A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
«БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердің жинақтаушы зейнетақы қорларынан берілген активтерімен жұмысы

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2017 жылғы «28» тамыз

«БЖЗҚ» АҚ-тың проблемалық эмитенттердiң жинақтаушы зейнетақы
қорларынан берiлген активтерiмен жұмысы

Жинақтаушы зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтерiн шоғырландыру нәтижесiнде «БЖЗҚ» АҚ портфелiне облигацияларының атаулы құны бойынша 161,45 млрд теңгеге 32 эмитенттiң проблемалық қаржы құралдары өткiзiлдi.

Облигациялардың атаулы құны бойынша берешектердiң жалпы сомасы 2014 жылдан берi 161,45 млрд теңгеден 36,45 млрд теңгеге азайды. Ал проблемалық эмитенттердiң саны 32-ден 19 компанияға қысқарды. Екi компания бойынша берешек толығымен өтелдi (атаулы құны бойынша 1,3 млрд теңге). Төрт компания бойынша банкротқа ұшырау және таратылу рәсiмiнiң аяқталуына байланысты қаржы құралдары есептен шығарылды (атаулы құны бойынша 10,2 млрд теңге). Жетi компания бойынша берешек қайта құрылымдалды/реттелдi (атаулы құны бойынша 113,4 млрд теңге).

Эмитенттердiң көпшiлiгi дефолтқа 2006-2010 жылдар аралығында жол берген.

2016 жылы атаулы құны бойынша берешек сомасы 4,1 млрд теңгеге 2 эмитенттiң дефолты тiркелдi. Олар:

- «Имсталькон» АҚ;

- SAMARCO Mineracao S.A. (Бразилия).

2017 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы Қоры дефолтқа жол берген 21 эмитентке қатысты атаулы құны бойынша 40,5 млрд теңге болатын берешектi (зейнетақы активтерiнiң 0,6 пайызынан төмен) қайтару жұмыстарын жүргiзiп жатыр. Бұл эмитенттердiң қаржы құралдары зейнетақы активтерiнiң құрамына кiредi.

Бұл эмитенттер бойынша мынадай жұмыстар жүргiзiлiп жатыр:

-«Қазақстан қағазы» АҚ эмитентiне қатысты оңалту жұмыстары жүргiзiлiп

жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердiң жалпы сомасы — 12,5 млрд теңге.

-«Имсталькон» АҚ эмитентiне қатысты оңалту рәсiмiнiң күшi жойылды.

Банкроттық туралы азаматтық iс қайта қаралып жатыр. Атаулы құны бойынша берешектердiң жалпы сомасы — 3,4 млрд теңге.

-13 эмитент бойынша берешектердi Қор пайдасына өндiрiп алу туралы сот

шешiмi шығарылды, қазiр орындаушы өндiрiске iлеспе қызмет көрсетiлiп жатыр («Казнефтехим» АҚ, «ТөртҚұдық» «Кен-байыту комбинаты» АҚ, «Mineral Resources of Central Asia» АҚ, «Техно-Life» АҚ, «Сары-Арқа Сарбазы» Күзет корпорациясы» ЖШС, «РЭМИКС-Р» АҚ, «Тема и Ко» АҚ, «HOMEBROKER» АҚ, «Комбинат строительных материалов и конструкций-2» ЖШС, «РОСА» АҚ, «Астана-Недвижимость» АҚ, «Өрнек XXI» АҚ, «Альтернативные финансы» АҚ; Берешектердiң атаулы құны бойынша жалпы сомасы  — 8,8 млрд. теңге);

-5 эмитент банкрот болып танылды («Трансстроймост» АҚ, «VITA» АҚ,

«GLOTUR» АҚ, «Валют-Транзит Банк» АҚ, «Қарағанды асбест-цемент бұйымдары зауыты» АҚ; Берешектердiң атаулы құны бойынша жалпы сомасы — 15,1 млрд. теңге);

-1 эмитент бойынша сотқа дейiнгi реттеу жұмыстары жүргiзiлiп жатыр

(SAMARCO MINERACAO SA; Берешектiң атаулы құны бойынша жалпы сомасы — 0,6 млрд. теңге).

2014 жылдан 2017 жылдың 31 шiлдесiне дейiнгi аралықта Қор алдында өтелген берешектердiң жалпы сомасы 1,67 млрд теңгенi құрады, оның iшiнде:

– 2014-2015 жылдары — 1,3 млрд. теңге;

– 2016 жылы — 0,194 млрд теңге;

– 2017 жылы — 0,192 млрд теңге;

Проблемалық активтер бойынша мүмкiн болатын шығындарға қарсы арнайы провизия (резервтер) құрылған. Қор өндiрiп алған берешек сомалары провизияларды қалпына келтiруден түскен табыстар болып есептеледi және салымшылар мен алушылардың зейнетақы шоттарына үлестiрiледi.

Атап өту керек, берешектердi азаматтық тәртiпте өндiрiп алу тәсiлдерi таусылған жағдайларда, Қор проблемалық эмитенттердiң қызметiн және олардың лауазымды тұлғаларының компанияны төлем қабiлетсiздiгiне жеткiзгендiктерiн тексерудi жүзеге асыру үшiн тиiстi өтiнiшпен құқық қорғау органдарына жүгiну туралы шешiм қабылдады.

Зейнетақы Қоры 16 эмитент бойынша прокуратура органдарына және аумақтық мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң экономикалық зерттеу қызметiне арыз жолдады.

БЖЗҚ зейнетақы активтерiне Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, оның шегiнен тыс жерлерде де залал келтiрген тұлғаларға қатысты сот шешiмдерiнiң шығарылуына күш салады.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Қазақстан Республикасының Президентi басшылық ететiн Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi.

Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 04.09.2017 17:17
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru