«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Ақмола облысы әкімдігінің
2015 жылғы 20 шілдедегі 
№ А-8/347 қаулысымен  
бекітілді       

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО) және (немесе) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталдары (бұдан әрі – портал) арқылы «Ақмола облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының автомобиль жолдары саласындағы жергілікті атқарушы органдарымен көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз.
      3. Облыстық және аудандық маңызы бар (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде жарнама объектісін орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт) берілуі көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің (қызметкерлердің) құрылымдық бөлімшелерінің әрекет ету тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 529 бұйрығымен бекітілген «Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды, оларды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут. Нәтижесі - өтінішті басшыға жіберу;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны белгілейді – 30 минут. Нәтижесі – жауапты орындаушыны белгілеу;
      3) жауапты орындаушы құжаттардың қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспортты дайындап нәтижесін басшыға жолдайды - 3 жұмыс күні. Нәтижесі құжаттарды басшылыққа қол қою үшін жіберу;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспортты қол қояды – 30 минут. Нәтижесі құжаттарды кеңсеге жіберіледі;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді – 15 минут. Нәтижесі облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға паспорт беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетiлетiн қызметтi берушiнің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процесінде көрсетiлетiн қызметтi берушiнің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметтi берушi кеңсесінің қызметкері;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
      3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің жауапты орындаушысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтылығын көрсету арқылы құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) арасында рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:
      1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесі құжаттарды қабылдайды және рұхсаттар мен мәлімдемелердің мемлекеттік ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) тіркейді – 15 минут;
      2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің басшылығы құжаттармен танысады және құжаттарды жауапты орындаушыға жолдайды – 30 минут;
      3) жауапты орындаушы оларды қойылатын талаптарға сәйкестілігіне қарастырады, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының жолға бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспортты даярлайды және нәтижесін басшыға қол қоюға жолдайды – 3 жұмыс күні;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыру паспортына қол қояды – 30 минут;
      5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнің кеңсесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді – 15 минут.

4. ХҚКО және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      8. ХҚКО өтініш білдіру тәртібін сипаттау, мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің сұрау салуын өңдеу ұзақтылығы:
      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алу үшін ХҚКО өтініш білдіреді;
      2) ХҚКО қызметкері өтініштің дұрыс толтырылғанын, құжаттардың толықтығын тексереді және көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады - 15 минут;
      Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.
      3) ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыдан Қазақстан Республикасының заңдарымен басқалай жағдайлар қарастырылмаған жағдайда, ақпараттық жүйелерде болатын, заңмен қорғалатын құпиядан тұратын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады - 5 минут;
      4) ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы тұлғасының сәйкестілігін тексереді, көрсетілетін қызметті алушы туралы тиісті ақпарат және берілген құжаттардың тізімін енгізеді - 5 минут;
      5) ХҚКО қызметкері құжаттардың топтамасын қабылдау туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесін береді – 15 минут.
      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының өтініш білдіру тәртібін және рәсімдерінің (іс-қимылдарының) кезеңділігін сипаттау.
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады) өзінің электронды цифрлық қол таңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен Порталда тіркеуді іске асырады;
      2) 1-процесс - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің компьютерінен көрсетілетін қызметті алушының интернет-браузерінде бекіту, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін Порталға көрсетілетін қызметті алушымен парольды енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – жеке сәйкестендіру нөмірінің логині және бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН/БСН) мен пароль арқылы көрсетілетін қызметті алушының Порталда тіркелгендігі туралы мәліметтердің растығын тексеру;
      4) 2-процесс - көрсетілетін қызметті алушының деректерінде орын алған бұзушылықтарға байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны Порталға қалыптастыру;
      5) 3-процесс - осы регламентте көрсетілген ақпараттық жүйесіндегі қызметтерді көрсетілетін қызметті алушымен таңдау, қажетті құжаттарды электронды түрде сұрау салу нысанын бекітумен оның құрылымы мен форматты талаптарын ескере отырып, көрсетілетін қызметті алушымен нысанды (деректерді енгізу) толтыру және қызмет көрсету үшін сауал нысанын экранға шығару;
      6) 4-процесс - «электрондық үкіметтің» шлюзіне көрсетілген қызмет үшін төлемін жүргізу, содан кейін бұл ақпарат «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) ақпараттық жүйесіне түседі;
      7) 2-шарт - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеу фактісін тексеру;
      8) 5-процесс - «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасында (бұдан әрі – «Е-лицензиялау» МДБ АЖ) көрсетілетін қызмет үшін төлеақы болмаған жағдайда, құжаттарды қабылдауға бас тартылғаны туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6-процесс - сауалды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ көсретілетін қызметті алушымен тіркеу куәлігін таңдау;
      10) 3-шарт - ЭЦҚ тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін Порталда және тізімде кері шақырып алынған (күшін жою) тіркеу куәліктерінің жоқ болуын, сондай-ақ ЭЦҚ тіркеу куәліктерінде көрсетілген ЖСН/БСН және сауалда көрсетілген ЖСН/БСН арасында сәйкестендіру деректерінің сәйкес келуін тексеру;
      11) 7-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы қызмет көрсетуге толтырылған сауал нысанын (енгізілген деректер) куәландыру (қол қою);
      13) 9-процесс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ электронды құжатты тіркеу (көрсетілетін қызметті алушының сауалы) және «Е-лицензиялау» МДБ АЖ сауалды өңдеу;
      14) 4-шарт - көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметті алушының лицензия беру үшін біліктілік талаптарға және негіздемелерге сәйкестілігін тексеру;
      15) 10-процесс - «Е-лицензиялау» МДБ АЖ көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтарға байланысты сұрау салынған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      16) 11-процесс - көрсетілетін қызметті алушымен Порталмен қалыптастырылған қызмет (электронды лицензия, қайта рәсімдеу, лицензия түпнұсқаларын беру, қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап) нәтижесін алу. Электронды құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қолданумен қалыптасады.
      Портал арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуге қатысқан ақпараттық жүйелердің өзара әрекеті қызметінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында берілген.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен және (немесе) ХҚҚО және өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде, жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерлерінде сыртқы (көрнекі) жарнама орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (DOC 256 Kb)

Мақаланы құрған күні 08.02.2017 10:29
Мақаланы жаңартқан күні 12.06.2017 15:16
Қаралым саны: 896

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН