"Энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрiнiң
2015 жылғы 14 сәуiрдегi
№ 281 бұйрығына
3-қосымша

"Энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

Ескерту. Стандарттың тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР Энергетика министрiнiң м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

Ескерту. Стандарт жаңа редакцияда — ҚР Энергетика министрiнiң 08.06.2017 № 192 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Энергетика министрiнiң м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсетiледi:

1) күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа белгiленген электр қуаты 5 МегаВатт (бұдан әрi — МВт) астам, сондай-ақ өз теңгерiмiнде 110 килоВольт (бұдан әрi — кВ) және одан жоғары кернеудегi электр желiлерi бар энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға әзiрлiк паспорттарын (бұдан әрi — әзiрлiк паспорты) Министрлiктiң Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) бередi;

2) барлық қуаттардың және жылу желiлерiнiң (магистральдық, орамiшiлiк) жылыту қазандықтарына күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспорттарын Астана және Алматы қалаларының, облыстық маңызы бар аудандар мен қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) бередi;

3) күзгi-қысқы жағдайлардағы жұмысқа өз құрамында кернеуi 35 кВ және одан төмен электр желiлерi бар энергия берушi ұйымдарға, сондай-ақ белгiленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен энергия өндiрушi ұйымдарға әзiрлiк паспорттарын Министрлiктiң Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) бередi;

Өтiнiштердi қабылдау:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң кеңсесi;

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету қорытындысы портал арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштердi жыл сайын 15 тамыздан бастап 30 қыркүйектi қоса алғанда жүзеге асырады, жүйелiк оператор үшiн 25 қазанды қоса алғанда жүзеге асырады.

Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Энергетика министрiнiң м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтiнiш берген кезден бастап күнтiзбелiк 20 (жиырма) күн iшiнде.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштi қабылдаудан бас тартады.

2) көрсетiлетiн қызметтi алушыға құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтуге рұқсат етiлетiн ең көп уақыт — 15 (он бес) минут;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қызметтi көрсетуге рұқсат етiлетiн ең көп уақыт — 15 (он бес) минут.

Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Энергетика министрiнiң 18.02.2019 № 55 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және қағаз түрiнде.

Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Энергетика министрiнiң м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру, энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын ескертулермен беру, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық/қағаз түрiнде.

Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Энергетика министрiнiң м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда — ҚР Энергетика министрiнiң м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

8. Жұмыс кестесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң — Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбiден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.30-ға дейiн, түскi асқа үзiлiс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiн.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру түскi асқа сағат 13.00-ден 14.30-ға дейiнгi үзiлiспен 9.00-ден 17.30-ға дейiн жүзеге асырылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетiлген қызмет көрсетусiз кезек күту тәртiбiмен көрсетiледi;

2) порталдың — жөндеу жұмыстарын жүргiзуге байланысты техникалық үзiлiстердi қоспағанда, тәулiк бойы (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi өтiнiш берген жағдайда, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесiн беру мен өтiнiштi қабылдау келесi жұмыс күнi жүзеге асырылады).

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттар тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк паспортын алуға өтiнiшi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк актiсi (бұдан әрi — әзiрлiк актiсi);

әзiрлiк актiсiне осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетiлген күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк паспортын алу үшiн шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса берiледi;

станциялардың, электр және жылу желiлерiнiң негiзгi және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйi, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын берудi қамтамасыз етуге ұйымдардың әзiрлiгi туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

Жiберiлетiн құжаттар нөмiрленедi, тiгiледi;

2) порталға:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк паспортын алуға өтiнiшi;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзiрлiк актiнiң электрондық көшiрмесi;

әзiрлiк актiсiне осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетiлген күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса берiледi;

станциялардың, электр және жылу желiлерiнiң негiзгi және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйi, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын берудi қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы осы стандарттың 9-тармағында көзделген барлық құжаттарды көрсетiлетiн қызмет берушiлерге қолма-қол берген кезде — қағаз жеткiзгiште өтiнiштi қабылдаудың растамасы оның көшiрмесiнде құжаттар топтамасын қабылдау күнiмен уақыты көрсетiле отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде тiркеу туралы белгi болып табылады.

Ескерту. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Энергетика министрiнiң м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

10. Көрсетiлетiн қызметтi берушi мына негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге бас тартады:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және Қазақстан Республикасы Энергетика министрiнiң 2015 жылғы 2 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекiтiлген Энергия өндiрушi, энергия берушi ұйымдардың күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын алу қағидаларына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10516 болып тiркелдi) сәйкес келмеуi;

3) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оның қызметiне немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн жекелеген қызмет түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымданған жағдайда шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына, немесе осы стандарттың 17-тармағында көрсетiлген Министрлiктiң басшысы атына берiледi.

Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетiлген қызметтi берушiнiң немесе Министрлiктiң кеңсесi арқылы жұмыс күндерi қолма-қол, сондай-ақ портал арқылы қабылданады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi және тiркеу күнi шағымның немесе шағымға iлеспе хаттың екiншi данасына қойылады).

Портал арқылы өтiнiш берген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты бiрiңғай байланыс орталығының 1414 және 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiштi өңдеу барысында көрсетiлетiн қызметтi берушi жаңартып отыратын өтiнiш туралы ақпарат (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

Шағымда заңды тұлғаның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмiрi және күнi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң мекенжайына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы оның тiркелген күнiнен бастап бес жұмыс күнi iшiнде қаралуға жатады. Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелденген жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта арқылы не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң, Министрлiктiң кеңсесiнде қолма-қол берiледi.

Портал арқылы электрондық өтiнiш берген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушiге өтiнiштi өңдеу барысында көрсетiлетiн қызметтi берушi жаңартып отыратын өтiнiш туралы ақпарат (жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтердi көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға қызмет алушының шағымы түскенде, тiркелген күннен бастап он бес жұмыс күнi iшiнде қарастырылады.

Ескерту. 11-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Энергетика министрiнiң м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4-тарау. Мемлекеттiк, оның iшiнде электрондық нысанда көрсетiлетiн

қызметтiң ерекшелiктерi ескерiлген өзге де талаптар

13. Мүмкiндiгi шектеулi қызмет алушыларға (олардың өкiлдерiне сенiмхат бойынша) олардың қызмет көрсетушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiгi: мүмкiндiгi шектеулi адамдар үшiн бөлек есiк жабдықталған.

14. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мекенжайы:

1) Министрлiктiң www.energo.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң kaenk.energo.gov.kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер" бөлiмiнде орналастырылған.

Ескерту. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — ҚР Энергетика министрiнiң м.а. 05.01.2018 № 5 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

15. ЭЦҚ болған жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкiндiгi бар.

16. Көрсетiлетiн қызметтi алушы қашықтықтан қол жеткiзу рәсiмiнде, мемлекеттiк қызмет көрсетудiң тәртiбi мен мәртебесi туралы, сондай-ақ ақпаратты осы стандарттың 17-тармағында көрсетiлген қызмет берушiнiң байланыс телефондары бойынша бiрыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкiндiгi бар.

17. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша анықтама қызметтердiң байланыс телефондары қызмет берушiнiң интернет-ресурсында көрсетiлген. Бiрыңғай байланыс орталығының телефондары: 1414 және 8 800 080 7777.

"Энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты (DOCX 26 Kb)

Мақаланы құрған күні 24.05.2018 12:36
Мақаланы жаңартқан күні 06.09.2019 12:31
Қаралым саны: 719

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН