«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы

«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берiлетiн тұрғын үйлердi жекешелендiру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет алу тәртібі туралы жадынамасы
1 Көрсетілетін қызмет беруші туралы ақпарат (атауы, жұмыс кестесі, интернет-ресурсының мекенжайы) Сандықтау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдік жолдар бөлімі. Жұмыс кестесі: көрсетілетін қызмет беруші - Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9.00-н 18.30-ге дейін, сағат 13.00-н 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен, демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің өтініштерін қабылдауды және нәтижелерді беруді жүзеге асыратын ұйымдар туралы ақпарат 1) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары;2) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы" коммерциялық емес акционерлiк қоғамы арқылы жүзеге асырылады.
3 «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу тәсілі туралы ақпарат  
4 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мерзімі 1-кезең: мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi жекешелендiру туралы тұрғын үй комиссиясының шешiмi — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;2-кезең: тұрғын үйдi мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк тұрғын үй қорынан коммуналдық меншiкке берген жағдайда — күнтiзбелiк 30 (отыз) күн;3 кезең: тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарт жасау — 30 (отыз) жұмыс күнi.
5 Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін керекті құжаттардың тізбесі 1) 1-кезең:көрсетiлетiн қызметтi берушiге:өздерi тұратын үй-жайларын жекешелендiруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтiнiш (еркiн нысанда);көрсетiлетiн қызметтi алушы мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке басты куәландыратын құжаттарды көшiрмелерi;некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттiлiгiне қарай) куәлiктердiң көшiрмелерi;жалдау (жалға алу) шартының не тұрғын үй ордерiнiң көшiрмесi;аумақтық әдiлет органының анықтамасы (өтiнiш берушiде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерiнде Қазақстан Республикасы бойынша меншiк құқығында оларға тиесiлi тұрғын үйдiң жоқ немесе бар екендiгi туралы);анықтама бюросының немесе ауылдық округ әкiмiнiң тиiстi елдi мекенде тұратынын растайтын анықтамасы;өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерi деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы оларды өтiнiш берушiнiң отбасы мүшелерi деп тану туралы сот шешiмiн ұсынады;халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша көрсетiлетiн қызметтi алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжатты ұсынады;мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi, судьялар және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар санатына жататын азаматтар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн қосымша ұсынады. Ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша берешектiң жоқ екендiгiн растайтын құжат;Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендiрген жағдайда — мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi меншiгiне өтеусiз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжат;Мемлекеттiк корпорацияға:өздерi тұратын үй-жайларын жекешелендiруге жалдаушының кәмелетке толған барлық отбасы мүшелерi қол қойған өтiнiш (осы мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандартына 2 немесе 3-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша);көрсетiлетiн қызметтi берушi мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке басты куәландыратын құжаттары (сәйкестендiру үшiн);некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерiнiң қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттiлiгiне қарай) куәлiктерi;жалдау (жалға алу) шартының не тұрғын үй ордерiнiң көшiрмесi;көрсетiлетiн қызметтi алушының отбасы мүшелерi деп басқа адамдар танылған жағдайда соңғысы оларды көрсетiлетiн қызметтi алушының отбасы мүшелерi деп тану туралы сот шешiмiн ұсынады;халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататын азаматтар қосымша көрсетiлетiн қызметтi алушының (отбасының) халықтың әлеуметтiк осал топтарына жататынын растайтын құжатты ұсынады;мемлекеттiк қызметшiлер, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi, әскери қызметшiлер, арнаулы мемлекеттiк органдардың қызметкерлерi, судьялар және мемлекеттiк сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы не қызметкердiң еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн қосымша ұсынады. Ғарышкерлiкке кандидаттар, ғарышкерлер Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн олардың мәртебесiн растайтын құжаттарды ұсынады;тұрғын үйдi жалдау шарты бойынша берешектiң жоқ екендiгiн растайтын құжат;Қағидалардың 7-тармағына сәйкес жекешелендiрген жағдайда — мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйдi меншiгiне өтеусiз алуға құқығы бар азаматтардың санатына жататындығын растайтын құжат;2) 2-кезең:Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй комиссияларының шешiмдерi болғанда:мүлiктi коммуналдық меншiкке беру туралы уәкiлеттi органның бұйрығының көшiрмесi;мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қабылдау-беру актiсiнiң көшiрмесi;көрсетiлетiн қызметтi алушы мен оның отбасы мүшелерiнiң жеке басты куәландыратын құжаттардың көшiрмелерi;3) 3-кезең:Мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң тұрғын үй комиссияларының шешiмдерi болғанда:мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне қабылдау-беру актiсiне қою кезiндегi сәтте қалдық құны туралы мәлiмет;мемлекеттiк мекемемен немесе кәсiпорынмен жасалған жалға алу (жалға беру) шарты;жекешендiрiлетiн тұрғын үйдiң техникалық паспортының көшiрмесi (болған кезде);жекешелендiрген тұрғын үйдiң құнын төлегенi туралы түбiртек;тұрғын үйдi жеңiлдiкпен жекешелендiруге құқық беретiн құжаттың көшiрмесi (қажет болғанда);көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады).Жергiлiктi атқарушы органдардың тұрғын үй комиссиясының шешiмдерi болғанда:көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын куәландыратын құжат (көрсетiлетiн қызметтi алушының жеке басын сәйкестендiру үшiн ұсынылады).
6 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі 1-кезең: тұрғын үй комиссиясының тұрғын үйдi жекешелендiру немесе жазбаша түрде дәлелдi бас тарту туралы шешiмi;2-кезең: тұрғын үйдi беру туралы шешiм шығарылған күннен бастап оны мемлекеттiк кәсiпорындардың және мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк тұрғын үй қорынан коммуналдық меншiкке берген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысымен бекiтiлген Мемлекеттiк заңды тұлғаларға бекiтiлiп берiлген мемлекеттiк мүлiктi мемлекеттiк меншiктiң бiр түрiнен екiншiсiне беру қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.Тұрғын үйдi беретiн орган жекешелендiруге жататын тұрғын үйдi коммуналдық тұрғын үй қорына ауыстыруды жүзеге асырған кезде бiр мезгiлде көрсетiлетiн қызметтi алушыға төленуi тиiс сома көрсетiлген тұрғын үйдiң құны туралы анықтама берiледi;3-кезең: жергiлiктi атқарушы орган мен өтiнiш берушi арасында тұрғын үйдi жекешелендiру туралы шарт жасау.
7 Қосымша ақпарат (мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселесі бойынша бірыңғай байланыс-орталығының нөмірі, басқа да телефон анықтамаларының нөмірі) Бірыңғай байланыс орталығы 1414, 8-800-080-7777
Мақаланы құрған күні 19.10.2018 17:45
Мақаланы жаңартқан күні 19.10.2018 17:45
Қаралым саны: 383

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Государственные символы РК Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzНАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН