+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Баспасөз-аңдатпа 2019 жылы күшіне енген, ҚР зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

2019 жылдың 19 наурызында БЖЗҚ барлық филиалында биылғы жылы тұңғыш рет «Ашық есiк күнi» шарасы өткiзiледi.

Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпарат беру-түсiнджiру жұмыстарын жалғастырып келедi. Осы жұмыстар аясында салымшылар мен алушыларға зейнетақы жүйесiне қатысты маңызды сұрақтар бойынша ақпарат берiлiп жатыр.

Бұл шараның тақырыбы — зейнетақы заңнамасына енгiзiлген өзгерiстер.

Зейнетақы жүйесiн жаңғыртудағы басты мақсат — зейнетақы төлемдерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру.

Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстар мен қызметтер атқаратын жеке тұлғалардың мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу рәсiмiн оңайлату мақсатында зейнетақы заңнамасына мынадай өзгерiстер енгiзiлдi:

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттардың бiр тарабы салық агентi болса, жеке тұлғаларға, олардың iшiнде фрилансерлерге берiлетiн табыстан мiндеттi зейнетақы жарналарын осы салық агентi төлейтiн болады;

- егер азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жеке тұлғамен жасалған болса, мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу — фрилансердiң мiндетi емес, құқығы болып табылады;

- егер жеке тұлға жалдамалы жұмысшы болса және азаматтық-құқықтық сипаттағы шартты салық агентi болып табылмайтын жеке тұлғамен жасаса, онда осы шарт бойынша мiндеттi зейнетақы жарналарын төлеу оның мiндетi болып есептелмейдi. Бұл ретте жарналарды есептеу үшiн алынатын ең жоғары жиынтық жылдық табыс республикалық бюджет туралы заңмен тиiстi қаржы жылына белгiленген ең төменгi жалақының 50 еселенген мөлшерiнiң 12 еселенген сомасынан аспауы тиiс.

Биылғы жылғы жаңа енгiзiлiмдердiң бiрi — жеке зейнетақы шоттарының автоматты түрде ашылуы. Яғни, 2019 жылдың 8 қаңтарынан бастап жеке тұлғаға мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша шот ашу үшiн Қорға жүгiнудiң қажетi жоқ. Жеке тұлғаның Қорда мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша ашылған шоты жоқ болса, онда алғашқы жарна түскен кезде шот автоматты түрде ашылады.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап елiмiзде Бiрыңғай жиынтық төлем (БЖТ) iске қосылды. Сол арқылы қатарынан төрт төлемдi:

- мемлекеттiк кiрiстер органына төленетiн жеке табыс салығын;

- БЖЗҚ-ға төленетiн мiндеттi зейнетақы жарналарын;

- Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк аударымды;

- Мiндеттi әлеуметтiк медициналық сақтандыру қорына төленетiн әлеуметтiк жарнаны жүзеге асыруға болады.

Зейнетақы заңнамасына басқа қандай өзгерiстер енгiзiлгенi туралы Қор мамандары «Ашық есiк күнi» шарасында толыққанды түсiндiретiн болады.

Аталмыш шара 2019 жылдың 19 наурызында Көкшетау қ-сi, Горький к-сi, 29 «Б» мекенжайында орналасқан «БЖЗҚ» АҚ Ақмола облыстық филиалында өткiзiледi.

Мақаланы құрған күні 11.03.2019 17:41
Мақаланы жаңартқан күні 11.03.2019 17:41
Қаралым саны: 1004