«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрiнiң
2015 жылғы 9 сәуiрдегi
№ 319 бұйрығына
2-қосымша

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 21.12.2018 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 15.07.2019 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 21.12.2018 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 15.07.2019 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 21.12.2018 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ, порталға өтiнiш берген кезде — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқcат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудiң рұқсат етiлетiн ең ұзақ уақыты — 20 (жиырма) минут.

Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

6. Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi — кезектiң реттiк нөмiрiн көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрi — хабарлама) немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк кызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.

Порталда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрi — ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы қағаз тасығышта мемлекеттiк қызметтiк көрсету нәтижелерiн алу үшiн жүгiнген жағдайда мемлекеттiк көрсету нәтижелерi электрондық форматта ресiмделедi, басып шығарылады және қызметтi берушiнiң уәкiлеттi адамының қолымен және мөрмен расталады.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке тұлғаларға: мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж, тиiстi елдi мекенде (тұру мерзiмiне қарамастан) тұрақты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарына (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушылар) тегiн көрсетiледi.

8. Жұмыс кестесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияның — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбi және мереке күндерiн қоспағанда, дүйсенбiден бастап сенбiнi қоса алғанда, белгiленген жұмыс кестесiне сәйкес түскi үзiлiссiз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

Мемлекеттiк қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз электрондық кезек тәртiбiмен мемлекеттiк қызметтi алушының тiркелген орны бойынша көрсетiледi, көрсетiлетiн қызметтi алушының қалауы бойынша электрондық кезектi портал арқылы брондауға болады;

2) порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерi өтiнiш жасаған кезде, өтiнiштердi қабылдауды және мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн берудi келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырады).

Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша оның өкiлi) өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) Мемлекеттiк корпорацияға:

осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйдiң бар немесе жоқ екенiн тексеруiне келiсiмiн көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу туралы өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн түпнұсқасы талап етiледi);

республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемiнде үш жыл тұрғанын растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшiн);

некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейiн), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн), балалардың тууы туралы куәлiктердi (2007 жылғы 13 тамызға дейiн);

жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылса, азаматтар тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасын ұсынады;

халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтiнiш жасаған кезде:

өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы табысы туралы мәлiметтер қосымша ұсынылады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiш жасаған кезде:

жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады;

ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер:

Қазақстан Республикасының Үкiметi берген, олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы:

тиiстi уәкiлеттi органның анықтамасын қосымша ұсынады.

2) порталда:

көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;

республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемiнде үш жыл тұрақты тұру фактiсiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшiн);

некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейiн), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн), балалардың тууы туралы куәлiктiң (2007 жылғы 13 тамызға дейiн) электрондық көшiрмесi;

жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылса, тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасының электрондық көшермесi ұсынылады; халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтiнiш жасаған кезде:

өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы табысы туралы анықтаманың электрондық көшермесi қосымша ұсынылады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiш жасаған кезде:

жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшермесi қосымша ұсынылады;

ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер:

Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн, олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;

отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы:

тиiстi уәкiлеттi органдар анықтамасының электрондық көшермесiн қосымша ұсынады.

Жеке басын куәландыратын құжаттардың, некеге тұру немесе некенi бұзу туралы (2008 жылғы 1 маусымнан кейiн), қайтыс болу туралы (2007 жылғы 13 тамыздан кейiн), балалардың тууы туралы куәлiктiң (2007 жылғы 13 тамыздан кейiн), меншiк құқығында (Қазақстан Республикасы бойынша) тұрғын үйдiң бар немесе жоқ екенi туралы анықтамалардың, мекенжай анықтамаларының, басқа адамдарды көрсетiлетiн қызметтi алушының отбасы мүшелерi деп тану туралы сот шешiмiнiң, көрсетiлетiн қызметтi алушының немесе оның отбасы мүшелерiнiң халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың мәлiметтерi көрсетiлетiн қызмет берушiге тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден отбасы мүшелерiнiң (болған жағдайда) "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы электрондық құжаттар нысанында берiледi.

Құжаттарды қабылдаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi құжаттардың электрондық көшiрмелерiн жасайды, содан кейiн тұпнұсқаларды көрсетiлетiн қызметтi алушыға қайтарады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi мемлекеттiк қызметтер көрсету кезiнде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға Мемлекеттiк корпорация ұсынған нысан бойынша келiсiм бередi. Мемлекеттiк корпорация арқылы құжаттарды қабылдаған кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат берiледi.

Мемлекеттiк корпорацияда дайын құжаттарды беру азаматтың (не нотариалды расталған сенiмхат бойынша оның өкiлiнiң) жеке куәлiгi растайтын құжат ұсынылған кезде жеке қолхат негiзiнде жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк корпорация бiр ай бойы нәтиженiң сақталуын қамтамасыз етедi, содан кейiн оларды осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талап етiлмеген құжаттарды уәкiлеттi органға жiберу тiзiлiмiмен көрсетiлетiн қызметтi алушыға одан әрi сақтау үшiн бередi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде Мемлекеттiк корпорацияның сұратуы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнi iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн Мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

Портал арқылы өтiнiш жасаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет көрсетуге арналған сұрауды қабылдау туралы мәртебе көрсетiледi, сондай-ақ мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн алу күнi мен уақыты көрсетiле отырып, хабарлама жiберiледi.

Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң 07.06.2016 № 242 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

10. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет қоюдан бас тарту үшiн негiз:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) жалғыз тұрғын үйi авариялық деп танылған көрсетiлетiн қызметтi алушыға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен тұрғын үйi авариялық деп танылған елдi мекеннен тыс жерде өтiнiш бiлдiргенiн анықтау;

3) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемiнде үш жыл тұрғанын растайтын фактiнiң болмауы;

4) егер азаматтың соңғы бес жылдың iшiнде:

тұрғын үй-жайын ауыстыру;

оның Қазақстан Республикасының белгiлi бiр елдi мекенiнде орналасуына қарамастан, өзiне меншiк құқығымен тиесiлi, тұру үшiн жарамды тұрғын үйдi, жергiлiктi атқарушы орган жалғыз тұрғын үйi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес алынған ұзақ мерзiмдi жеңiлдiктi тұрғын үй кредитi бойынша сатып алынған, кепiл берушiнiң — Қазақстан Республикасы азаматының ипотекалық тұрғын үй бойынша мiндеттеменi орындауға қабiлетi болмаған кезде сатып алғаннан басқа жағдайларда, иелiгiнен шығару;

оның кiнәсiнен тұрғын үйдi бұзу немесе бүлдiру;

тұрған кезiнде оның мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж болмаған кезде тұрғын үйiнен көшiп кету;

жұбайынан, кәмелетке толмаған және еңбекке жарамсыз балаларынан, сондай-ақ еңбекке жарамсыз ата-аналарынан басқа адамдарды тұрғызу жолымен өз тұрғын үй жағдайларын қасақана нашарлатуы салдарынан мұқтажға айналғаны анықталса,

мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғынжай немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғынжай беру үшiн есепке қоюдан бас тартылады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi.

Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының, Мемлекеттiк корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерiнiң шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 21.12.2018 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

11. Көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлген қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда "электрондық үкiметтiң" веб-порталы арқылы пошта бойынша немесе көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi, берiлген шағымға жауап алу мерзiмi мен орны көрсетiле отырып, оны тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттiк корпорация қызметкерiнiң әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағым осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар бойынша Мемлекеттiк корпорация басшысына жiберiледi.

Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы түскен шағымның Мемлекеттiк корпорация кеңсесiнде қабылданғанын растау оны тiркеу (мөртаңба, кiрiс нөмiрi және тiркелген күнi шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады) болып табылады.

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.

Шағымды көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнен" портал арқылы жiберiлген кезде көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi өңдеу (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап беру) барысында жаңартылатын өтiнiш туралы ақпарат қолжетiмдi болады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiге, тиiстi жергiлiктi атқарушы органға немесе Мемлекеттiк корпорацияға келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелерi туралы дәлелдi жауап пошта байланысы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушыға жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, тиiстi жергiлiктi атқарушы органның кеңсесiне немесе Мемлекеттiк корпорацияда қолма-қол берiледi.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағым бере алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оны тiркеген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады.

Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Ұлттық экономика министрiнiң м.а. 20.01.2016 № 20 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгiзiледi); өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 22.06.2017 № 376 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрықтарымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк оның iшiнде электрондық нысанда және мемлекеттiк корпорациялар арқылы қызмет көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Инвестициялар және даму министрiнiң 21.12.2018 № 898 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

13. Тұрмыс-тiршiлiгiн шектейтiн ағза функцияларының тұрақты бұзылуынан денсаулығы бұзылған көрсетiлетiн қызметтi алушыларға, мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн құжаттарды қабылдауды қажет болған жағдайда, Бiрыңғай байланыс орталығы 1414, 8 800 080 7777 арқылы жүгiну көмегiмен тұрғылықты жерiне бару арқылы Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi жүргiзедi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрлiктiң www.miid.gov.kz интернет-ресурсында;

2) Мемлекеттiк корпорацияның www.gov4с.kz интернет-ресурсында;

3) порталда орналасқан.

Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрiнiң 15.07.2019 № 506 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ болған жағдайда мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкiндiгi бар.

15. Көрсетiлетiн қызметтi алушының қашықтықтан қол жеткiзу режимiнде порталдың "жеке кабинетi" арқылы, мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтер, сондай-ақ мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы ақпаратты алу мүмкiндiгi бар.

16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi анықтамалық қызметтердiң байланыс телефондары Министрлiктiң www.mid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414.

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 30 Kb)

Мақаланы құрған күні 08.02.2017 09:50
Мақаланы жаңартқан күні 06.09.2019 12:53
Қаралым саны: 1014

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН