«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алудың тәртібі туралы жаднама

«Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет алудың тәртібі туралы жаднама

1

Қызмет беруші туралы ақпарат  (атауы, жұмыс кестесі, адрес интернет-қоры)

«Сандықтау ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» КММ, жұмыс кестесі
көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.00-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ға дейін.
ostroysand@mail.ru

2

Өтініш қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асырушы ұйымдар туралы ақпарат

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      2) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);
      3) www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3

«Электрондық үкімет»  веб-порталыарқылы мемлекеттік қызмет алудың тәсілі туралы ақпарат

Жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш білдірген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелері келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі емес жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі, мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.
      Техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі жобалар бойынша өтініштерді қарау мерзімі, мерзімі 2 (екі) жұмыс күнінен аспайтын дәлелді бас тарту жағдайларын қоспағанда, өтініш берген күннен бастап 17 (он жеті) жұмыс күнінен аспайды.
      Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға өтініш берген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
      2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің ең ұзақ жол берілетін уақыт – 15 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің ең ұзақжол берілетін уақыт – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияға – 20 минут.

5

Мемлекеттік қызмет алуға қажетті құжаттар тізімі.

1) көрсетілетін қызметті берушіге:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырманың көшірмесі;
      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы;
      топографиялық түсірілім.

2) мемлекеттік корпорацияға:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін);
      тапсырыс беруші бекіткен жобалауға арналған тапсырма;
      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша техникалық шарттарға арналған сауалнама парағы (бұдан әрі – сауалнама парағы);
      топографиялық түсірілім.
3) порталға өтініш берген кезде:
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
      жер учаскесіне құқық беретін құжаттың көшірмесі немесе жергілікті атқарушы органның реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) туралы шешімінің электрондық көшірмесі;
      тапсырыс беруші бекіткен, жобалауға арналған тапсырманың электрондық көшірмесі;
      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшаға сәйкес техникалық шарттарға арналған сауалнама парағының электронды көшірмесі;
      топографиялық түсірілімнің электронды көшірмесі.

6

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: осы мемлекеттік қызмет көрсету стандартының 1-қосымшасына сәйкес және келесі бастапқы материалдарды:
      техникалық шарттарды;
      сыртқы инженерлік желілер трассаларының схемаларын;
      егжей-тегжейлі жоспарлау жобасының көшірмесін;
      тік жоспарлау белгілерін;
      жолдар мен көшелердің көлденең қималарын қоса берумен сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру.

7

Қосымша ақпарат (мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Бірыңғай байланыс – орталығының нөмірі, бар болса өзге де телефондық анықтамалық қызметтердің нөмірлері)

Тел. 8(71640)92999, 8(71640)92949, 1414

Мақаланы құрған күні 08.02.2017 17:29
Мақаланы жаңартқан күні 08.02.2017 17:29
Қаралым саны: 726

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН