«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2015 жылғы 9 сәуiрдегi
№ 319 бұйрығына
4-қосымша

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Бұйрық 4-қосымшамен толықтырылды — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); жаңа редакцияда — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 15.07.2019 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру www.egov.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi немесе дәлелдi бас тарту мерзiмi:

1-кезең: мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жекешелендiру туралы тұрғын үй комиссиясының шешiмi — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2-кезең: тұрғын үйдi мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк тұрғын үй қорынан коммуналдық меншiкке берген жағдайда -15 (он бес) жұмыс күнi;

3-кезең: тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарт жасау — күнтiзбелiк 5 (бес) жұмыс күнi;

Көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi:

1-кезең: тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйдi жекешелендiру не жазбаша түрде дәлелдi бас тарту туралы шешiмi;

2-кезең: тұрғын үйдi беру туралы шешiм шығарылған күннен бастап оны мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк тұрғын үй қорынан коммуналдық меншiкке берген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үйдi беретiн орган жекешелендiруге жататын тұрғын үйдi коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бiр мезгiлде көрсетiлетiн қызметтi алушыға төленуi тиiс сома көрсетiлген тұрғын үйдiң құны туралы анықтама берiледi;

3-кезең: көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушы арасында тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарт жасау.

Тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарт жасалғаннан кейiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 шiлдедегi № 673 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру қағидаларының (бұдан әрi — Қағидалар) 23-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жергiлiктi бюджетке төленуi тиiс тұрғын үйдiң құнын төлеу жүргiзiледi.

Тұрғын үйдi меншiкке өтеусiз алған кезде төлем жүргiзiлмейдi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны:

электрондық түрiнде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi — ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiнiң түпнұсқалылығын www.egov.kz порталында тексеруге болады.

7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде мемлекеттiк қызмет көрсетуге өтiнiш пен мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не уәкiлеттi өкiлi: құзыретiн растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша жеке тұлға) порталға өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажет құжаттар тiзбесi:

1) 1-кезең:

өздерi тұратын үй-жайларын жекешелендiруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi ЭЦҚ-мен қол қойған өтiнiш, электрондық құжат нысанында (осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша);

көрсетiлетiн қызметтi алушы мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке басын куәландыратын құжаттарының электрондық (сәйкестендiру үшiн);

некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәлiктерiнiң электрондық көшiрмесi (қажеттiлiк бойынша ақпараттық жүйеде мәлiметтер жоқ болған жағдайда);

жалдау (жалға алу) шартының не тұрғын үй ордерiнiң электрондық көшiрмесi;

көрсетiлетiн қызметтi алушының отбасы мүшелерi деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы оларды көрсетiлетiн қызметтi алушының отбасы мүшелерi деп тану туралы сот шешiмiнiң электрондық көшiрмесiн ұсынады;

халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша көрсетiлетiн қызметтi алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн ұсынады;

мемлекеттiк қызметшiлер санатына қатысты азаматтар, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi, судьялар және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесiн қосымша ұсынады. Ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн олардың мәртебесiн растайтын құжаттардың электрондық көшiрмесiн ұсынады;

тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша берешектiң жоқ екендiгiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендiрген жағдайда — мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi меншiгiне өтеусiз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi;

2) 2-кезең:

Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй комиссияларының шешiмдерi болғанда мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi коммуналдық меншiкке беру:

мүлiктi коммуналдық меншiкке беру туралы уәкiлеттi органның бұйрығының;

мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қабылдау-беру актiсiнiң көшiрмесi;

3) 3-кезең:

көрсетiлетiн қызметтi берушi мен көрсетiлетiн қызметтi алушы арасында тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарт элеқтрондық нұсқа жасауды.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некенi бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейiн), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейiн), балалардың тууы туралы куәлiктiң (2007 жылғы 13 тамыздан кейiн), меншiк құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдiң бар немесе жоқ екенi туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетiлетiн қызметтi алушының отбасы мүшелерi деп тану туралы сот шешiмiнiң, көрсетiлетiн қызметтi алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәлiметтерi көрсетiлетiн қызмет берушiге тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден отбасы мүшелерiнiң (болған жағдайда) "электрондық үкiметтiң" шлюзi арқылы электрондық құжаттар нысанында берiледi.

Осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1 немесе 2-қосымшаларға сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде, көрсетiлетiн қызметтi алушы егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм бередi.

Қосымша құжаттарды талап етуге жол берiлмейдi.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңында белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi негiзiнде мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тартады.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша шағымдану тәртiбi

11. Шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады, ол көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) барысында жаңартылады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен өтiнiш бере алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi портал арқылы көрсету ерекшелiктерiн ескере отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифралық қолтанбасы болған жағдайда, мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының порталдағы "жеке кабинет", сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде мемлекеттiк қызметтер көрсету тәртiбi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызмет көрсетушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары Министрлiктiң интернет-ресурсында: www.miid.gov.kz орналастырылған. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777.

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 22 Kb)

Мақаланы құрған күні 07.08.2017 17:40
Мақаланы жаңартқан күні 06.09.2019 13:40
Қаралым саны: 997

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН