БЖЗҚ: салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті

Орыс тiлiнде «Пушкин көшесiне» қатысты балалар санамағы бар. Ол неге есiме түсе қалды?Әңгiменi әрiден бастайын. Алдымен, қадiрлi оқырман, сiзге мына сұрақты төтесiнен қойғым келiп отыр. Сiзөзiңiздiң зейнетақы жинақтарыңыздың сомасын бiлесiз бе? Зейнетақы шотыңыздан үзiндi-көшiрменi соңғы рет қашан алып едiңiз? «Мұның барлығын не үшiн сұрап отыр? — деп, ойлап қалуыңыз мүмкiн.

Қазақстандықтардың көпшiлiгi зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екi мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгiлi. Ол кезде ендi-ендi жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.

Әрине, барлығымыз да шартқа өзiмiздiң пошталық мекенжайымызды көрсеттiк. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерi бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен берi салымшылардың көпшiлiгi өздерiнiң жеке деректемелерiн өзгертуге асықпады. Қорға келiп, дерекқордан өздерiнiң мекенжайын, телефон нөмiрiн тексерiп те жатпады.

«Жұмыс берушi аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» — дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшiлiгiмiз әлi күнге дейiн бұрынғы дағдылы әдiспен,жинақтарымыздың жай-күйi туралы деректердi пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бiр орнында тұрмайды. Бүгiнде адамдар өмiр ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиi көшiп-қонатын болған.

Сол үшiн де көпшiлiгiмiздiң мұндай конверттi көрмегенiмiзге бiрнеше

жылдың жүзi болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды.

БЖЗҚ жыл сайын салымшылардың бұрынғы мекенжайларына пошта байланысы бойынша iшiне үзiндi-көшiрме салынған конверттердi жыл сайын жiбередi. Бiрақ, өкiнiшке қарай талай конверт «Хат алушы көрсетiлген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгiмен керi оралады.

Ал ендi ойланып көрiңiзшi, осы конверттердi дайындап, салымшыға жеткiзуде қаншама жұмыстар атқарылды, қаншама ақша шығындалды десеңiзшi!Мiне осыдан барып, «Кiм кiнәлi?», «Не iстеу керек?» деген жауыр болған сұрақтар тағы да мазалай бастайды.

Егер бiрiншi сұрақтың жауабы айтпаса да түсiнiктi болса, екiншi сұраққа толығырақ тоқталайық.

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (бұдан әрi — Заң) 39-бабы 4-шi тармағының 1) тармақшасына сәйкес

мiндеттi зейнетақы жарналарының салымшылары, өздерi үшiн мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерiн алушылар

бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мiндеттемелерiн орындауға әсер ететiн өзгерiстер болған күннен бастап күнтiзбелiк он күн iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барлық өзгерiстер туралы хабарлауға мiндеттi.

Нақты айтар болсақ:

1. Егер Сiз зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты «пошта байланысы» арқылы алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетiлген пошталық мекенжайдың өзгергенi туралы,

БЖЗҚ кеңсесiне жеке өзiңiз келгенде немесе пошта байланысы арқылы хабарлауыңызға болады. Бұл ретте фамилияңыз, атыңыз, әкеңiздiң аты, туған күнiңiз, жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) көрсетiлiп, жеке куәлiктiң қосымшасы қоса берiледi.

2. Егер Сiз зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «электрондық пошта (e-mail)» бойынша алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ақпарат беру тәсiлiн өзгерту/айқындау туралы келiсiмде көрсетiлген электрондық поштаны өзгерту туралы тек БЖЗҚ кеңсесiне жеке өзiңiз келгенде барып хабарлай аласыз.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Заңға сәйкес атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелердi ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетiмдiлiгiнiң электрондық және өзге де тәсiлдерiн қамтамасыз етедi.

Егер Сiз бұған дейiн зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта ақпарат беру тәсiлiн белгiлемеген болсаңыз, БЖЗҚ кеңсесiне өзiңiз келiп, БЖЗҚ-мен хабарлау тәсiлiн өзгерту/айқындау туралы келiсiм жасау арқылы ақпарат беру тәсiлiн таңдай аласыз немесе өзгерте аласыз.

Хабарлау тәсiлiн өзгерту/белгiлеу туралы келiсiм жасау үшiн және (немесе) Жеке деректемелерiңiзге өзгерiстер енгiзу үшiн, қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Онда жеке сәйкестендiру нөмiрi көрсетiлген болсын. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпаратты берудi салымшы (алушы) таңдаған тәсiл бойынша жүзеге асырады.

Ал бұл:

1) БЖЗҚ кеңсесiне келiп өтiнiш жасау;

2) электрондық тәсiл –бұл ретте, зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтiнiшiнде немесе хабарлау тәсiлiн өзгерту туралы келiсiмге қол қою кезiнде көрсеткен электрондық поштасына жолданады;

3) пайдаланушының логинi ретiнде тiркелген жеке сәйкестендiру нөмiрi (ЖСН) мен құпия сөзi (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып интернет арқылы алу;

4) пошта байланысы арқылы алу.

Жоғары технология заманында әрине, жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың ең қарапайым, ыңғайлы және үнемдi тәсiлi ол — ақпаратты интернет арқылы алу.Хабарлаудың осы тәсiлiн таңдау арқылы, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет қана емес, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерiнде жұмыс iстейтiн смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.

Бұл қосымша Google Play (Android), АppStore (iOS) и Windows Phone Marketplace (Windows Phone) ресми қосымшылар дүкендерiнде орналастырылған. Оны тегiн жүктеп алуға болады.

Қосымша қазақ және орыс тiлiндегi нұсқаларда жұмыс iстей бередi.

Сондай-ақ жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы ақпаратты

ҚР электрондық үкiметi порталында (www.egov.kz) тiркелiп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алған жағдайда осы сайттың «Әлеуметтiк қамтамасыз ету» — «Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кiрiстерiн ескере отырып) жай-күйi туралы ақпарат беру» бөлiмдерiне кiрiп алуға болады. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаны «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының филиалы — Мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясынан алуға болады.

БЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) онлайн тәртiбiнде өздерiнiң жеке зейнетақы шотыныңжай-күйiн үзiндi-көшiрме арқылы көре алады.

Айтпақшы, Сiз үзiндi-көшiрме алу үшiн кез келген кезеңдi (бiр күннен бастап бiрнеше жылға дейiнгi аралық)таңдай аласыз.

Үзiндi-көшiрмелердi онлайн сервистер (БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайты, электрондық үкiметтiң www.e-gov.kz сайты немесе ұялы қосымша) арқылы алу барысында салымшыға жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы маңызды деректердi онлайн тәртiбiнде — тәулiгiне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы алу мүмкiндiгi берiледi.

Осылайша, БЖЗҚ өзiнiң салымшыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат алудың бiрнеше тәсiлiн ұсынады. Әрбiр салымшы өзiне ыңғайлы тәсiлдi таңдап, жинақтарының жай-күйiн бiле алады.

Бұл үшiн жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергiлiктi бөлiмшесiне (қазiргi таңда олардың саны республика бойынша — 231) бiр рет барып өтiнiш бiлдiрсеңiз болғаны. Сол жерде жеке деректемелерiңiздiң өзгергенi жайында немесе зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы хабарлаудың өзiңiзге ыңғайлы бiр немесе бiрнеше тәсiлiн таңдағаныңызды жеткiзесiз. Барлық операция 10 минуттан аспайды, есесiне алдағы уақытта қаншама уақытыңыз үнемделедi! Бұл БЖЗҚ және пошта байланысы қызметкерлерi үшiн де қуанышты жағдай.

Мақаланы құрған күні 16.10.2017 14:49
Мақаланы жаңартқан күні 16.10.2017 14:49
Қаралым саны: 871
PAGE_COMMENT