Әдеп жөніндегі уәкіл

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекiтiлген Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы ережесiнiң 2-тармағына, Сандықтау ауданы әкiмiнiң 2018 жылғы 11 маусымдағы №141 өкiмiне сәйкес, «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» ММ әдеп жөнiндегi уәкiлдiң функциялары «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) басшысы Игорь Владимирович Сафрыгинге жүктелген

Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қабылдау кестесi

Т.А.Ә Лауазымы Күні Уақыты Байланыс мәліметтері
Сафрыгин Игорь Владимирович «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) басшысы Әр айдың әрбір екінші және төртінші жұмасы 10.00-ден 12.00-ге дейін Мекенжайы: Сандықтау ауданы, Балкашино а., Абылай хан көшесі, 117. Тел: 8(71640) 9-1441; 8(705)659-26-3

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 153 Жарлығымен
БЕКIТIЛГЕН

Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

1. Әдеп жөнiндегi уәкiл — қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметшiлерiнiң әдеп кодексiн (бұдан әрi — Әдеп кодексi) бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметiн жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегiнде мемлекеттiк қызметшiлер мен азаматтарға консультация беретiн мемлекеттiк қызметшi. 2. Әдеп жөнiндегi уәкiл өз қызметiнде "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметi туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы, "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын, Әдеп кодексiн, осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiн басшылыққа алады.

Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң дербес лауазымы аумақтық бөлiмшелерi немесе ведомстволарының аумақтық бөлiмшелерi, шет елдегi мекемелерi бар орталық мемлекеттiк органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн қоспағанда), сондай-ақ облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және Астана әкiмдерiнiң аппараттарында енгiзiледi.

Аумақтық бөлiмшелерi немесе ведомстволарының аумақтық бөлiмшелерi жоқ мемлекеттiк органдарда (құқық қорғау және арнаулы мемлекеттiк органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiн қоспағанда), орталық мемлекеттiк органдардың ведомстволарында және аумақтық бөлiмшелерiнде, орталық мемлекеттiк органдар ведомстволарының аумақтық бөлiмшелерiнде, шет елдегi мекемелерде, тексеру комиссияларында, облыстық маңызы бар қалалар, аудандар, қалалардағы аудандар әкiмдерiнiң аппараттарында әдеп жөнiндегi уәкiлдiң функциялары осы мемлекеттiк органдардың қызметшiлерiне жүктеледi.

Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң функциялары басшылық қызмет атқаратын, сондай-ақ ұжымда қадiрлi және құрметке ие болған мемлекеттiк қызметшiге жүктеледi. Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентiнiң 01.06.2017 № 487 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

3. Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң дербес лауазымын атқаратын адам осы мемлекеттiк органдардың құрылымына кiретiн ведомстволардың және аумақтық бөлiмшелердiң, шет елдегi мекемелердiң, аудан деңгейiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың әдеп жөнiндегi уәкiлдерiне әдiснамалық басшылық жасауды үйлестiредi және жүзеге асырады әрi орталық атқарушы органның жауапты хатшысына бағынады, ал жауапты хатшы немесе көрсетiлген лауазымды адамдар

болмаған жағдайда — мемлекеттiк органның аппарат басшысына не қызметке тағайындауға және қызметтен босатуға құқығы бар адамға бағынады. Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Президентiнiң 01.06.2017 № 487 Жарлығымен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

2. Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң негiзгi функциялары

4. Әдеп жөнiндегi уәкiл өз құзыретi шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) мемлекеттiк қызметшiлерге Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасының және Әдеп кодексiнiң талаптарын сақтау мәселелерi бойынша консультациялық көмек көрсетедi;

2) мемлекеттiк қызметшiлердiң заңдарда белгiленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына ықпал етедi;

3) өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк орган басшылығының тапсырмасы бойынша мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын бұзу фактiлерi бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарайды;

4) ұжымда жалпы қабылданған моральдық-әдептiлiк нормаларына сәйкес келетiн өзара қатынастар мәдениетiн қалыптастыруға жәрдемдеседi;

5) мемлекеттiк қызметшiлердiң құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайларда, оларды қорғауға және қалпына келтiруге бағытталған шараларды қабылдайды;

6) мемлекеттiк қызметшiлердiң қызметтiк әдеп нормаларын сақтауын мониторингтеудi және бақылауды жүзеге асырады;

7) мемлекеттiк органдардың құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қызметтiк әдеп нормаларын бұзу деректерi бойынша тиiстi шараларды қабылдамау жағдайлары туралы мемлекеттiк органның басшылығына хабарлайды;

8) мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзған жағдайларда, құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен шарттарды талдайды және мемлекеттiк органның басшылығына оларды жою туралы ұсынымдар енгiзедi;

9) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзу профилактикасы және оған жол бермеу, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтiң оң бейнесiн қалыптастыру мақсатында азаматтық қоғам институттарымен және мемлекеттiк органдармен өзара iс-қимыл жасайды;

10) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн сақтау мәселелерi бойынша мемлекеттiк қызметшiлермен түсiндiру жұмыстарын тұрақты негiзде жүргiзедi;

11) заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi лауазымды адамдарға қызметтiк әдеп нормаларын бұзуға жол берген мемлекеттiк қызметшiлердiң жауапкершiлiгiн қарау туралы ұсыныммен жүгiнедi;

12) қызметтiк әдеп нормаларын бұзудың профилактикасы мақсатында өзге де қызметтi ұйымдастырады.

5. Әдеп жөнiндегi уәкiл өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:

1) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексiн бұзуға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды талдауға қажеттi мәлiметтер мен құжаттарды сұратады және алады;

2) өзi жұмыс iстейтiн мемлекеттiк органның атынан Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл саласындағы заңнамасының, сондай-ақ Әдеп кодексiнiң нормаларын түсiндiру үшiн мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi уәкiлеттi органға (бұдан әрi — уәкiлеттi орган) заңнамада белгiленген тәртiппен жүгiнедi;

3) мемлекеттiк органның басшысына мемлекеттiк органның оң имиджiн және ұжымда жағымды ахуал қалыптастыруға елеулi үлес қосқан адамдарды көтермелеу туралы ұсыным енгiзедi;

4) қажет болған жағдайда өзiнiң құзыретiне қатысты мәселелердi қарау кезiнде кадр қызметiнен мемлекеттiк қызмет өткеру мәселелерiне қатысты мемлекеттiк қызметшiлердiң жеке iстерiн, өзге де материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға құқылы.

6. Негiзсiз бас тартылғанда, мемлекеттiк органның басшысы тиiстi шаралар қолданбағанда не ол әдеп жөнiндегi уәкiлге жүктелген функцияларды орындауға кедергi келтiретiн әрекеттердi (әрекетсiздiктердi) жасағанда, әдеп жөнiндегi уәкiл бұл туралы уәкiлеттi органға не оның аумақтық бөлiмшесiне хабарлайды.

Уәкiлеттi орган не оның аумақтық бөлiмшесi мұндай хабарлама келiп түскен кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет саласындағы заңнамасында белгiленген тиiстi шараларды қолданады.

3. Әдеп жөнiндегi уәкiлдiң қызметiн ұйымдастыру

7. Мемлекеттiк орган басшыларының бейтараптығы негiздi күмән тудыратын, лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше орындамауға әкеп соғатын мән-жайлар (мүдделер қақтығысы) болған кезде әдеп жөнiндегi уәкiл өз қызметiн дербес негiзде жүзеге асырады.

8. Әдеп жөнiндегi уәкiл өз қызметiнiң нәтижесi бойынша уәкiлеттi органға есеп бередi. Есеп беру нысанын және мерзiмдерiн уәкiлеттi орган бекiтедi.

9. Әдеп жөнiндегi уәкiл өзiнiң функцияларына жататын мәселелер бойынша мемлекеттiк қызметшiлердi және басқа да азаматтарды олардың өтiнiшi бойынша немесе баршаға көрiнетiндей жерде орналастырылған кестеге сәйкес айына кемiнде бiр рет қабылдауды жүзеге асырады.

Қажет болған жағдайда, азаматпен немесе мемлекеттiк қызметшiмен әңгiмелесу телефон арқылы не тиiстi ақпарат берудi қамтамасыз ететiн басқа да коммуникациялар құралдарын пайдаланумен жүргiзiлуi мүмкiн.

Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы мәлiметтер, оның iшiнде тегi, аты-жөнi, фотосуретi, кабинет және телефон нөмiрлерi заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органның интернет-ресурсында және мемлекеттiк органның ғимаратында баршаға көрiнетiндей жерде орналастырылады.

10. Қызметтiк әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйiн мониторингтеу мақсатында әдеп жөнiндегi уәкiл кемiнде жарты жылда бiр рет уәкiлеттi орган бекiткен нысан бойынша анонимдi сауалнама жүргiзiледi.

Мақаланы құрған күні 19.09.2017 16:26
Мақаланы жаңартқан күні 12.06.2018 17:01
Қаралым саны: 918
PAGE_COMMENT