«Энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы

«Энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызмет беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурсының мекенжайы) Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі. Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-н 18.30-ге дейін, сағат 13.00-н 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтініштерін қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiлердiң кеңсесi;2) "электрондық үкiметтiң" www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәсілі туралы ақпарат Көрсетілетін қызметті алушы жеке сәйкестендіру нөмірінің (ЖСН) және бизнес сәйкестендіру нөмірінің (БСН), сондай-ақ парольдің (порталда тіркелмеген қызмет алушылар үшін іске асырылады) көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтiнiш берген кезден бастап — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн iшiнде.
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін керекті құжаттардың тізбесі 1) көрсетiлетiн қызметтi берушiлерге:осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк паспортын алуға өтiнiшi;осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк актiсi (бұдан әрi — әзiрлiк актiсi);әзiрлiк актiсiне осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетiлген күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк паспортын алу үшiн шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса берiледi;станциялардың, электр және жылу желiлерiнiң негiзгi және қосалқы жабдығының, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйi, сондай-ақ тұтынушыларға жылу және электр энергиясын берудi қамтамасыз етуге ұйымдардың әзiрлiгi туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.Жiберiлетiн құжаттар нөмiрленедi, тiгiледi;2) порталға:осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк паспортын алуға өтiнiшi;осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзiрлiк актiнiң электрондық көшiрмесi;әзiрлiк актiсiне осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетiлген күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдардың әзiрлiк паспортын алуға арналған шарттардың орындалуын растайтын құжаттар қоса берiледi;станциялардың, электр және жылу желiлерiнiң негiзгi және қосалқы жабдығының техникалық жай-күйi, тұтынушыларға жылу және электр энергиясын берудi қамтамасыз етуге ұйымдардың дайындығы туралы энергетикалық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшы ұйымның қорытындысы.
6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын беру, энергия өндiрушi және энергия берушi ұйымдарға күзгi-қысқы кезеңдегi жұмысқа әзiрлiк паспортын ескертулермен беру, не осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі) Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777
Мақаланы құрған күні 19.10.2018 17:34
Мақаланы жаңартқан күні 19.10.2018 17:34
Қаралым саны: 369

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН