«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

 

Ақмола облысы әкімдігінің     
2015 жылғы 14 қыркүйектегі № А-9/429
қаулысымен бекітілді     

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспорттарын беру бөлігінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетілді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны – электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік көрсетілген қызмет нәтижесі – «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру (бұдан әрі – дайындық паспорты).
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 281 бұйрығымен бекітілген Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көретілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
      1) кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут;
      2) басшысы құжаттармен танысады, орындаушының жауапкершілігін анықтайды – 3 сағат;
      3) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алу үшін барлық шарттардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың толық болуын қарайды. Ұсынылған құжаттардың толық мазмұны болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 5 жұмыс күні;
      4) жауапты орындаушы құжаттарды дайындап, комиссияның қарауына ұсынады – 2 күнтізбелік күн;
      5) комиссия құжаттарды қарауды жүзеге асырады – 16 күнтізбелік күн;
      6) жауапты орындаушы хаттамалық шешімнің негізінде дайындық паспортын немесе дайындық паспортын беруден бас тартуды дайындайды – 2 күнтізбелік күн;
      7) басшы дайындық паспортына немесе дайындық паспортын беруден бас тарту туралы құжатқа қол қояды – 20 минут;
      8) жауапты орындаушы дайындық паспортын тіркейді, көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды – 30 минут.
      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) өтінішті қабылдау және тіркеу;
      2) орындаушының жауапкершілігін анықтау;
      3) құжаттардың толық мазмұны болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту туралы дайындау;
      4) комиссия қарауына құжаттар жолдау;
      5) хаттамалық шешімге қол қою;
      6) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау;
      7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қою;
      8) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) кеңсенің қызметкері;
      2) басшы;
      3) жауапты орындаушы;
      4) комиссия.
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) кезеңділігін сипаттау:
      1) кеңсенің қызметкері құжаттарды қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады – 15 минут;
      2) басшысы құжаттармен танысады, орындаушының жауапкершілігін анықтайды – 3 сағат;
      3) жауапты орындаушы қызмет алушы барлық қуаттардың және жылу желілерінің (магистральдық, орамішілік) жылыту қазандықтарына күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын (бұдан әрі – дайындық паспорты) алу үшін барлық шарттардың орындалғанын растайтын ұсынылған құжаттардың толық болуын қарайды. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды дайындалады – 5 жұмыс күні;
      4) жауапты орындаушы құжаттарды дайындап, комиссияның қарауына ұсынады – 2 күнтізбелік күн;
      5) комиссия құжаттарды қарауды жүзеге асырады – 16 күнтізбелік күн;
      6) жауапты орындаушы хаттамалық шешімнің негізінде дайындық паспортын немесе дайындық паспортын беруден бас тарту туралы құжат дайындайды – 2 күнтізбелік күн;
      7) басшысы дайындық паспортына немесе дайындық паспортын беруден бас тарту туралы құжатқа қол қояды – 20 минут;
      8) жауапты орындаушы дайындық паспортын тіркейді, қызмет алушыға жолдайды – 30 минут.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін және өтініш білдіру тәртібінің сипаттау:
      1) жеке сәйкестендірме нөмірінің (бұдан әрі - ЖСН) және бизнес сәйкесетендірме номерінің (бұдан әрі - БСН), ал сондай-ақ парольдің (Порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушы үшін жүзге асырылады) көмегімен көрсетілетін қызметті алушы Порталда тіркеуді жүзге асырады;
      2) 1-процесс – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушының Порталда ЖСН/БСН және паролін енгізу үдерісі (авторизация үдерісі).
      3) 1-шарт – Порталда ЖСН/БСН және пароль арқылы тіркелген қызмет алушы туралы деректердің төлтумалылығын тексеру;
      4) 2-процесс – Порталдың көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бар бұзушылықтармен байланысты авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыруы;
      5) 3-процесс - көрсетілетін қызметті алушының осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдап алуы, қызмет көрсету үшін сауал түрін экранға шығару және құрылымдық пен форматтық талаптарын ескере отырып, сауал түріне электрондық түрдегі стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды бекітумен қызмет алушының үлгілерді толтыруы (деректерді енгізу), сондай-ақ сауалды куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдап алуы.
      6) 2-шарт – Порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданыс мерзімін және қайта шақыртып алынған (жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде жоқ екендігін, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің (сауалда көрсетілген ЖСН/БСН және ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген ЖСН/БСН арасында) сәйкестігін тексеру;
      7) 4-процесс - көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ төлтумалылығының расталмауына байланысты сұратып отырған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
      8) 5-процесс - көрсетілетін қызметті берушімен сұрау салуды өңдеу үшін «электрондық үкімет» өңірлік шлюздің автоматтандырылған жұмыс орнында (бұдан әрі - ЭҮАШ АЖО) «электрондық үкіметі» шлюзі арқылы (бұдан әрі-ЭҮШ) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушы) жолдау;
      9) 3-шарты - Стандартта көрсетілген, көрсетілетін қызметті алушымен қоса берілген құжаттардың сәйкес келуін және көрсетілетін қызметі үшін негіздердің сәйкес келуін көрсетілетін қызметті берушімен тексеру;
      10) 6-процесс - көрсетілетін қызметті алушының құжаттарында бұзушылықтардың бар болуына байланысты сұраныс салынған, көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарламаны құрастыру;
      11) 7-процесс - Порталмен құрастырылған көрсетілетін қызметтің нәтижесі (электрондық құжаттың нысанындағы ескерту) көрсетілетін қызметті алушымен алынды. Көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен бірге электрондық құжат қалыптастырылады.
      Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара әрекет етуінің диаграммасы осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процеcінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметшілері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін нақтылы сипаттау осы регламенттің 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілді.

«Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (DOC 254 Kb)

Мақаланы құрған күні 08.02.2017 10:31
Мақаланы жаңартқан күні 12.06.2017 15:21
Қаралым саны: 873

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН