Зейнетақы төлемдерін «Бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асыру

Алматы, Қазақстан — Жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн тағайындауға берiлетiн өтiнiштердi бiрiктiрiп, «бiр терезе» қағидатына сай қабылдау үшiн композиттiк қызмет енгiзу мақсатында 2018 жылдың 2 шiлдесiнде «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңға Мемлекеттiк корпорация мен БЖЗҚ арасында зейнетақы төлемдерiнiң есебiн жүргiзу, аудару, қайтару мәселелерi бойынша ықпалдастықты реттейтiн баптарға бiрқатар толықтырулар енгiзiлдi.

Қазiргi уақытта зейнеткерлiк жасқа толған азаматтар мемлекеттiк бюджет есебiнен еңбек зейнетақысын (1998 ж. 1 қаңтарына дейiнгi еңбек өтiлi бойынша) және базалық зейнетақыны тағайындау үшiн тұрғылықты мекенжайы бойынша Мемлекеттiк корпорация бөлiмшесiне (халыққа қызмет көрсету орталықтары), ал мiндеттi зейнетақы жарналары, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары есебiнен зейнетақы төлемдерiн алу үшiн Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына тиiстi өтiнiшпен және құжаттар топтамасымен жүгiнетiндiгi белгiлi. Ендi композиттiк қызметтер қолданысқа енгiзiлген соң, аталған тұлғалар «Бiр терезе» қағидаты бойынша бiрыңғай өтiнiштi және құжаттар топтамасын тек бiр жерге — Халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырады. Бұл ретте бюджет есебiнен төленетiн зейнетақы төлемдерi және Қордан берiлетiн зейнетақы жинақтары алушының өтiнiшiнде көрсетiлген бiр банк шотына бiр мезгiлде аударылып отырады. Аталған өзгерiстер зейнетақы төлемдерiн алушылардың мүдделерi үшiн енгiзiлiп отыр. Бұл ретте БЖЗҚ-ның басқа қызметтерi мен мiндеттерi, оның iшiнде жасына байланысты зейнетақы төлемдерiн есептеу, есептен шығару, аудару жұмыстары және стратегиялық мiндеттер сол тұрақты күйiнде қалады. Ағымдағы жылдың алғашқы жартысында аталған қызметтердi жүзеге асыру бойынша дайындық жұмыстары жүзеге асырылды.

Қазiргi уақытта БЖЗҚ композиттiк қызметтi енгiзуге дайын. Алайда бұл қызмет Қордан зейнетақы төлемдерiн жүзеге асыру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк-құқықтық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген соң барып күшiне енедi. Бұл актiлердi ҚР Үкiметi бекiтедi. Нормативтiк-құқықтық актiлерге тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлгенге дейiн мемлекеттiк бюджеттен және зейнетақы Қорынан зейнетақы төлемдерiн тағайындау туралы өтiнiштер ұсыну тәртiбi өзгерiссiз күйiнде қалады.

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz

Мақаланы құрған күні 23.07.2018 12:37
Мақаланы жаңартқан күні 23.07.2018 12:37
Қаралым саны: 748

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН