«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрiнiң
2015 жылғы 30 сәуiрдегi
№ 529 бұйрығына
2-қосымша

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарттың атауы жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 30.11.2015 № 1136 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк қызмет).

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 30.11.2015 № 1136 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдарымен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi;

2) «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

3) «электрондық үкiметтiң» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал), www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 30.11.2015 № 1136 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмдерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге не Мемлекеттiк корпорацияға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгiнген сәттен бастап — 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде;

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде қабылдану күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi. Бұл ретте көрсетiлетiн қызметтi берушi қызмет көрсету қорытындысын қызмет көрету мерзiмi аяқталғанға бiр күн қалғанда бередi.

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн кезек күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызмет көрсетудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң м.а. 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiсiн орналастыруға паспорт (бұдан әрi — паспорт).

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн ұсыну нысаны — электрондық түрiнде. Көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады және мемлекеттiк қызметтi берушi басшысының мөрiмен және қол қоюымен куәландырылады.

7. Мемлекеттiк қызмет занды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiненбасқа, жұмыс кестесiне сәйкес 13.00-дан бастап 14.30-ға дейiн түскi үзiлiспен, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ге дейiн.

Қабылдау сағат 9.00-ден бастап 17.30-ге дейiн түскi үзiлiспен 13.00-дан бастап 14.30-ға дейiн көрсетiлетiн қызметтi берушiлер орналасқан жерде, алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз, кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады;

2) Мемлекеттiк корпорация — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Қабылдау көрсетiлетiн қызметтi берушiлер орналасқан жерде жүзеге асырылады. Жеделдетiп қызмет көрсетусiз «электрондық» тәртiппен жүзеге асырылады, веб-порталы арқылы электрондық кезектi брондауға болады.

3) порталда — тәулiк бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiш қабылдау мен нәтiжелерiн беру көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс немесе мереке күндерi жүгiнген жағдайда мемлекеттiк қызмет келесi күнi жүзеге асырылады).

Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң м.а. 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (немесе құқығы бар тұлғаның келiп қол қоюы, өкiлеттi заңды тұлға, нотариат куәландырған жеке тұлға сенiмхаты негiзiнде) жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшада белгiленген нысан бойынша жазбаша өтiнiш;

түстiк шешiмi және өлшемдерi бар объектiнiң эскизi;

жеке басты куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн).

2) порталға:

көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы орналасқан жерi көрсетiлген сұрау салу;

түстiк шешiмi және өлшемдерi бар объектiнiң эскизi.

Жеке тұлғаның тiркелуiн (қайта тiркелуiн), жеке кәсiпкер ретiнде тiркелуiн растайтын құжат мәлiметiн көрсетiлетiн қызметтi алушы «электрондық үкiмет» шлюзi арқылы алады.

Құжаттарды қабылдау кезiнде Мемлекеттiк корпорация жұмыскерi құжаттардың электрондық көшiрмесiн жасап, одан кейiн көрсетiлетiн қызметтi алушыға түпнұсқаларын қайтарады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегi мәлiметтердi пайдалануға көрсетiлетiн қызметтi алушының жазбаша келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатының негiзiнде, жеке келген кезде қол қойғызып және жеке басын не уәкiлеттi өкiлдi: өкiлеттiгiн растайтын құжат бойынша заңды тұлғаны; нотариат куәландырған сенiмхат бойыншы жеке тұлғаны куәландыратын құжатты ұсыну бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр айлық мерзiмде сақтауды қамтамасыз етедi, одан кейiн оны көрсетiлетiн қызметтi берушiге одан әрi сақтау үшiн бередi. Көрсетiлетiн қызметтi алушы бiр ай өткен соң жүгiнген жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияға сұрау салу бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде дайын құжаттарды Мемлекеттiк корпорацияға көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн жiбередi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды берген кезде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге — өтiнiш қағаз тасығышта қабылдауды растау көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнi мен уақыты көрсетiлiп, тiркелгенi туралы оның көшiрмесiндегi белгi болып табылады;

Мемлекеттiк корпорацияға — тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат;

портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының «жеке кабинетiнде» мемлекеттiк қызмет нәтижесiн алу күнi көрсетiлiп, мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн сұрау салуды қабылдау туралы белгiсi көрiнедi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң м.а. 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң м.а. 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттiк корпорация және (немесе) оның қызметкерлерiнiң мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң м.а. 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi оның лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану:

шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 14-тармағында көрсетiлген мекенжай бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиiстi жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — әкiмдiк) басшысының атына берiледi.

Шағым жұмыс күндерi пошта не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесi арқылы қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.

Шағымды қабылдауды растау мемлекеттiк қызметтi көрсетушiнiң немесе әкiмдiктiң кеңсесiнде шағымды қабылданған тұлғаның тегi мен аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орнын көрсете отырып, оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi мен күнi) болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану үшiн шағым Мемлекеттiк корпорация www..kz интернет-ресурсында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысының атына түседi.

Мемлекеттiк корпорация бөлiмдерiнде қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келiп түскен шағымның қабылданғанын растау (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа жазылады) оны тiркеу болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсетушiнiң немесе Мемлекеттiк корпорация атына келiп түскен мемлекеттiк қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралады.

Портал кiзуге арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты Бiрыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға «жеке кабинетiнен» көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiшiн өндеу барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпаратқа (жеткiзу, тiркеу, орындау қарау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қол жеткiзуге болады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағымдануы мүмкiн.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оңы тiркелген күнiнен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қаралуы тиiс.

Шағымда:

жеке тұлғаның — тегi, аты, сондай-ақ мүмкiндiгiне қарай әкесiнiң аты, пошта мекенжайы;

заңды тұлғаның — оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмiрi және күнi көрсетiледi. Өтiнiшке мемлекеттiк қызметтi алушы қол қояды.

Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң м.а. 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда мемлекеттiк қызметтi алушының сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң, оның iшiнде электрондық нысанда және Мемлекеттiк корпорация арқылы қызмет көрсетудiң ерекшелiктерiн ескере отырып, қойылатын өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң м.а. 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Заңнамада белгiленген тәртiппен өзiне өзi қызмет көрсетудi, өз бетiмен қозғалуды, бағдаралуды жүзеге асыру қабiлетiн немесе мүмкiндiгiн толық немесе iшiнара жоғалтқан көрсетiлетiн кызметтi алушыға мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды Мемлекеттiк корпорация қызметтерi 1414 Бiрыңғай байланыс орталығына жүгiну арқылы тұрғылықты жерi бойынша шығумен жүргiзедi.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң м.а. 15.08.2016 № 610 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайы «электрондық үкiмет» веб-порталында: www.mid.gov.kz («Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмшесiнде) орналастырылған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдың «жеке кабинетi», мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қатынау қолжетiмдiлiк режимiнде мемлекеттiк қызметтi көрсету мәртебесi туралы ақпаратты алуға мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпаратты, мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша бiрыңғай байланыс орталығы 1414 телефоны арқылы да алуға болады.

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектiлерiнде сыртқы (көрнекi) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOC 75 Kb)

Мақаланы құрған күні 08.02.2017 09:25
Мақаланы жаңартқан күні 08.01.2018 15:52
Қаралым саны: 890

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН