«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2018 жылғы 19 сәуiрдегi
№ А-4/166 қаулысымен
бекiтiлдi

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

1. Жалпы ережелер

1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) Ақмола облысының аудандарының, Көкшетау және Степногорск қалаларының тұрғын үй қатынастары саласындағы жергiлiктi атқарушы органдарының құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушi;

2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң формасы: қағаз түрiнде.

3. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесi:

1 — кезең: тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шешiмi немесе жазбаша түрде дәлелдi бас тартуы;

2–кезең: тұрғын үйдi мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан коммуналдық жекеменшiкке берген жағдайда беру туралы шешiм шығарылған күннен бастап Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылдың 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Тұрғын үй беретiн орган жекешелендiруге жататын тұрғын үйдi коммуналдық тұрғын үй корына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бiр рет көрсетiлетiн қызметтi алушыға төленуiтиiс сома көрсетiлген тұрғын үйдiң құны туралы анықтама берiледi;

3–кезең: қызмет берушi мен қызмет алушы арасында тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарт жасау.

Тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарт жасалғаннан кейiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 2 шiлдедегi № 673 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру қағидаларының (бұдан әрi — Қағидалар) 23-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде жергiлiктi бюджетке төленуi тиiс тұрғын үйдiң құнын төлеу жүргiзiледi.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: қағаз түрiнде.

2. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет үдерiсiнде қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-әрекет ету тәртiбiнiң сипаттамасы

4. Мемлекеттiк қызметтi алу үшiн көрсетiлетiн қызметтi алушы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 9 сәуiрдегi № 319 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11015 болып тiркелген) "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының (бұдан әрi — Стандарт) 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.

5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1–кезең:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдайды және тiркейдi — 20 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарын тұрғын үй комиссиясының қарауына жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

4) тұрғын үй комиссиясы отырысында қызмет алушының өтiнiшi мен құжаттары қаралады және тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шешiмi немесе дәлелдi бас тартуды қабылдайды — 20 күнтiзбелiк күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

2–кезең:

тұрғын үйдi мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан коммуналдық меншiкке берген жағдайда тұрғын үйдi мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына беру мүлiктi қабылдау-беру актiсiнiң бекiтуiмен жүргiзедi — 30 күнтiзбелiк күн.

3–кезең:

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарттың жобасын дайындайды — 25 күнтiзбелiк күн;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қызмет алушымен бiрге шартты жасайды — 1 күнтiзбелiк күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi шарттын бередi — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1–кезең:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушысын белгiлеу;

3) тұрғын үй комиссиясының қарауына құжаттарды жолдау;

4) тұрғын үй комиссиясының шешiмi немесе дәлелдi бас тарту;

5) мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтиженi беру.

2–кезең:

1) қабылдау-беру актiсi.

3–кезең:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушысын белгiлеу;

3) шарттың жобасы;

4) шартты жасау;

5) шартты беру.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызмет берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылы тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) тiзбесiн:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы;

4) тұрғын үй комиссиясы.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiнiң сипаттау:

1–кезең:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдайды және тiркейдi — 20 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы құжаттарын тұрғын үй комиссиясының қарауына жолдайды — 1 күнтiзбелiк күн;

4) тұрғын үй комиссиясы отырысында қызмет алушының өтiнiшi мен құжаттары қаралады және тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шешiмi немесе дәлелдi бас тартуды қабылдайды — 20 күнтiзбелiк күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет нәтижесiн бередi — 20 минут.

2–кезең:

тұрғын үйдi мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан коммуналдық меншiкке берген жағдайда тұрғын үйдi мемлекеттiк кәсiпорындар және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй қорынан коммуналдық тұрғын үй қорына беру мүлiктi қабылдау-беру актiсiнiң бекiтуiмен жүргiзедi — 30 күнтiзбелiк күн.

3–кезең:

1) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi құжаттарды қабылдайды және тiркейдi — 20 минут;

2) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы құжаттармен танысады және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң жауапты орындаушысы тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарттың жобасын дайындайды — 25 күнтiзбелiк күн;

4) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң басшысы қызмет алушымен бiрге шартты жасайды — 1 күнтiзбелiк күн;

5) көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң кеңсе қызметкерi шарттын бередi — 20 минут.

4. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде Мемлекеттiк корпорациясымен өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттарды қабылдаған күнi мен уақыты көрсетiлген құжаттарды қабылдау туралы қолхат бередi;

1-шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттiк корпорация қызметкерi құжаттарды қабылдаудан бас тартады және Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2-процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң осы регламенттiң 5-тармағында қаралған рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3-процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тиiстi құжаттарды қабылдау туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде көрсетiлетiн қызметтi алушыға мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтi көрсетудiң дайын нәтижесiн бередi.

Құжаттар топтамасын тапсыру үшiн күтудiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Қызмет көрсетуiнiң рұқсат етiлген ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша оның өкiлi) көрсетiлетiн кызметтi берушiге немесе Мемлекеттiк корпорацияға алушы өтiнiш берген кезде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

1) 1-кезең:

көрсетiлетiн қызметтi берушiге:

өздерi тұратын үй-жайларын жекешелендiруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтiнiш (еркiн нысанда);

көрсетiлетiн қызметтi алушы мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке басты куәландыратын құжаттарды көшiрмелерi;

некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттiлiгiне қарай) куәлiктердiң көшiрмелерi;

жалдау (жалға алу) шартының не тұрғын үй ордерiнiң көшiрмесi;

аумақтық әдiлет органының анықтамасы (өтiнiш берушiде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерiнде Қазақстан Республикасы бойынша меншiк құқығында оларға тиесiлi тұрғын үйдiң жоқ немесе бар екендiгi туралы);

анықтама бюросының немесе ауылдық округ әкiмiнiң тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтамасы;

өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерi деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы оларды өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерi деп тану туралы сот шешiмiн ұсынады;

халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша көрсетiлетiн қызметтi алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжатты ұсынады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi, судьялар және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн қосымша ұсынады. Ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;

тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша берешектiң жоқ екендiгiн растайтын құжат;

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендiрген жағдайда — мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi меншiгiне өтеусiз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжат;

Мемлекеттiк корпорацияға: өздерi тұратын үй-жайларын жекешелендiруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтiнiш (Стандартына 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша);

көрсетiлетiн қызметтi берушi мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке басты куәландыратын құжаттары (сәйкестендiру үшiн);

некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттiлiгiне қарай) куәлiктерi;

жалдау (жалға алу) шартының не тұрғын үй ордерiнiң көшiрмесi;

көрсетiлетiн қызметтi алушының отбасы мүшелерi деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы оларды көрсетiлетiн қызметтi алушының отбасы мүшелерi деп тану туралы сот шешiмiн ұсынады;

халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша көрсетiлетiн қызметтi алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжатты ұсынады;

мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi, судьялар және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн қосымша ұсынады. Ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;

тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша берешектiң жоқ екендiгiн растайтын құжат;

Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендiрген жағдайда — мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi меншiгiне өтеусiз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжат;

2) 2-кезең:

Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй комиссияларының шешiмдерi болғанда:

мүлiктi коммуналдық меншiкке беру туралы уәкiлеттi органның бұйрығының көшiрмесi;

мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қабылдау-беру актiсiнiң көшiрмесi;

көрсетiлетiн қызметтi алушы мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке басты куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;

3) 3-кезең:

Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй комиссияларының шешiмдерi болғанда:

мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қабылдау-беру актiсiне қою кезiндегi сәтте қалдық құны туралы мәлiмет;

мемлекеттiк мекемемен немесе кәсiпорынмен жасалған жалға алу (жалға беру) шарты;

жекешендiрiлетiн тұрғын үйдiң техникалық паспортының көшiрмесi (болған кезде);

жекешелендiрген тұрғын үйдiң құнын төлегенi туралы түбiртек;

тұрғын үйдi жеңiлдiкпен жекешелендiруге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi (қажет болғанда);

көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады).

Жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиясының шешiмдерi болғанда:

көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады).

10. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетiлген қызметтi берушiлер және (немесе) Мемлекеттiк корпорациясымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң сипаттамасы осы регламентiнiң қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi.

Жүктеу (DOC 244 Kb)

Мақаланы құрған күні 07.06.2018 10:06
Мақаланы жаңартқан күні 07.06.2018 10:06
Қаралым саны: 618

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН