A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететін қызметтерді пайдалану мүмкіндігі туды

Баспасөз релизi

Қазақстандықтарда дербес менеджер көрсететiн қызметтердi
пайдалану мүмкiндiгi туды

Азаматтарға арналған үкiметте тағы да кезектi пилоттық жоба — «Сiздiң дербес менеджерiңiз» iске қосылды. Дербес менеджер қызметiн пайдаланған адамтүрлi анықтамаларды жинап әуре болмайды, ол жұмысты мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi атқарады. Дербес менеджер мемлекеттiк қызметтi жеке көрсетедi, қажеттi анықтамаларды жинайды, қажет болған жағдайда, банкке де барады, құжаттың телнұсқасын жарамсыз деп тану туралы газетке хабарландыру бередi және т.б.

«Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясының Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтыңайтуынша, қазiргi уақытта көптеген қызметтердi алу үшiн қажеттi құжаттар тiзбесiбарынша азайтылған. «Алайда, ХҚКО-дан басқа да мекемелерге баруға тура келетiн «күрделi» қызметтер бар. Мысалы, автосалоннан несиеге немесе бөлiп төлеуге көлiк сатып алған кезде, бiздiң дербес менеджерiмiзөздiгiнен жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркейдi, көлiктi есепке қояды және қажет болса, барлық дайын құжаттарды үйге жеткiзiп бередi», — деп түсiндiрдi Оспанов.

Жаңа сервис мемлекеттiк корпорацияның облыстық маңызы бар қалалардағы37 фронт-офистерiнде, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында iске қосылды, ол ХҚКО-ға баруға және құжаттар жинауға уақыты жоқ жандарға арналып отыр. Жоба банктен несие алушылар, көлiк сатып алушылар мен бизнес өкiлдерi арасында сұранысқа ие болады деп күтiлуде.

Оспановтың айтуынша, дербес менеджер қарапайым анықтамалар бойынша кеңестер алу үшiн ғана емес, басқа да өте сұранысқа ие «күрделi» мемлекеттiк қызметтердi, оның iшiнде жылжымайтын мүлiк объектiсiн және кепiл шартын тiркеу, жер учаскесiне жекеменшiк құқығына актiлердi ресiмдеу және алу,жеке және заңды тұлғалар үшiн нотариалды куәландырусыз жылжымайтын мүлiкке сату-сатып алу/алмастыру/сыйға тарту шартынтар жасай отырып, тiркеу қызметтерi үшiн қолжетiмдi болып табылады. Келешекте бұл тiзiм ұлғаятын болады. Азаматтың атына құжаттарды жинауды корпорация қызметкерi нотариалды куәландырылған сенiмхат негiзiнде жүзеге асыратын болады.

Кеңестер берудi дербес менеджер телефон, «Telegram» және «Whatsapp» вэб-мессенджерi арқылы дүйсенбi мен сенбi аралығында сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн жүргiзедi, ал дайын құжаттар қызмет алушының электрондық поштасына жiберiледi немесе өз қолына жеткiзiледi. Дербес менеджер қажет болған жағдайда, тапсырыс берушiнiң үйiне барады.

Дербес менеджердiң қызметi жеке және заңды тұлғаларға ақылы түрде көрсетiледi.Мұндай қызметтiң құны мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң күрделiлiгiне және елдi мекеннiң орналасқан жерiне байланысты болады.Дербес менеджер көрсететiн қызметтердi пайдалануға болатын ХҚКО-лардың толық тiзiмiн www.gov4c.kzсайтынан алуға болады.

Ақмола облысы

7. Кокшетау қ. №1 бөлiмi–Ауэзова көшесi, 189А.

8. Кокшетау қ. №2бөлiмi– Абая көшесi, 96.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 09.08.2017 12:10
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru