+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

№ 21/2                                                                                                             2020 жылғы 26 маусым

Сандықтау ауданының Максимовка және Жамбыл селолық
округтерiнiң кеткен әкiмдерiнiң орынына
кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 36-1 бабы,10 тармағы, 2 тармағы сәйкес, Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Сандықтау ауданының Максимовка және Жамбыл селолық округтерiнiң кеткен әкiмдерiнiң орынына кезектен тыс сайлауы 2020 жылғы 5 тамызға тағайындалсын.

2. Сандықтау ауданының Максимовка және Жамбыл селолық округтерiнiң кеткен әкiмдерiнiң орынына кезектен тыс сайлауын әзiрлеу және өткiзу жөнiндегi негiзгi iс-шаралардың Күнтiзбелiк жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).

3. Осы қаулы Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппаратына және облыстық сайлау комиссиясына жолдансын.

4. Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Комссия төрайымының орынбасары А.Черемухин

Комиссия хатшысы А.Тасмагамбетова

Мақаланы құрған күні 01.07.2020 12:20
Мақаланы жаңартқан күні 01.07.2020 12:20
Қаралым саны: 314