«Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрiнiң
2017 жылғы 3 шiлдедегi
№ 434 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
мiндетiн атқарушының
2016 жылғы 17 наурыздағы
№ 137 бұйрығымен
бекiтiлдi

"Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызметтi Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) Өтiнiштi қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi емес объектiлердiң эскизiн (эскиздiк жобасын) келiсу мерзiмi — 10 (он) жұмыс күнi.

Өтiнiштi қарау және техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделi объектiлердiң эскизiн (эскиздiк жобасын) келiсу мерзiмi — 15 (он бес) жұмыс күнi.

Өтiнiштi қарау және қолданыстағы объектiнiң сыртқы келбетiн (қасбетiн) өзгерту кезiнде эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсу мерзiмi 15 (он бес) жұмыс күнi.

Дәлелдi бас тарту — 5 (бес) жұмыс күнi.

Құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмiне кiрмейдi, бұл ретте мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi аяқталғанға дейiн бiр күн бұрын ұсынылады.

2) көрсетiлетiн қызметтi берушi құжаттар топтамасын тапсыру үшiн жол берiлетiн ең ұзақ күту уақыты — 15 (он бес) минут;

3) жол берiлетiн ең ұзақ қызмет көрсету уақыты — 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi — Эскиздi (эскиздiк жобаны) келiсуден өткiзу немесе осы стандарттың 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап беру болып табылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

7. Мемлекеттiк қызметтi жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Мемлекеттiк корпорацияның жұмыс кестесi — Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес, жексенбi және мерекелiк күндерден басқа, дүйсенбiден сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес сағат 9.00-дан 20.00-ге дейiн үзiлiссiз.

Қабылдау, жылжымайтын мүлiк орналасқан жер бойынша, жеделдетiлмеген қызмет көрсетудiң "электрондық" кезек тәртiбiмен жүзеге асырылады, "электрондық үкiмет" порталы (бұдан әрi — портал) арқылы электрондық кезектi брондауға болады.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушыға (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажет құжаттар тiзбесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

эскиз (эскиздiк жоба);

сәулет-жоспарлау тапсырмасының көшiрмесi.

Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы, құжаттар туралы мәлiметтердi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиестi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады және көрсетiлетiн қызмет берушiге ұсыну үшiн қағаз түрiнде басып шығарады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерi көрсетiлетiн қызметтi алушының, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелердегi заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiмiн алады.

Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорация арқылы дайын құжаттарды беру тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхат негiзiнде жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiберiледi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 30 қарашадағы № 750 (нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12684 болып тiркелген) бұйрығымен бекiтiлген Құрылыс саласындағы құрылыс салуды ұйымдастыру және рұқсат беру рәсiмдерiнен өту қағидаларының 41 тармағымен белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi ұсынудан бас тартуға негiз болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттiк корпорация қызметкерi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат бередi.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) оның қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорацияның басшысына жiберiледi.

Мемлекеттiк корпорацияға қолма-қол, сол сияқты поштамен түскен шағымның қабылдануының расталуының тiркелуi (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi Мемлекеттiк корпорация арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының тыныс-тiршiлiгiн әрекетiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуымен денсаулығының ақаулары бар көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн арқылы 1414, 8 800 080 7777. Бiрыңғай байланыс орталығы өтiнiш беру жолымен Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi тұрғылықты жерiне барып жүргiзедi.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары мына интернет-ресурстарда:

Министрлiктiң: www.mid.gov.kz;

Мемлекеттiк корпорацияның: www.gov4с.kz жарияланған.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www. mid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

Жүктеу (DOC 71 Kb)

Мақаланы құрған күні 08.02.2017 09:48
Мақаланы жаңартқан күні 11.10.2018 10:33
Қаралым саны: 809

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН