Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар

Сандықтау ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жүйелi сипатқа ие. Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл мәселелерi жөнiндегi комиссияның 2019 жылға арналған аудан әкiмiнiң м.а. бекiтiлген жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың маусым айында қабылданған шаралардың жоспары мен тиiмдiлiгiне сәйкес мәселелердi қарау арқылы комиссия отырысы өткiзiлдi.

"Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты" мемлекеттiк мекемесiнiң сайтында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет" бөлiмi және "сыбайлас жемқорлыққа қарсы роликтер"бөлiмi жұмыс iстейдi.

Сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне жол бермеу мақсатында профилактикалық шараларға ерекше көңiл бөлiнедi:

1) жеке бизнестiң құқықтары мен мүдделерiне нұқсан келтiретiн нормативтiк құқықтық актiлердiң қабылдануына жол бермеу үшiн кәсiпкерлiк мәселелерi жөнiндегi сараптамалық кеңестердiң жұмысы ұйымдастырылды;

2) аудан әкiмдiгiнiң және әкiмiнiң әдiлет органдарында тiркелген нормативтiк құқықтық актiлерi Сандықтау ауданы әкiмiнiң ақпараттық порталында орналастырылады, тұрақты негiзде қолданыстағы заңнамаға мониторинг жүргiзiледi;

5) "Нұр Отан" ХДП аудандық филиалымен бiрлесiп Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсiндiру жүргiзiледi;

6) мемлекеттiк қызметкерлердiң кiрiстерiнiң айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында аудан әкiмi, аудан әкiмiнiң орынбасарлары өздерiнiң кiрiстерi мен мүлкi туралы декларацияны жергiлiктi БАҚ-та жариялайды.;

7) құрылысы аяқталған объектiлердi пайдалануға қабылдау жөнiндегi комиссияның құрамына азаматтық қоғам субъектiсi — "Нұр Отан" Халықтық-Демократиялық партиясының Сандықтау аудандық филиалы төрағасының бiрiншi орынбасары Ловягина Л. А. енгiзiлдi.;

8) мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Сандықтау ауданының бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiмен мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн өткiзу электрондық мемлекеттiк сатып алуды өткiзу Ережесiмен белгiленген тәртiпте мемлекеттiк сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

Аудан әкiмiнiң блогы жұмыс iстейтiн аудан әкiмдiгiнiң веб-порталы өзiндiк диалог алаңы болды. Сандықтау ауданы әкiмiнiң ақпараттық порталында мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi мен тәртiбi туралы ақпарат орналастырылған (үнемi жаңартылып отырады).

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттiк қызмет туралы" Заңын жүзеге асыру мақсатында аудан әкiмi аппаратында персоналды басқарудың бiрыңғай қызметi (кадр қызметi) құрылды. Осы қызмет мемлекеттiк қызметшiлердiң этика нормаларын, ҚР заңнамасын сақтауын бақылау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған қызметкерлердiң материалдарын тәртiптiк комиссияда қарау бойынша тұрақты негiзде жұмыс жүргiзедi. Жас қызметкерлермен жұмыс iстеу үшiн тәлiмгерлер институты енгiзiлдi. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметшiлердiң бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау курстарынан өтедi.

Сонымен қатар, Сандықтау ауданы әкiмiнiң сайтында Әдеп жөнiндегi уәкiл туралы Байланыс мәлiметтерi мен электрондық поштасы туралы ақпарат орналастырылған.

Дербес бөлiмдермен және ауылдық округ әкiмдерiнiң аппараттарымен тұрақты негiзде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы iс-шаралар, қызметкерлермен жалпыға бiрдей құқықтық шаралар, мемлекеттiк қызмет көрсету сапасына күнделiктi мониторинг жүргiзiледi. Сандықтау ауданының 14 селолық округтерiнде және 12 дербес бөлiмдерiнде "сенiм телефондары" жұмыс iстейдi, азаматтардың өтiнiштерiне арналған жәшiктер орнатылды, азаматтарды қабылдау кестесi бекiтiлдi. Тоқсан сайын, бiр рет, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың өздерiн қызықтыратын мәселелер бойынша өтiнiш жасауы үшiн сенiм телефондарының нөмiрлерi жарияланады.

Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың уақытылы және сапалы орындалуын қамтамасыз ету тұрақты бақылауда.

Мақаланы құрған күні 11.07.2019 11:30
Мақаланы жаңартқан күні 11.07.2019 12:12
Қаралым саны: 88

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН