«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз

1.Салымшы (алушы) ЖЗШ-ның жай-күйi туралы ақпаратты қандай жиiлiкпен ала алады?

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бiр рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күнi, төлемақы ұстамай, яғни тегiн беруi тиiс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да хабарландыру әдiстерiне қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз етуге мiндеттi.

Зейнетақы жинақтары туралы ақпарат салымшыға (алушыға) ол таңдаған хабарландыру әдiсiмен жүргiзiледi. Бұл үшiн алушы (салымшы) келесi хабарландыру әдiстерiнiң бiрiн таңдауы тиiс:

- БЖЗҚ офисiне жеке өзi келген жағдайда немесе Интернет арқылы байланысқа шыққан болса, салымшылардың (алушылардың) ақпараттықанша рет сұратуына шек қойылмаған ;

- ЖЗШ ашуға жазылған арыздың реквизиттерiнде немесе ақпараттандыру әдiсiн өзгерту/таңдау туралы қосымша келiсiмде көрсетiлген электрондық поштаның мекен-жайына ақпарат таңдалып алынған әдiс бойынша (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда, бiр жылда) бiр мәрте;

- пошта байланысы арқылы — жылына бiр мәрте;

 — интернет-ақпараттандыру — онлайн режимiнде; ақпараттандырудың бұл әдiсi арқылы жеке зейнетақы шоты бойыншаenpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильдi қосымшасы арқылы да ақпарат алуға болады. Сонымен қатар, жеке зейнетақы шоты туралы электрондық үкiметтiң сайтындағы «Әлеуметтiк қамсыздандыру» -- «БЖЗҚ-ның зейнетақы шотынан үзiндi-көшiрме» бөлiмiнен ҚР электрондық үкiмет порталында тiркелiп, электрондық сандық қолтаңба (ЭСҚ) болған жағдайда алуға болады.

2.Салымшы (алушы) мекен-жайы өзгерген жағдайда бұл туралы БЖЗҚ-ын ескертуге мiндеттi ме?

2013 жылдың 21 маусымында қабылданған № 105-V «ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының 39 бабы 4 тармағы 1) тармақшасына сәйкес, мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарының салымшылары мен БЖЗҚ-ның алушылары Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiпке сай БЖЗҚ-ны Қор мiндеттемелерiн орындауға ықпал ететiн барлық өзгерiстер туралы бұл өзгерiстер туындаған сәттен бастап, он күнтiзбелiк күн iшiнде ескертуi тиiс.

Бұған салымшы тиiстi хабарландыру тәсiлiн таңдаған болса, электрондық және пошта мекен-жайын өзгерту жатады.

1) Зейнетақымен қамтамасыз ету келiсiм-шартта көрсетiлген пошта мекен-жайының өзгергенi туралы, егер Сiз «пошта арқылы» деген зейнетақы салымдары туралы хабарландыру тәсiлiн таңдаған болсаңыз, БЖЗҚ-на жеке өзiңiз барып немесе пошта байланысы арқылы, аты—жөнiңiз, тегiңiз, туған жыл, ай-күнiңiз, жеке идентификациялық номерiңiз (ЖИН) көрсетiлген, жеке куәлiгiңiздiң көшiрмесi салынған хабарлама арқылы ескерте аласыз.

2) Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы келiсiм-шартта немесе ақпараттандыру әдiсiн белгiлеу/өзгерту туралы қосымша келiсiмде ақпараттандыру әдiсi ретiнде «электрондық пошта(e-mail)» деп көрсеткен болсаңыз, осыэлектрондық мекен-жай өзгерген жағдайда, бұл туралы Қорды ескертуiңiз керек. Көңiл аударатын жәйт, Сiз электрондық мекен-жайыңыздың өзгергенi туралы тек ЖЗБҚ офисiне өзiңiз барып қана ескертуiңiзге болады.

Егер салымшы (алушы) өткен жылдың 31 желтоқсанына дейiн тұрғылықты мекен-жайын өзгертiп, бұл туралы Қорды ескертпеген болса, 2017 жылға пошта арқылы жiберiлген үзiндi-көшiрме БЖЗҚ-ға қайтып келедi. Сонымен қатар, қолданыстағы заңға сәйкес, БЖЗҚ келесi жылы үзiндi-көшiрменi пошта арқылы жөнелтпеуге құқылы.

Егер ағымдағы жылдың 1 қаңтарына салымшының (алушының) тиiстi жылдың 1 қаңтарына ЖЗШ-да қаржысы болмаса немесе оны хабарландыру әдiсi туралы тиiстi келiсiм жасалмаса, БЖЗҚ оны зейнетақы жинақтау шотының жай-күйi туралы хабарландырмауға құқылы. БЖЗҚ мамандары салымшыларға өздерiнiң жеке мәлiметтерiн жаңартып, және/немесе хабарландырудың жаңа тәсiлiн таңдау үшiн Қордың жеке қызмет көрсету орталықтарына баруға кеңес бередi.

3.БЖЗҚ офисiне бармай –ақ реквизиттердегi мекен-жайды өзгертуге бола ма?

БЖЗҚ 2017 жылы өзiнiң электрондық қызмет көрсету жүйесiн кеңейтiп, салымшыларға Қор сайтындағы жеке кабинетi арқылы реквизиттерiне өзгерiс енгiзуге мүмкiндiк бердi. Ендi БЖЗҚ-ың автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде тiркелген реквизиттердiң (жеке куәлiк туралы ақпарат, тұрғылықты жердiң мекен-жайы, электрондық мекен-жай (e-mail), телефон номерлерi) өзектiлiгiн электрондық сандық қолтаңбаның өзектi кiлтi бар жағдайда өз бетiнше тексерiп, қажет жағдайда өзгерiстер және (немесе) түзетулер енгiзуге болады. Бұл үшiн БЖЗҚ сайтындағы «Электрондық сервистер» атты бөлiмге кiрiп, «Реквизиттерге өзгерiстер және/немесе толықтырулар енгiзу» атты электрондық қызметке жүгiнiп, керектi өзерiстердi енгiзу қажет.

4.Егер зейнетақы қорымен келiсiм-шарт жеке куәлiк негiзiнде жасалған болса, ақпараттандыру әдiсiн өзгерту туралы қосымша келiсiмге қол қойған кезде ҚР азаматының төлқұжатын пайдалануға бола ма?

Иә, ҚР азаматының төлқұжатын хабарландыру тәсiлiн өзгерту/ белгiлеу туралы келiсiмге қол қою үшiн пайдалануға болады. Бұл ретте салымшының (алушының) негiзгi деректемелерiнiңсәйкестiгiсалымшының бұрын жеке басты куәландыратын басқа құжат (әкесiнiң аты көрсетiлген жеке куәлiк, тұруға ықтиярхат) беруi салдарынан пайда болған «әкесiнiң аты» деректемесiндегi алшақтықты есепке алмай-ақ тексерiледi.

5.ЖЗШ-да қалған қаржы мен оның есеп-қисабы туралы Анықтаманы кiм талап ете алады?

Зейнетақы жинақтары туралы құпияны зейнетақы жарналарын аударып жүрген салымшыға, алушыға немесе кез-келген үшiншi тұлғаға тек салымшының (алушының) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рәсiмделген жазбаша келiсiмi арқылы ғана беруге болады.

ЖЗШ-да қалған қаржы және олардың қозғалыстары туралы есеп туралы анықтама:

1) алдын-ала анықтау және алдын-ала тергеу органдарына олардың өндiрiсiндегi қылмыстық iстерге қатысты;

2) соттарға — сот ұйғарымы бойынша олардың өндiрiсiндегi iстерге қатысты;

3) сот орындаушыларына — сот санкциясы бойынша сот орындаушысының қаулысы негiзiнде олардың өндiрiсiндегi атқару құжаттары негiзiнде;

4) мемлекеттiк кiрiс органдарына — тексерiлiп жатқан тұлғаның мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiби зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау, төлеу мәселелерiне байланысты;

5) өкiлеттi органға–салымшының (алушының) арызына немесе өкiлеттi органның Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, Ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысын тексеруiне байланысты туындаған мәселелергеқатысты;

6) прокурорға  — қарауындағы материалға қатысты оның өкiлеттiгi аясында тексеру жүргiзу туралы қаулыға сәйкес;

7) қаржылық мониторинг жөнiндегi өкiлеттi органға — ҚР«Қылмыстық жолмен алынған табыстарды жариялауға және лаңкестiктi қаржыландыруға тосқауыл қою туралы» Заңында көрсетiлген мақсаттарда және тәрiпте;

8) салымшының (алушының) өкiлдерiне — нотариалды бекiтiлген сенiмхат немесе сот шешiмiнiң негiзiнде;

9) Орталыққа — мiндеттi зейнетақы қорлары, кәсiби мiндеттi зейнетақы қорлары бойынша салымшылардың (алушылардың) мәлiметтер базасын жасау және мiндеттi зейнетақы жарналары, кәсiби мiндеттi зейнетақы жарналарының бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында сақталуын,салымшының зейнетақы төлемдерiне құқын алу сәтiне нақты салымдарының инфляция деңгейiн ескере отырып, қамтамасыз ету мақсатында;

10) орталық атқарушы органға — салымшы (алушының) арызына байланысты туындаған мәселелерге орай;

11) бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры мен ерiктi жинақтаушы зейнетақы қорының жұмысына жыл сайын аудит жүргiзетiн аудиторлық ұйымдарға;

12) Халыққа қызмет ету орталықтарына — салымшыға (алушыға) немесе оның арызы бойынша, олардың өкiлiне нотариалды бекiтiлген сенiмхат бойынша немесе сот шешiмi бойынша.

Сонымен қатар, жеке зейнетақы шотының бар екендiгi туралы, ондағы қалдық пен қаражат қозғалысы туралы анықтама салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда, өсиетхатта көрсетiлген тұлғаларға олардың жазбаша арызы бойынша, соттарға  — олардың өндiрiсiндегi мұрагерлiк туралы iстер бойынша берiледi.

Мақаланы құрған күні 05.01.2018 15:59
Мақаланы жаңартқан күні 05.01.2018 15:59
Қаралым саны: 484
PAGE_COMMENT