A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
«БЖЗҚ» АҚ басшылығы жауап береді...

Таяуда, ағымдағы жылдың сәуiр айында «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтында «Басқарма төрайымының блогы» жаңа сервисi iске қосылды. Ендi сол арқылы кез келген ниет бiлдiрушi азамат Қордың бiрiншi басшысына Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесi мен БЖЗҚ қызметi жайында тiкелей сұрақ қоя алады. Сонымен қатар сайт пайдаланушыларына Блог парақшасында ресми жауап қайтарылған сұрақтар мұрағатымен танысуға мүмкiндiк берiлген. Бiздiң редакция осы Блогта жарияланған, ең жиi қойылатын 5 сұрақты оқырмандар назарына ұсынуды ұйғарды.

- БЖЗҚ-ның зейнетақы жинақтарын инвестицияламайтынын оқыдым, сонда зейнетақы активтерiн кiм басқарады?

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының 35-бабына сәйкес Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн ҚР Ұлттық банкi сенiмгерлiкпен басқарады. Бұл заңды 2013 жылы Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдағанын еске сала кеткен жөн.

Бұл жерде зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру, инвестициялау бағыттары мен қаржы құралдарының тiзбесiн айқындау бойынша ұсыныстар әзiрлеу қызметi 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық қорды басқару жөнiндегi кеңеске жүктелген. Бұл Кеңестiң құрамына ҚР Ұлттық Банкiнiң, ҚР Есеп комитетiнiң, ҚР Парламентi Сенатының, Мәжiлiсiнiң төрағалары және қаржы-экономикалық блоктың министрлерi енген.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылады.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңестiң құрамына: Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң екi өкiлi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң екi депутаты, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң екi өкiлi және Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi кеңес мүшелерiнiң жалпы санының отыз пайызынан саны кем болмайтын тәуелсiз сарапшылар кiредi.

Зейнетақы активтерi сатып алуға рұқсат етiлген қаржы құралдарына ғана инвестицияланады. Ал олардың тiзбесi жыл сайын ҚР Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiлiп отырады. Бұл қаржы құралдарының құрамында Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегi банктерiнiң борышқорлық құнды қағаздарымен қатар, теңге, шетелдiк валюта және алтынмен салынған депозиттер бар.

Осылайша елiмiзде зейнетақы активтерiн басқару бойынша шешiмдер қабылдаудың көпдеңгейлi жүйесi құрылған.

БЖЗҚ инвестициялық портфелiнiң құрылымы туралы бүкiл ақпарат, ҚР ҰБ Басқармасының 2013 жылғы 26 шiлдедегi №199-шы қаулысына сәйкес, тоқсан сайын БЖЗҚ интернет ресурсында және бұқаралық ақпарат құралдарында жария етiледi.

Бұл ақпараттар сондай-ақ зейнетақы активтерi есебiнен қалыптастырылған инвестициялық портфельдiң құрылымы туралы мәлiметтерден тұрады.

Сәйкесiнше бұл мәлiметтердiң құрамында эмитенттер, қаржы құралдарының түрлерi, қаржы құралдары номинирленген валюталар, сондай-ақ, БЖЗҚ инвестициялық портфелiндегi қаржы құралдарының үлестiк салмағы, атаулы және ағымдағы құны туралы мағлұматтар бар.

Аталған мәлiметтер Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының интернет-ресурсында онлайн-режiмiнде «Инвестициялық қызмет — «Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң құрылымы» бөлiмiнде қол жетiмдi.

- Зейнетақы Қорынан ақшаны зейнеткерлiк жасқа жетпей жатып алуға бола ма?

Ағымдағы заң талаптарына сәйкес БЖЗҚ-дағы зейнетақы жинақтарын

зейнеткерлiк жасқа жетпей жатып пайдалануға болмайды. Өйткенi, мiндеттi зейнетақы жарналарын аударудағы басты стратегиялық мақсат — зейнеткерлiкке шыққан салымшының тiршiлiгiн қажеттiлiгiн қамтамасыз ету.

Зейнетақы жинақтарын мерзiмiнен бұрын алу мәселесi әр түрлi деңгейде бұған дейiн талай рет талқыланған. Мысалы, кейбiр елдерде «артығымен жинақталған» зейнетақы жинақтарын (зейнеткерлiкке шыққан кезде өмiр сүруге жеткiлiктi ең төмен зейнетақы жинағы мөлшерiнен артық сома) емделуге, бiлiм алуға және басқа да мақсаттарға жұмсау көзделген. Бiрақ, Қазақстанда қазiргi таңда заңнамалық деңгейде бұл бастамалар жүзеге асырылған жоқ.

Бүгiнгi таңда ағымдағы заңнама аясында БЖЗҚ-дан мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ), мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебiнен зейнетақы төлемдерi «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңында көрсетiлген жағдайлар туындағанда, яғни ерлер 63 жасқа, әйелдерге 58 жасқа толғанда (бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындау: 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 58,5 жасқа толғанда; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59 жасқа толғанда; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 59,5 жасқа толғанда; 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60 жасқа толғанда; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 60,5 жасқа толғанда; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61 жасқа толғанда; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 61,5 жасқа толғанда; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62 жасқа толғанда; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 62,5 жасқа толғанда; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап 63 жасқа толғанда) және мүгедектiгi мерзiмсiз болып белгiленген бiрiншi және екiншi топтағы мүгедек жандарға төлене бастайды.

Сонымен қатар, жоғарыда айтылған жағдайлар туындағанға дейiн, Сiз өзiңiздiң зейнетақы жинақтарыңызды зейнетақы шотыңыздағы қаражатыңыз ең төмен зейнетақы мөлшерiнен кем емес төлемдi қамтамасыз етуге жеткiлiктi болған кезде сақтандыру ұйымдарының бiрiмен зейнетақы аннуитетi шартын жасасу арқылы ала аласыз.

Бұл ретте осы заңның 59-бабының 1-тармағына сәйкес, ерлер 55 жасқа толғанда; әйелдер 50 жасқа толғанда;

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап — 50,5 жасқа;

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51 жасқа;

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап — 51,5 жасқа;

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52 жасқа;

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап — 52,5 жасқа;

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53 жасқа;

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап — 53,5 жасқа;

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54 жасқа;

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап — 54,5 жасқа;

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 55 жасқа толғанда зейнетақы аннуитетi шартын жасасуға құқылы.

Зейнетақы жинақтарының нақты жеткiлiктi мөлшерi сақтандыру ұйымдарымен жасалатын зейнетақы аннуитетi шартының шарттарымен белгiленедi.

Әрбiр сақтандыру ұйымы зейнетақы аннуитетi шартын жасасу үшiн қажет болатын зейнетақы жинағының жеткiлiктi мөлшерiн дербес есептейдi.

Дегенмен, зейнетақы аннуитетi шарты негiзiнде салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымдарына аудару тәжiрибесiне сүйенiп айтар болсақ, зейнетақы жинақтарының сомасы 55 жастағы ерлер үшiн шамамен 7 млн. теңге, ал 50 жастағы әйелдер үшiн шамамен 9,8 млн. теңгенi құрайды.

Зейнетақы жинақтарын сақтандыру компаниясына аудару туралы шешiм қабылдай отырып, зейнетақы аннуитетi шартын тиянақты оқу қажет. Бұл жерде бiр жолғы төлемдер мен жылдық төлемдердiң мөлшерiне, кепiлдендiрiлетiн кезеңге баса назар аударған жөн.

- Айтыңызшы, мен азаматтығы жоқ адаммын, Ресейде тұруға ықтияр хатым бар. Осыған байланысты өзiмнiң зейнетақы жинақтарымды ала аламын ба?

БЖЗҚ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпте зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыруға мiндеттi.

Бұл тәртiп, сондай-ақ қажеттi құжаттар тiзбесi Қазақстан Респуб-ликасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 қазан¬дағы №1042 қаулысымен бекiтiлген Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен қалыптасқан зейнетақы жинақтарынан зейнет¬ақы төлемдерiн жүзеге асыру қағида-ларында айқындалған.

Мысалы, онда 8-тармақ мынадай редакцияда жазылған:

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен зейнетақы жинақ¬тары бар шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар өздерi өтiнiш жасаған кезде БЖЗҚ-ға:

1)зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiш;

2)егер Қазақстан Республикасы ратифи¬кациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, шетелдiк паспорттың көшiрмесiн және салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасын;

3)алушының банк шоты туралы мәлiмет¬тердi ұсынады.

«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жеке басын куәландыратын және құқықтық мәртебесiн растайтын, Қазақстан Республикасы мойындайтын бiрден бiр құжат — шетелдiк паспорт болып табылады.

Сондықтан зейнетақы төлемдерiн алу үшiн ықтияр хат емес, шетелдiк паспорт қажет.

- Таяуда зейнетақы шотыма мемлекеттiк кепiлдiк бойынша өтемақы келiп түстi. Бұл соманы есептейтiн әдiстеме бар ма және оны қай жерден көруге болады?

Зейнетақы жинақтары бойынша мемлекет кепiлдiгi сомасын есептеу әдiстемесi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2014 жылғы 10 сәуiрдегi

№ 341 қаулысымен бекiтiлген «Зейнетақы төлемдерiн алушыларға бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы мiндеттi зейнетақы жарналарының, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарының нақты енгiзiлген мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары мөлшерiнде сақталуы бойынша мемлекет кепiлдiктерiн инфляцияның деңгейiн ескере отырып, орындау қағидаларымен» айқындалады.

Бұл Қағидалармен бiздiң сайтта мына сiлтеме бойынша таныса аласыз:

http://www.enpf.kz/upload/medialibrary/5a0/5a0d0bc5364d4727771a3bdf67b7acaa.pdf

- Ұялы қосымшаны телефонға қалай жүктеуге және зейнетақы шоты бойынша үзiндi-көшiрменi қалай көруге болады?

Смартфондар мен планшеттерге арналған, әр түрлi операциялық жүйелерде жұмыс iстейтiн ENPF ұялы қосымшасы Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары мен алушыларына арналған.

Қосымшаның функционалы Қор туралы маңызды ақпараттарды, сондай-ақ зейнетақы шотының жай-күйi туралы мәлiметтердi алуға мүмкiндiк бередi.

ENPF ұялы қосымшасын сiз App Store (iOS платформасы үшiн), Play Market (Android платформасы үшiн) және Microsoft Store (Windows Phone және Windows Mobile платформалары үшiн) қосымшылар дүкенiнен тегiн жүктеп ала аласыз.

Авторлану үшiн логин және құпия сөз (пароль) керек. Солардың көмегiмен салымшы (алушы) Қор сайтында жеке кабинетке кiре алады. Қазiргi таңда логин ретiнде өзiңiздiң жеке сәйкестендiру нөмiрiңiздi (ЖСН) енгiзсеңiз болғаны.

Егер Сiз хабарлау тәсiлi ретiнде интернет-хабарландыру қызметiн таңдаған болсаңыз сайттың жеке кабинетiне тiркеле аласыз. Ал егер оны таңдамаған болсаңыз, БЖЗҚ жергiлiктi бөлiмшесiне жеке басыңызды куәландыратын куәлiгiңiзбен келiп, хабарлау тәсiлiн өзгерту/анықтау туралы қосымша келiсiмге қол қоюыңыз қажет. Бұл операция 2-3 минут уақытта ғана алады.

Бұдан кейiн Сiз бiздiң мамандардың көмегiмен сайтта тiркеле аласыз.

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.05.2017 18:25
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru