+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Зейнетақы және жәрдемақы төлеу мәселелері

Ақмолалықтар жыл басынан берi 88 млрд теңгеден астам әлеуметтiк төлем алды. «Азаматтарға арналған үкiмет» Ақмола облысы бойынша филиалынан орта есеппен ай сайын әр түрлi жәрдемақы алушылар 15 млрд теңгеден астам қаржы алады.

Бүгiнгi күнi «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалы мен оның құрылымдық бөлiмшелерi зейнетақы, сондай-ақ жәрдемақының 50 түрiн төлеудi жүзеге асыруда. Ағымдағы жылдың 6 айында өңiр бойынша 88,4 млрд.теңгеден астам сомаға әлеуметтiк төлемдер төлендi, орташа есеппен ай сайын 15,2 млрд. теңге сомасына төлем жүргiзiледi.

Әлеуметтiк төлемдер ағымдағы ай үшiн зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйымның банктiк шоттарына аудару жолымен жүргiзiледi (Екiншi деңгейдегi банктер, «Қазпошта»АҚ арқылы). «Қазпошта»акционерлiк қоғамының бөлiмшелерi арқылы зейнетақыны үйлерiне жеткiзiледi.

Қайтыс болған адамның зейнетақысы немесе жәрдемақысы алушының төлемдерi қайтыс болған айға қоса төленедi. Зейнетақылар мен жәрдемақыларды төлеу ҚР шегiнен тыс жерлерге тұрақты тұруға кететiндерге есептеу iшкi iстер органдарында тiркелуден алынған ай бойынша төленедi.

Aсыраушысынан айырылу жағдайына байланысты мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы, көп балалы отбасыларға асырауындағы адамдар он сегiз жасқа толғанға дейiн жүргiзiледi, жоғарыда көрсетiлген жастан асқан асырауындағы адамдар оқу орнының күндiзгi жүйесiнде жалпы орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру жүйесiнде жиырма үш жастан асқанға дейiн оқу аяқталғанға жәрдемақы алуға құқығы бар. Бұл үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 223 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының оқу орнынан 6-қосымшасына сәйкес анықтама қажет. Он сегiз жастан жиырма үш жасқа дейiнгi асырауындағы адамның шын мәнiнде жыл сайын ұсынылатын күндiзгi нысандағы студент болып табылатыны туралы анықтама.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2020 жылғы 8 маусымдағы № 217 бұйрығымен бекiтiлген Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан асыраушысынан айрылу

жағдайы бойынша әлеуметтiк төлемдер жәрдемақы алушыларға он сегiз жасқа асырауындағы адам толғанға дейiн жүргiзiледi. Әлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу (айқындау), мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердi тағайындау, қайта есептеу, тоқтата тұру, қайта бастау, тоқтату және жүзеге асыру қағидаларының 31-қосымшасына сәйкес нысан бойынша он сегiз жастан асқан адамдар бойынша орта, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымынан отбасының он сегiз жастан жиырма үш жасқа дейiнгi мүшелерi күндiзгi оқу нысаны бойынша бiлiм алушылар немесе бiлiм алушылар болып табылатыны туралы анықтама (жыл сайын жаңартылып отырады) ұсынылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 14 сәуiрдегi № 223 бұйрығымен бекiтiлген «Мемлекеттiк базалық зейнетақы төлемiн бюджет қаражаты есебiнен беру, сондай-ақ жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақыларды, мемлекеттiк арнайы жәрдемақыларды тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының 64-т. сәйкес зейнетақы мен жәрдемақы беру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым ұсынған алушының банк шоттары бойынша үш және одан көп ай бойы шығыс операциялары болмаған жағдайда төлемдердi тоқтата тұру қарастырылған.Осыған байланысты, аталған зейнетақы мен жәрдемақы алушыларға банктiк шот бойынша кемiнде үш айда бiр рет төлеудi тоқтатуды болдымау үшiн банктiк қозғалыс жүргiзу ұсынылады.

Сұрақтар туындаған жағдайда, «Азаматтарға арналған үкiметтiң» әлеуметтiк-еңбек саласының байланыс орталығына 1411 нөмiрi бойынша хабарласа аласыз (қоңырау шалу тегiн). Байланыс орталығының жұмыс кестесi күн сайын сағат 9.00-ден 20.00 — ге дейiн.

«Азаматтарға арналған үкiметтiң»
Ақмола облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметi

Мақаланы құрған күні 16.07.2020 16:03
Мақаланы жаңартқан күні 16.07.2020 16:03
Қаралым саны: 330