«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысы «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (021400 индексi, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесi, 117, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(71640)9-14-41, факс 8(71640) 9-14-41, электрондық мекен-жайы: personal_sand@mail.ru) Сандықтау ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 142 461 теңгеден 192 366 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Нормативтiк құқықтық актiлердi орындауды және бақылауды iске асырады. Өз құзыры шегiнде мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды.

Халықты жұмыспен қамту, әлеуметтiк қорғау және мүгедектердi оңалту аясындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және жүзеге асырады. Жұмыссыздарды кәсiби дайындау және қайта дайындау, бiлiктiлiгiн жоғарлату, оларды әлеуметтiк кепiлдемемен қамту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Еңбек нарығының сұранысына сәйкес кадрлардың дайындығын мүдделi органдармен бiрге анықтайды. Бос жұмыс орны бойынша семинар, жұмыскерледiң бос лауазымдарының жәрмеңкерлер, жиналыстар өткiзедi және ұйымдастырады. Аумақтық деңгейде әлеуметтiк әрiптестiктi ұйымдастырады. Ұжымдық шарттарды бекiту бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Бiржолғы ақшалай жәрдемақыны тағыда басқалар әлеуметтiк төлемдердi тағайындау жұмыстарды жүргiзедi.

Бөлiмдi жалпы басқарады, бөлiм мамандарының арасындағы мiндеттердi бөледi, бөлiм қызметiн реттейтiн құжаттарды дайындауға қатысады, бөлiмде ақшалай қаражатты бiрiншi бөлушi болып табылады. Шығындар мөлшерлемесiн жоспарлауды iске асырады.

Бөлiмде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылайды.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес (әлеуметтану немесе психология немесе менеджмент немесе мемлекеттiк және өзiн-өзi басқару немесе статистика немесе еңбектi ұйымдастыру және нормалау) немесе құқық (құқықтану) немесе қызмет (әлеуметтiк жұмыс немесе әлеуметтiк-мәдени жұмыс) немесе бiлiм немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (өмiр қауiпсiздiгi және қоршаған ортаны қорғау) саласында жоғары бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару, шешiм қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерiстердi басқару.

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2)осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның

штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3)А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4)мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық деңгейдегi лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5)жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушыларды шақырады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Сандықтау ауданы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы арқылы берiлген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар 3 жұмыс күнi мерзiмде ұсынылуы қажет, ол Сандықтау ауданы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

«Көкшетау қаласы

әкiмiнiң аппараты» ММ

(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланы құрған күні 08.02.2019 10:28
Мақаланы жаңартқан күні 08.02.2019 10:28
Қаралым саны: 777

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН