«Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 10 тамыздағы
№ А-8/383 қаулысымен
бекiтiлдi

"Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 23.01.2017 № А-2/20 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының сәулет және қала құрылысы бөлiмдерiмен (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетiледi.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижелерiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — мемлекеттiк корпорация);

2) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау бойынша анықтама алу үшiн ("Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiнде ақпарат болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiредi) "электрондық үкiмет" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесi: — Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11018 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын нақтылау бойынша анықтама беру, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын (тарихымен) нақтылау бойынша анықтама беру, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжай беру туралы анықтама беру, жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң жою туралы анықтама немесе мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.

Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 15.12.2017 № А-12/587 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң мiндетiн атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 257 бұйрығымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11018 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағындакөрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру кезде ("Мекенжай тiркелiмi" ақпараттық жүйесiнде (одан әрi — МТАЖ) жылжымайтын мүлiк объектiсi мекенжайының өзгеруi туралы мұрағаттық мәлiметтер болмаған кезде):

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттардың қабылдауды және тiркеудi iске асырады — 15 минут;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушы келiп түскен құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi, анықтаманы дайындайды — 1 жұмыс күнi;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы анықтаманы тексередi және қол қояды — 1 сағат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi анықтаманы жолдайды — 15 минут;

2) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне бару және мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, оны МТАЖ мiндеттi түрде тiркеу арқылы жылжымайтын мүлiк объектiсiне мекенжай беру немесе жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын қысқарту туралы анықтама беру кезiнде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы келiп түскен құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне баруды жүзеге асырады, анықтаманы дайындайды — 4 жұмыс күнi;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы анықтаманы тексередi және қол қояды — 1 сағат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, деректердi МТАЖ тiркеудi жүргiзедi — 15 минут;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi анықтаманы жолдайды — 15 минут.

Ескерту. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 15.12.2017 № А-12/587 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

6. Келесi рәсiмдердiң (iс-қимылдың) орындалуына негiз болатын мемлекеттiк қызметтi көрсету бойынша рәсiмнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша кезде (МТАЖ жылжымайтын мүлiк объектiсi мекенжайының өзгеруi туралы мұрағаттық мәлiметтер болмаған кезде):

құжаттарды қабылдау және тiркеу;

жауапты орындаушыны анықтау;

құжаттарды тексеру;

анықтаманы дайындау;

анықтамаға қол қою;

мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн жолдау;

2) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне бару және мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, оны МТАЖ мiндеттi түрде тiркеу арқылы жылжымайтын мүлiк объектiсiне мекенжай беру немесе жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын қысқарту кезiнде:

құжаттарды қабылдау және тiркеу;

жауапты орындаушыны анықтау;

құжаттарды тексеру, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне бару, анықтаманы дайындау;

анықтамаға қол қою;

МТАЖ анықтаманы тiркеу;

мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн жолдау.

Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 15.12.2017 № А-12/587 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

3. Мемлекеттiк қызметтердi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесi:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) кезеңдiлiгiн сипаттау:

1) жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң мекенжайын тарихымен нақтылау бойынша анықтама беру кезде (МТАЖ жылжымайтын мүлiк объектiсi мекенжайының өзгеруi туралы мұрағаттық мәлiметтер болмаған кезде):

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттардың қабылдауды және тiркеудi iске асырады — 15 минут;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушы келiп түскен құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi, анықтаманы дайындайды — 1 жұмыс күнi;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы анықтаманы тексередi және қол қояды — 1 сағат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi анықтаманы жолдайды — 15 минут;

2) жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне бару және мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, оны МТАЖ мiндеттi түрде тiркеу арқылы, жылжымайтын мүлiк объектiсiне мекенжай беру немесе жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын қысқарту туралы анықтама беру кезiнде:

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдауды және тiркеудi жүзеге асырады — 15 минут;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны анықтайды — 1 сағат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы келiп түскен құжаттардың толықтығын және сәйкестiгiн тексередi, жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң орналасқан жерiне баруды жүзеге асырады, анықтаманы дайындайды — 4 жұмыс күнi;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы анықтаманы тексередi және қол қояды — 1 сағат;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы мекенжайдың тiркеу кодын көрсете отырып, деректердi МТАЖ тiркеудi жүргiзедi –15 минут;

көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi анықтаманы жолдайды — 15 минут.

Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 15.12.2017 № А-12/587 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

4. Мемлекеттiк корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзараiс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн өңдеудiң ұзақтығы:

1-процесс –мемлекеттiк корпорацияның қызметкеры ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының (не өкiлi нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша) өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттардың қабылданған күнi мен уақытын көрсете отырып, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, мемлекеттiк корпорацияның қызметкеры құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — 5 тармағында осы қызметтi берушiнiң регламенттiң рәсiмдерi (қолданылу) көрсетiлген;

3-процесс — мемлекеттiк корпорация қызметкеры көрсетiлетiн қызметтi алушы (не өкiлi нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша) тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтiң нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорация нәтиженi бiр ай мерзiм iшiнде сақтауды қамтамасыз етедi, содан кейiн нәтиже одан әрi сақтау үшiн көрсетiлетiн қызметтi берушiге жiберiледi. Бiр ай өткен соң көрсетiлетiн қызметтi алушы өтiнiш жасаған кезде мемлекеттiк корпорацияның сұрауы бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушi бiр жұмыс күнiнiң iшiнде көрсетiлетiн қызметтi алушыға беру үшiн мемлекеттiк корпорацияға дайын құжаттарды жiбередi.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң ең көп рұқсат берiлген уақыты — 15 минут;

қызмет көрсетудiң ең ұзақ жол берiлетiн уақыты — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не өкiлi нотариалды куәландырылған сенiмхат бойынша) өтiнiш бiлдiрген кезде мемлекеттiк қызметтi көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi мемлекеттiк корпорацияға:

жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң мекенжайын нақтылау, мекенжай беру және мекенжайын жою бойынша анықтама алу үшiн:

Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жылжымайтын мүлiкке құқықтары (ауыртпашылықтары) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамасы (анықтаманы ақпараттық жүйеден алу мүмкiндiгi болса — қажетемес);

жылжымайтын мүлiк объектiсiне мекенжай (алдын-ала) беру бойынша анықтама алу үшiн:

Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтiнiш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн);

жер учаскесiн құрылыс мақсаттарына ұсыну туралы жергiлiктi ақтарушы органның шешiмi немесе төменде көрсетiлген құжаттардың бiрi:

сәйкестендiру құжаты;

шарт (алдын-ала, инвестициялау, сатып-алу);

мұрагерлiк құқық туралы куәлiк.

Ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды көрсетiлетiн қызметтi алушыдан талап етуге жол берiлмейдi.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушы мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өтiнiш бiлдiру тәртiбi мен рәсiмдер (iс-қимылдар) кезеңдiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН) және бизнес-сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — БСН), сондай-ақ паролiнiң (Порталда тiркелмеген көрсетiлетiн қызметтi алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен Порталда тiркеудi iске асырады;

1-процесс — қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының ЖСН/БСН және паролiн енгiзу процесi (авторизация процесi);

1-шарт — Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушы туралы деректердiң түпнұсқалығын тексеру;

2-процесс — Порталдың көрсетiлетiн қызметтi алушының деректерiнде бұзушылықтардың болуына байланысты авторизациядан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;

3-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының осы Регламентте көрсетiлген қызметтi таңдап алуы, қызмет көрсету үшiн сауал түрiн экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түрiне Стандарттың 9-тармағындакөрсетiлген электрондық түрдегi қажет құжаттардың көшiрмелерiн бекiтумен қызмет алушының үлгiлердi толтыруы (деректердi енгiзу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдап алуы;

2-шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданыс мерзiмiн және шақыртып алынған (жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде жоқтығын, сондай-ақ сәйкестендiру деректерiнiң сәйкестiгiн тексеру (сауалда көрсетiлген ЖСН/БСН мен ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН/БСН арасындағы);

4-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығы расталмағандығына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;

5-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеуi үшiн "электрондық үкiмет" аймақтық шлюзы автоматтандырылған жұмыс орнында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-мен расталған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысты) бағыттау;

3-шарт — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен көрсетiлетiн қызметтi алушы қоса берген Стандарта көрсетiлген құжаттарды және қызмет көрсету үшiн негiздердi сәйкестiкке тексеруi;

6-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының құжатында бұзушылықтардың орын алуына байланысты сұраныс салынған көрсетiлетiн қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;

7-процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушымен Портал қалыптастырған қызмет нәтижесiн (электрондық құжат түрiндегi хабарлама) алуы. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң уәкiлеттi тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында келтiрiлген.

Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметшiлерiнiң) өзара әрекетiнiң, рәсiмдер (әрекеттер) кезеңдiлiгiнiң толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде басқа да көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) Мемлекеттiк корпорациямен өзара әрекет етудiң тәртiбiн және ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiн сипаттау осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOC 206 Kb)

Мақаланы құрған күні 08.02.2017 10:41
Мақаланы жаңартқан күні 05.02.2018 18:59
Қаралым саны: 782

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН