+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Сандықтау ауданы Максимовка селолық округі әкімі болып сайланған әкімді тіркеу туралы № 20/1 ШЕШІМІ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 36-1 бабына сәйкес, Сандықтау ауданының Максимовка селолық округi әкiмiн 2020 жылғы 20 мамырдағы сайлау қорытындылары туралы аудандық сайлау комиссиясының хаттамасы негiзiнде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ШЕШТI:

Сандықтау ауданы Максимовка селолық округi әкiмi болып 1973 жылы туған, «Максимовка селолық округi әкiмiнiң аппараты» КММ, статист болып жұмыс iстейтiн, Максимовка селосында тұратын Васильцова Евгения Ивановна тiркелсiн.

1.Сандықтау ауданы Максимовка селолық округi әкiмiн тiркеу туралы аудандық сайлау комиссиясының шешiмiн Сандықтау ауданының әкiмiне және мәслихатына ұсынылсын.

2.Сайланған әкiмнiң тiркелгенi туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Төраймның орынбасары А.Черемухин

Комиссия хатшысы А.Тасмагамбетова

Комиссия мүшелерi Т.Айсин

Г.Виноградова

Л.Сарсембаева

С.Шапарь

«20» мамыр 2020 жыл

Мақаланы құрған күні 01.07.2020 12:39
Мақаланы жаңартқан күні 01.07.2020 12:39
Қаралым саны: 303