«Ағаштарды кесуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрiнiң
2019 жылғы 21 мамырдағы
№ 318 бұйрығымен бекiтiлген

"Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарты

1-тарау. Жалпы ережелер

1. "Ағаштарды кесуге рұқсат беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметi (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет).

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлiгi (бұдан әрi — Министрлiк) әзiрледi.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру www.egov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкiмет" веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi

4. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi портал арқылы жүгiнген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күнi.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық түрде.

6. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ағаштарды кесуге рұқсат беру;

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.

Порталда мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесi көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған (бұдан әрi — ЭЦҚ) электрондық құжат нысанында көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiне" жiберiледi.

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi алушы) тегiн көрсетiледi.

8. Порталдың жұмыс кестесi — техникалық жұмыстарды жүргiзумен байланысты үзiлiстердi қоспағанда (көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейiн, демалыс және мереке күндерi жүгiнген кезде өтiнiштердi қабылдау келесi жұмыс күнiнде жүзеге асырылады) тәулiк бойы.

9. Көрсетiлетiн қызметтi алушы портал арқылы көрсетiлетiн қызметтi берушiге жүгiнген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) бекiтiлген және келiсiлген қала құрылысы құжаттамасында көзделген құрылыс қызметiн, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүзеге асыру үшiн жағдайлар жасалуын қамтамасыз ету:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

жер учаскесiне құқығын беретiн құжаттың электрондық көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер базасында тiркелмеген жағдайда);

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәлiметтер нысаны);

өсiп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың жай-күйiн көрсете отырып, объектiнiң аумағында өсiп тұрған жасыл екпелерiн түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

өтемдiк ағаштарды отырғызудың жоспары;

көшеттердi отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетiп, өтемдiк ағаштарды отырғызу бойынша кепiлдiк хат;

өтемдiк көгалдандыру жүргiзуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

2) инженерлiк абаттандыру объектiлерiне, инженерлiк желiлердi реконструкциялау және салу, жерасты және жерүстi коммуникацияларына қызмет көрсету:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

кешендi ведомстводан тыс сараптаманың қорытындысы (мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысы) (мәлiметтер нысаны);

өсiп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйiн көрсете отырып, құрылыс (реконструкциялау) аумағында өсiп тұрған жасыл екпелерiн түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

өтемдiк ағаштарды отырғызудың жоспары, көшеттердi отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетiп, өтемдiк ағаштарды отырғызу бойынша кепiлдiк хат;

өтемдiк көгалдандыру жүргiзуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

3) бұрыннан бар объектiлердiң аумағын абаттандыру және эстетикалық түрге келтiру, жасыл екпелердiң сапалық және түрлiк құрамын жақсарту қажеттiгi:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысандағы өтiнiш;

жер учаскесiне құқығын беретiн құжаттың электрондық көшiрмесi ("Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" мемлекеттiк деректер базасында тiркелмеген жағдайда);

өсiп тұрған ағаштардың тұқымдық және сандық құрамын, олардың күйiн көрсете отырып, объектiнiң аумағында өсiп тұрған жасыл екпелерiн түгендеу және орман-патологиялық зерттеу материалдары;

өтемдiк ағаштарды отырғызудың жоспары, көшеттердi отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетiп, өтемдiк ағаштарды отырғызу бойынша кепiлдiк хат;

өтемдiк көгалдандыру жүргiзуге ұйыммен (мамандандырылған) жасалған шарт.

4) ағаштар мен бұталар жалпыға ортақ пайдаланылатын жерлерде өсiп тұрған кезде:

осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтiнiш;

өтемдiк ағаштарды отырғызудың жоспары;

көшеттердi отырғызуды аяқтаудың уақытын көрсетiп, өтемдiк ағаштарды отырғызу бойынша кепiлдiк хат.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк қызметтi көрсету кезiнде ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәлiметтердi пайдалануға келiсiм бередi.

Жеке тұлғаны куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу), өтiнiш берушiнiң дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы құжаттардың мәлiметтерiн көрсетiлетiн қызметтi берушi "электрондық үкiмет" шлюзi арқылы тиiстi мемлекеттiк ақпараттық жүйелерден алады.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы барлық қажеттi құжаттарды портал арқылы — көрсетiлетiн қызметтi алушының "жеке кабинетiнде" мемлекеттiк көрсетiлген қызметтiң нәтижесiн алу мерзiмi көрсетiлген мемлекеттiк қызметтi көрсетуге сұрау салуды қабылдау туралы мәртебесi көрсетiледi.

Көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлетiн қызметтi алушының құжаттарын алған сәттен бастап 2 (екi) жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактiсi анықталған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi берушi көрсетiлген мерзiмде өтiнiштi одан әрi қараудан дәлелдi бас тартады.

10. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту негiздемелерi:

1) көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердiң (мәлiметтердiң) анық еместiгiн анықтау;

2) көрсетiлетiн қызметтi алушының және (немесе) мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн ұсынылған материалдардың, объектiлердiң, деректердiң және мәлiметтердiң Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген талаптарға сәйкес келмеуi;

3) мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн келiсу туралы сұрауға уәкiлеттi мемлекеттiк органның терiс жауабы, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудiң немесе тексерудiң терiс қорытындысы;

4) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты оның қызметiне немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алуды талап ететiн жекелеген қызмет түрлерiне тыйым салу туралы соттың заңды күшiне енген шешiмiнiң (үкiмiнiң) болуы;

5) көрсетiлетiн қызметтi алушыға қатысты соттың заңды күшiне енген үкiмiнiң болуы, оның негiзiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы.

3-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды тұлғаларының шешiмдерiне, әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбi

11. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешiмдерiне, әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану: шағым көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының атына осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 13-тармағында көрсетiлген мекенжайлар бойынша берiледi.

Шағымдар көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жұмыс кестесiне сәйкес жазбаша нысанда поштамен, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң немесе кеңсесi арқылы қолма-қол қабылданады.

Шағымды қабылдаған адамның тегiн және аты-жөнiн, берiлген шағымға жауап алу мерзiмiн және орнын көрсете отырып, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесiнде шағымды тiркеу (мөртабан, кiрiс нөмiрi мен тiркеу күнi) оның қабылданғанын растау болып табылады.

Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаралуға тиiс.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы дәлелдi жауап көрсетiлетiн қызметтi алушыға пошта байланысы арқылы жiберiледi не көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсесi арқылы қолма-қол берiледi.

Портал арқылы жүгiнген кезде шағымдану тәртiбi туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы алуға болады.

Шағымды портал арқылы жiберген кезде көрсетiлетiн қызметтi алушыға "жеке кабинетiнен" көрсетiлетiн қызметтi берушi өтiнiштердi өңдеу барысында жаңартылып отыратын өтiнiш туралы ақпарат (шағымды жеткiзу, тiркеу, орындау туралы белгiлер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетiмдi болады.

Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органға шағыммен жүгiне алады.

Мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөнiндегi уәкiлеттi органның атына келiп түскен көрсетiлетiн қызметтi алушының шағымы тiркелген күнiнен бастап 15 (он бес) жұмыс күнi iшiнде қарауға жатады.

12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерiмен келiспеген жағдайда, көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпте сотқа жүгiнедi.

4-тарау. Мемлекеттiк қызметтi көрсету ерекшелiктерi ескерiле отырып қойылатын өзге де талаптар

13. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң мемлекеттiк қызметтi көрсету орындарының мекенжайлары:

1) www. miid.gov.kz — интернет-ресурсында;

2) порталда орналастырылған.

14. Көрсетiлетiн қызметтi алушы қашықтан қол жеткiзу режимiнде порталдағы "жеке кабинет" көмегiмен, сондай-ақ Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттiк қызметтi көрсету деңгейi мен қарастыру тәртiбi туралы ақпаратты ала алады.

15. Көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң анықтамалық қызметтерiнiң байланыс телефондары www.miid.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған, мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi жөнiндегi бiрыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.

Жүктеу (DOC 64 Kb)

Мақаланы құрған күні 11.06.2019 16:32
Мақаланы жаңартқан күні 11.06.2019 16:32
Қаралым саны: 246

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН