кадр қызметiмен)құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi немесе «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы немесе электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн 1 сағат бұрын кешiктiрiлмей тапсырылады.

Олар тапсырылмаған жағдайда, конкурс комиссиясы азаматты әңгiмелесуден өтуге жiбермейдi.

Құжаттар Сандықтау ауданы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкiконкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi ________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берiлген құжаттар:
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны ______________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________
______ ______________________________________________________
(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«_____» _______________ 201 __ ж.

Мақаланы құрған күні 30.04.2019 17:33
Мақаланы жаңартқан күні 30.04.2019 17:33
Қаралым саны: 955