Көкшетау қаласында қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қорытындылары мен даму келешегi талқыланды

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы «12» желтоқсан

Көкшетау қаласында қазақстандық жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң
қорытындылары мен даму келешегi талқыланды

2018 жылдың 12желтоқсан күнi Көкшетау қаласында«Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң 20 жылдығы. ҚР зейнетақы жүйесiнiң негiздерi» тақырыбында дөңгелек үстел өткiзiлдi.

Форум-кеңес түрiндегi отырыс БЖЗҚ бастамасы бойынша ұйымдастырылды. Оған Қор қызметкерлерi және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры, Медициналық сақтандыру қоры, «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясының өкiлдерi, кәсiпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясының мүшелерi мен аталмыш жүйенiң бастауында тұрған тұлғалар, БАҚ өкiлдерi, сарапшылар және салымшылар (алушылар) қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар елiмiздiң жинақтаушы зейнетақы жүйесiн енгiзу себептерiн, БЖЗҚ-ны құрудың артықшылықтары мен кемiшiн тұстарын, жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қазiргi жағдайы мен даму келешегiн талқылады. Сонымен қатар қазақстандықтар, әсiресе жастар арасында зейнетақы жинақтарын жоспарлау мәдениетiн қалыптастыру және өзiн-өзi жұмыспен қамтушыларды жүйеге тарту мәселелерi, сондай-ақ зейнетақы капиталын қалыптастыруда ерiктi зейнетақы жарналарының алар орны бойынша пiкiр алмасты.

Отырысты БЖЗҚ АҚ Ақмола облыстық филиалының директоры Аяш Хакимовна Кеншинбаеваашты. Ол ниет бiлдiрiп, бүгiнгi жиынға қатысуға келген азаматтарға алғысын бiлдiрiп, жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ қызметiне қатысты мәселелердi талқылауда жемiстi еңбек тiледi.Өз сөзiнде филиал басшысы Қор тарапынан көрсетiлетiн қызметтердiң сапасын арттыру және халықтың жинақтаушы зейнетақы жүйесi туралы хабардарлығын, сондай-ақ қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстарды ерекше атап өттi.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар бұдан 20 жыл бұрын Қазақстанның ТМД елдерi арасында тұңғыш рет зейнетақы реформасын жүргiзiп, дұрыс қадам жасағанды туралы тұжырым жасады. Бүгiнде жүйе орнықты және өзiнiң дағдарысқа төзiмдiлiгiн дәлелдедi және даму әлеуетi жоғары. Жиынға қатысушылар сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң дамуы, табыстылығы, барабарлығы көп жағдайда елдегi экономикалық ахуалға тәуелдi екендiгiн атап өттi. Өйткенi экономиканың нақты салаларының өсуi еңбек өнiмдiлiгi мен халықтабысының артуына септiгiн тигiзедi. Инфляцияның төмендеуi, экономикада бағалардың тұрақталуы зейнетақы жинақтарының нақты құнына оң әсер етедi. Экономикалық тұрғыда белсендi халықтың жұмыспен барынша толық қамтылуы оларға алған табыстан өз пайдасына зейнетақы жарналарынтұрақты аударып тұруға мүмкiндiк бередi.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 14.12.2018 15:08
Мақаланы жаңартқан күні 14.12.2018 15:08
Қаралым саны: 634

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН