A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекет тарапынан кепілдік берілген

Алматы, Қазақстан.

Қазақстанда зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз ету бойынша бiрегей мемлекеттiк кепiлдiк моделi жұмыс iстейдi. Осы моделге сәйкес «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңының 5-бабы негiзiнде зейнетақы төлемдерiн алу құқығы туындаған шақта инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) мен мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының (МКЗЖ) жеке зейнетақы шотында жатқан зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемi есептеледi.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма төлемiн:

- зейнеткерлiк жасқа жеткен тұлғалар;

- мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген I және II топтағы мүгедектер;

- Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар алуға құқылы.

Айырма төлемiн алуға құқығы бар адам қайтыс болған жағдайда, бұл төлем ҚР Азаматтық кодексiнде белгiленген тәртiпте мұрагерге төленедi.

Мемлекеттiк кепiлдiк бойынша айырма сомасын есептеу және төлеудi «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының (КЕАҚ) филиалы (бұрынғы Зейнетақы төлемдерi жөнiндегi мемлекеттiк орталық) жүзеге асырады. Зейнетақы жинақтары бойынша бiр жолғы төлемдi алу үшiн осы ұйымға жүгiнiп, тиiстi өтiнiштi толтыру қажет.

Айырманы төлеу туралы өтiнiш қабылданған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ-ға жеке зейнетақы шотының болуы және МЗЖ мен МКЗЖ есебiнен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметтердi ұсыну жөнiнде хабарлама жiберiледi.

Өз кезегiнде БЖЗҚ хабарлама келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде сұралған мәлiметтердi электрондық форматта ұсынады.

«Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ БЖЗҚ-дан мәлiметтердi алған кезден бастап бiр жұмыс күнi iшiнде БЖЗҚ-дан алынған зейнетақы жинақтарының сомалары туралы мәлiметтердi тиiстi кезеңге арналған инфляцияның деңгейiн ескере отырып, зейнетақы жарналарының (МЗЖ, МКЗЖ) сомасымен салыстырып тексередi.

Егер БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарының сомасы:

- инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан артық немесе оған тең болғанда — айырма төлемi жүзеге асырылмайды және уәкiлеттi орган айырма төлемiн тағайындаудан бас тарту туралы шешiм шығарады;

- инфляция деңгейiн ескере отырып, нақты енгiзiлген МЗЖ, МКЗЖ сомасынан төмен болған жағдайда — «Азаматтарға арналған үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ бiр жұмыс күнi iшiнде айырма төлемi сомасын есептейдi. Республикалық бюджет есебiнен айырма төлемi алушының банк шотына аударылады.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң деректерi бойынша (Статистикалық бюллетень, «Секвестрленбейтiн республикалық бюджет бағдарламалары») мемлекеттiң зейнетақы жарналарының сақталуы бойынша кепiлдiктi мiндеттемелерi 2016 жылы — 11 615 млн. теңге, 2017 жылдың қаңтар-наурыз айлары үшiн — 2 589,0 млн. теңгенi құрады.

Толық ақпаратты «Азаматтарға арналған Үкiмет» Мемлекеттiк корпорациясы» коммерциялық емес акционерлiк қоғамының 1414 тегiн қысқа нөмiрiне қоңырау шалу арқылы алуға болады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 08.06.2017 12:11
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru