«Б» корпусының бос мемлекеттікәкімшіліклауазымынаорналасуға ішкі конкурс

Ақмола облысы «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (021400 индексi, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесi, 117, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(71640)9-14-41, факс 8(71640)9-14-41, электрондық мекен-жайы: personal_sand@mail.ru) Сандықтау ауданының жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттiк қызметшiлерi арасындағы «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:

1. «Сандықтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiңсектор меңгерушiсi, «Е-R-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбекақысы еңбек еткен жылына қарай 96 626теңгеден 129896 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Нормативтiк құқық актiлерiн бақылауды және орындауды iске асырады. Құрылыс саласында мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламалардың орындалуын ұйымдастырады және бақылайды.

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi және аумақты қала құрылысымен игергенде басқада жоба құжаттарымен сәулет, қала құрылысы, құрылыс заңнамаларын және мемлекеттiк нормативтердiң нормаларын сақтау бойынша бақылауды қамтамасыз етедi. Қоғамдық орындардың сыртқы рәсiмделуi және аббатандыру мәселелерiн шешуге, аудан аумағында орналасқан елдi-мекендердiң салынуының бас жоспарын әзiрлеудi, қала құрылысы тәртiбiн, қалалық салыну ережесiн сақталуын, бекiтiлген қала құрылысы құжаттамаларына сәйкес құрылыс жобаларын жүзеге асыруды қадағалауды iске асырады. Құрылысқа арналған жер телiмдерiнiң бөлiнуi және қолданылуын есепке алуды және бақылауды iске асырады, құрылыстың бас жоспарына сәйкес ауданның елдi-мекендерiнде жер ресурстарын ұтымды пайдалану бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. Жер комиссиясының отырыстарына қатысады.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:техникалық ғылымдар және технологиялар немесе өнер саласында жоғары бiлiм.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi бiр жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жарым жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу үшiн әңгiмелесу өткiзудiң басталуына дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ персоналды басқарудың бiрыңғай қызметiне (кадр қызметiне) өтiнiш бiлдiру қажет.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) белгiленген нысан бойынша өтiнiш.

2) тиiстi персоналды басқару қызметiмен құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк отыз күн iшiнде расталған қызметтiк тiзiм.

Құжаттардың толық емес пакетiн ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Iшкi конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электрондық үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн екi сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.

Құжаттар Сандықтау ауданы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында iшкi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 3 жұмыс күнi iшiнде тапсырылуға қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
«Көкшетау қаласы
әкiмiнiң аппараты» ММ
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi____________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:

_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________________
__________________________________________________________________________

________                         ________________________________________
  (қолы)                                 (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Мақаланы құрған күні 03.07.2018 16:18
Мақаланы жаңартқан күні 03.07.2018 16:21
Қаралым саны: 499