«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

Ақмола облысы әкiмдiгiнiң
2015 жылғы 04 маусымдағы № А-6/255
қаулысымен бекiтiлдi

"Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет регламентi

Ескерту. Регламент жаңа редакцияда — Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 18.04.2017 № А-4/158 (ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

1. "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы" мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет (бұдан әрi — мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың тұрғын үй қатынастары саласындағы функцияны жүзеге асыратын жергiлiктi атқарушы органдардың құрылымдық бөлiмшелерi (бұдан әрi — көрсетiлетiн қызметтi берушi) көрсетедi.

Өтiнiштердi қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерiн беру:

1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес қоғамы (бұдан әрi — Мемлекеттiк корпорация);

2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрi — Портал) арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нысаны: электрондық (iшiнара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.

3. Кезектiң реттiк нөмiрiн көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрi — хабарлама) немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрiнiң 2015 жылғы 9 сәуiрдегi № 319 қаулысымен бекiтiлген "Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы" стандартының (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 11015 болып тiркелген) (бұдан әрi — Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк кызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап мемлекеттiк қызмет көрсетудiң нәтижесi болып табылады.

Мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн беру нысаны: электрондық түрде.

2. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (жұмыскерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

4. Көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген құжаттарды ұсынуы, мемлекеттiк қызмет көрсету жөнiндегi рәсiмдi (iс-қимылды) бастау үшiн негiз болады.

5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

1) кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi iске асырады — 20 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады — 17 күнтiзбелiк күн;

4) жауапты орындаушы қаулының жобасын дайындайды — 5 күнтiзбелiк күн;

5) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi қаулыға қол қояды — 2 күнтiзбелiк күн;

6) жауапты орындаушы хабарламаны немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 2 күнтiзбелiк күн;

7) басшы хабарламаға немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабына қол қояды — 1 сағат;

8) кеңсе маманы хабарламаны немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты тiркейдi — 20 минут;

9) жауапты орындаушы хабарламаны немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты Мемлекеттiк корпорацияға немесе Порталға жолдауды жүзеге асырады — 20 минут.

6. Келесi рәсiмдi (iс-қимылды) орындауды бастауға негiз болатын мемлекеттiк қызмет көрсету рәсiмiнiң (iс-қимылдың) нәтижесi:

1) құжаттарды қабылдау және тiркеу;

2) жауапты орындаушысын айқындау;

3) құжаттардың толықтығын тексеру;

4) қаулының жобасын дайындау;

5) қаулыға қол қою;

6) хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындау;

7) хабарламаға немесе бас тарту туралы дәлелдi жауабына қол қою;

8) хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты тiркеу;

9) хабарламаны немесе бас тарту туралы дәлелдi жауапты жолдау.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде құрылымдық бөлiмшелер (қызметкерлер)
мен көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлердiң) тiзбесi:

1) кеңсе маманы;

2) бөлiм басшысы;

3) жауапты орындаушы;

4) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi.

8. Әрбiр рәсiмнiң (iс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлiмшелердiң (жұмыскерлердiң) арасындағы рәсiмдердiң (iс-қимылдың) бiрiздiлiгiн сипаттау:

1) кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды және оларды тiркеудi iске асырады — 20 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгiлейдi — 1 сағат;

3) жауапты орындаушы құжаттардың толықтығын тексерудi жүзеге асырады — 17 күнтiзбелiк күн;

4) жауапты орындаушы қаулының жобасын дайындайды — 5 күнтiзбелiк күн;

5) аудан (облыстық маңызы бар қала) әкiмi қаулыға қол қояды — 2 күнтiзбелiк күн;

6) жауапты орындаушы хабарламаны немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты дайындайды — 2 күнтiзбелiк күн;

7) басшы хабарламаға немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауабына қол қояды — 1 сағат;

8) кеңсе маманы хабарламаны немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты тiркейдi — 20 минут;

9) жауапты орындаушы хабарламаны немесе мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауапты Мемлекеттiк корпорацияға немесе Порталға жолдауды жүзеге асырады — 20 минут.

4. "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен өзара iс-қимыл тәртiбiн, сондай-ақ мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi пайдалану тәртiбiн сипаттау

9. Мемлекеттiк корпорацияға өтiнiш бiлдiру тәртiбiн сипаттау, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң сұрау салуын өңдеу ұзақтылығы:

1 процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi ұсынылған құжаттарды тексередi, көрсетiлетiн қызметтi алушының өтiнiшiн қабылдайды және тiркейдi, құжаттарды қабылдағаны туралы күнi мен уақытын көрсете отырып, қолхат бередi;

1 шарт — көрсетiлетiн қызметтi алушы Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тiзбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзiмi өтiп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда Мемлекеттiк корпорацияның қызметкерi стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат бередi;

2 процесс — осы регламенттiң 5-тармағында көзделген қызмет берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

3 процесс — Мемлекеттiк корпорация қызметкерi тиiстi құжаттардың қабылданғаны туралы қолхатта көрсетiлген мерзiмде, қызмет алушыға дайын мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн бередi.

Мемлекеттiк корпорацияға жүгiнген кезде құжаттарды қабылдау күнi мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Құжаттар пакетiн тапсыру үшiн күтудiң рұқсат берiлген ең ұзақ уақыты — 15 минут.

Қызмет көрсетудiң ең ұзақ уақыты — 20 минут.

Көрсетiлетiн қызметтi алушы (не сенiмхат бойынша көрсетiлетiн қызметтi алушының уәкiлеттi өкiлi) бiлдiру кезiнде мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi:

Мемлекеттiк корпорацияға:

1) коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою туралы өтiнiшiне нысан бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйi жоқ екендiгi туралы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес көрсетiлетiн қызметтi берушiмен тексеруге келiсiм беруi;

2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

3) республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемiнде үш жыл тұру фактiсiн растайтын құжат (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарына ғана үшiн);

4) неке қию туралы (бұзу) куәлiктiң (2008 жылдың 1 маусымына дейiн), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн), балалардың тууы туралы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн) түпнұсқасы жеке басын сәйкестендiру үшiн қажет);

5) тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасы, егер жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылса;

6) халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын қызмет алушы өтiнiш бiлдiрген жағдайда (жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және мүгедек балаларды қоспағанда), қосымша өтiнiш жасаудың алдында отбасының әрбiр мүшесiне соңғы он екi айдағы табыс туралы анықтаманы ұсынылады;

7) мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк мекемелердiң қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы лауазым атқаратын адамдар санатына жататын қызмет алушы жүгiнген жағдайда қосымша жұмыс (қызмет) орнынан анықтаманы ұсынылады;

8) ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкiметiмен олардың мәртебесiн растайтын құжатты тапсырады;

9) егер отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмесе, не оқшауланған емес жапсарлас тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатса, не егер отбасы құрамында ауру бар, не кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен зардапшегушiлер бар, бұл кезде, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн емес болатын жағдайда, қызмет алушы қосымша тиiстi уәкiлеттi органдарынан анықтаманы ұсынады.

10. Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң және көрсетiлетiн қызметтi алушының жүгiну тәртiбiн және рәсiмдерiнiң (iс-қимылының) реттiлiгiн сипаттау:

көрсетiлетiн қызметтi алушы жеке сәйкестендiру нөмiрiнiң (бұдан әрi — ЖСН), сондай-ақ парольдiң (Порталда тiркелмеген қызмет алушылар үшiн iске асырылады) көмегiмен Порталда тiркелудi жүзеге асырады;

1 процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы көрсетiлетiн қызметтi алу үшiн порталға ЖСН және паролiн (авторизациялау процесi) енгiзу процесi;

1 шарт — ЖСН және пароль арқылы тiркелген көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнiң түпнұсқалығы Порталда тексерiледi;

2 процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының мәлiметтерiнде кемшiлiктердiң болуына байланысты Порталда авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

3 процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушы осы регламентте көрсетiлген қызметтердi таңдайды, экранға оның құрылымы мен пiшiмдi талаптарын ескере отырып, қызметтердi көрсету және көрсетiлетiн қызметтi алушымен нысанды толтыру (деректердi енгiзу) үшiн сұраныстың нысанын шығару, сұраныстың нысанына Стандарттың 9-тармағында көрсетiлген электрондық үлгiдегi қажеттi құжаттардың көшiрмелерiн жалғау, сондай-ақ көрсетiлетiн қызметтi алушы сұраныстың куәлiгi (қол қою) үшiн электрондық-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрi — ЭЦҚ) тiркеу куәлiгiн таңдайды;

2 шарт — Порталда ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнiң қолданылу мерзiмi және қайтарып алынған (күшi жойылған) тiркеу куәлiктерiнiң тiзiмiнде болмауы, сондай-ақ сәйкестендiру мәлiметтерiнiң сәйкестiгi тексерiледi (сұраныста көрсетiлген ЖСН және ЭЦҚ тiркеу куәлiгiнде көрсетiлген ЖСН арасында);

4 процесс — көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастырылады;

5 процесс — көрсетiлетiн қызметтi берушiмен сұранысты өңдеу үшiн "электрондық үкiмет" өңiрлiк шлюзының автоматтандырылған жұмыс орынында "электрондық үкiмет" шлюзы арқылы көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжатты (көрсетiлетiн қызметтi алушының сұранысын) жолдау;

6 процесс — осы регламенттiң 5-тармағымен көзделген қызметтi берушiнiң рәсiмдерi (iс-қимылдары);

7 процесс — мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижесiн көрсетiлетiн қызметтi алушымен "жеке кабинетiнде" алу. Электрондық құжат көрсетiлетiн қызметтi берушi басшысының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптасады.

Портал арқылы мемлекеттiк қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердiң функционалдық өзара iс-қимылының диаграммасы осы регламенттiң 1-қосымшасында көрсетiлген.

Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) ретiн, көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетiлген қызметтi берушiлер және (немесе) Мемлекеттiк корпорациясымен өзара iс-қимыл тәртiбiнiң және мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнде ақпараттық жүйелердi қолдану тәртiбiнiң сипаттамасы осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес мемлекеттiк қызмет көрсетудiң бизнес-процестерiнiң анықтамалығында көрсетiледi

«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (DOC 284 Kb)

Мақаланы құрған күні 08.02.2017 16:31
Мақаланы жаңартқан күні 28.06.2017 10:18
Қаралым саны: 788

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН