+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

Сандықтау аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

№ 17/1                                                                                                                  2020 жылғы 5 мамыр

Максимовка селолық округi әкiмiнiң
кезектi сайлауын тағайындау туралы

Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың қолданысын ұзарту туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 29 сәуiрдегi № 310 Жарлығымен белгiленген Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың қолданылу мерзiмiнiң аяқталуына байланысты және «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-1 бабы 2 тармағы негiзiнде аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1.Ағымдағы жылдың 3 сәуiрiне тағайындалған және төтенше жағдай әрекет ету кезеңiне тоқтатылған Максимовка селолық округiнiң кезектi сайлауын 2020 жылдың 20 мамырында өткiзiлсiн.

2.Осы қаулы Сандықтау ауданының мәслихатына және аудан әкiмiнiң аппаратына жолдансын.

3.Сайлау күнi туралы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Комиссия төрайымының орынбасары А. Черемухин

Комиссия хатшысы А.Тасмагамбетова

Мақаланы құрған күні 01.07.2020 12:35
Мақаланы жаңартқан күні 01.07.2020 12:35
Қаралым саны: 358