Шара қорытындысы бойынша мақала

БЖЗҚ жастарға есiгiн ашты

2018 жылдың 20 қарашасында БЖЗҚ АҚ Ақмола облыстық филиалында «БЖЗҚ барлық салымшыларға қолжетiмдi» атты Ашық есiк күнi өттi. Оған 200-ден астам адам қатысты. Алғаш рет шараға салымшылар мен алушылармен бiрге жоғары сынып оқушылары мен студенттер арнайы шақырылды. Филиал директорыКеншинбаева А.Х. атап өткендей, БЖЗҚ өскелең ұрпақтың арасында қаржылық сауаттылық пен зейнетақыны жоспарлау дағдыларын қалыптастыруға ерекше мән бередi.

- «Қазiр зейнеткерлер зейнетақысының негiзгi бөлiгiн мемлекеттiк бюджеттен алатын болса, келешекте бүгiнгi оқушылар мен студенттердiң зейнетақы көлемi негiзiнен олардың өздерiнiң аударған жинақтарына байланысты болады. Сондықтан оларды мектеп табалдырығынан бастап зейнетақыны жоспарлауға үйретуiмiз керек», — дейдi филиал жетекшiсi.

Қор қызметкерлерi Ашық есiк шарасына келгендерге зейнетақы қызметтерi мен кеңес алу жолдары туралы айтып бердi. Сонымен қатар шараға қатысушылар қор қызметтерiне қалай жүгiнуге болатындығымен және кеңес алу жолдарымен танысты.

Зейнетақы қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгi Бiрыңғай зейнетақы жинақтаушы қорының басым бағыттарының бiрi. БЖЗҚ әрдайым хабарландыру тәсiлдерi мен қызметтердiң сапасын уақыт талабына сай дамытуға тырысады. Бүгiнде Қор қызметтерi елiмiздiң барлық тұрғындарына дерлiк қолжетiмдi.

Сонымен қатар көптеген қызмет түрлерi ЕНПФ сайты, egov.kz электрондық үкiмет сайты және биыл iске қосылған telegram-бот арқылы да қолжетiмдi. Салымшыларға кеңес беру үшiн 1418 нөмiрi бойынша байланыс орталығы жұмыс iстейдi. Толғандырған сұрақтарды Қор төрайымының блогына немесе әлеуметтiк желiлердегi парақшаларға жолдауға болады.

Қор өкiлдерiнiң айтуынша, электрондық тәсiлмен мiндеттi және ерiктi зейнетақы жарналарын есептеу жөнiндегi жеке зейнетақы шоттарын ашуға, жеке зейнетақы шотының жай-күйi туралы хабарлама алуға, деректемелердi немесе ЖЗШ жай-күйi туралы ақпарат алу тәсiлiн өзгертуге, т.б. қызметтер алуға болады. Сондай-ақ, Қор сайтында болашақ жинақтар мен төлемдердiң шамалас мөлшерiн есептеуге арналған зейнетақы калькуляторы бар.

Қор қызметкерлерi шараға қатысушыларға жеке кеңес берiп, оларды қор қызметтерiне өз бетiнше жүгiну тәсiлдерiне, жеке кабинет ашуға, ұялы қосымшаны қолдануға үйреттi. Шараға қатысушы жастар арасында зейнетақы жүйесi туралы сұрақтар бойынша викторина ұйымдастырылды. Озық нәтиже көрсеткен балаларды Филиал директоры алғыс хаттармен марапаттады.

БЖЗҚАҚ Ашық есiк күнiн екiншi жыл қатарынан тоқсан сайын өткiзiп келедi. Оған қатысушылар зейнетақы жүйесiндегi жаңалықтар мен өзгерiстер туралы бiлiп қана қоймай, жеке кеңес те ала алады. Осы уақыт iаралығында аталмыш шараға 30 мыңға тарта адам қатысты.

БЖЗҚ Ақмола облыстық филиалы

Мақаланы құрған күні 21.11.2018 11:44
Мақаланы жаңартқан күні 21.11.2018 11:44
Қаралым саны: 342

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН