«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешiм қабылдауы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызмет беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурсының мекенжайы) Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі. Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-н 18.30-ге дейін, сағат 13.00-н 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтініштерін қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат 1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы;2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәсілі туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі Мемлекеттiк корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап, сондай-ақ, порталға өтiнiш берген кезде — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін керекті құжаттардың тізбесі 1) Мемлекеттiк корпорацияға:стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң коммуналдық тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйдiң бар немесе жоқ екенiн тексеруiне келiсiмiн көрсете отырып, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу туралы өтiнiш;жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендiру үшiн түпнұсқасы талап етiледi);республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемiнде үш жыл тұрғанын растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшiн);некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейiн), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн), балалардың тууы туралы куәлiктердi (2007 жылғы 13 тамызға дейiн);жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылса, азаматтар тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасын ұсынады;халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтiнiш жасаған кезде:өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы табысы туралы мәлiметтер қосымша ұсынылады;мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiш жасаған кезде:жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады;ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер:Қазақстан Республикасының Үкiметi берген, олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы:тиiстi уәкiлеттi органның анықтамасын қосымша ұсынады.2) порталда:көрсетiлетiн қызметтi алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрату;республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемiнде үш жыл тұрақты тұру фактiсiн растайтын құжаттың электрондық көшiрмесi (тек Қазақстан Республикасының республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тұратын азаматтары үшiн);некеге тұру (бұзу) (2008 жылғы 1 маусымға дейiн), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы (2007 жылғы 13 тамызға дейiн), балалардың тууы туралы куәлiктiң (2007 жылғы 13 тамызға дейiн) электрондық көшiрмесi;жалғыз тұрғын үйi авариялық жағдайда деп танылса, тиiстi жергiлiктi атқарушы органның анықтамасының электрондық көшермесi ұсынылады; халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар (жетiм балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды және мүгедек балаларды қоспағанда) өтiнiш жасаған кезде:өтiнiш жасаудың алдында соңғы он екi ай iшiнде отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы табысы туралы анықтаманың электрондық көшермесi қосымша ұсынылады;мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санаттарына жататын көрсетiлетiн қызметтi алушылар өтiнiш жасаған кезде:жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманың электрондық көшермесi қосымша ұсынылады;ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер:Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн, олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;отбасы тұратын тұрғын үй белгiленген санитариялық және техникалық талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екi және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын науқастар болып, бiр үй-жайда (пәтерде) олармен бiрге тұру мүмкiн болмаған жағдайда көрсетiлетiн қызметтi алушы:тиiстi уәкiлеттi органдар анықтамасының электрондық көшермесiн қосымша ұсынады.
6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі кезектiң реттiк нөмiрiн көрсете отырып, есепке қою туралы хабарлама (бұдан әрi — хабарлама) немесе осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк кызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі) Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777
Мақаланы құрған күні 11.06.2018 11:51
Мақаланы жаңартқан күні 11.06.2018 11:51
Қаралым саны: 519

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН