A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Сандықтау ауданының 2013 жылда әлеуметтік-экономикалық дамуы және келешекке мақсаттар Аудан әкімі Сағдиев Ербол Болатұлының есебі

Құрметтi сандықтаулықтар!

Бүгiнгi өздерiңiзбен дәстүрлi кездесуiмiз бен келелi кеңесiмiз бiржылдық белесi мен көпжылдық келешегiн тал-қылайтын жиын. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаевтың бас-тамасынан туған игiлiктi түйiн.

Өздерiңiзге мәлiм, 2012 жылы Тәуелсiздiк мерекесiнде Елбасымыз мемлекетiмiздiң 2050 жылға дейiнгi тұрақты дамуының — ең негiзгi тұстарын айқындап бердi. Өркендеудiң жаңа бағытын нұсқап, межелi мақсаттарды iске асыруға шақырды.

Ең алдымен адами капитал мен әлеуметтiк саясаттың жаңа принциптерiн, сол арқылы тұтас халықтың берекелi өмiрiн көздейтiн бағыттарды басым еттi.

Қадiрлi кездесуге қатысушылар!

Қандай адамның болмасын әр өмiр кезеңiнде өзiнiң мақсаты бар. Бiреуiне қол жеткiзiп, ол өзiне жаңа мақсат қояды. Бұндай мақсат аудандық қоғамда да бар, олардың ең бастысы-тұрақты сәттiлiкке талпыну.

Бұл мақсат сан қырлы. Оған қол жеткiзу жолында кейде көптеген кедергiлер кездеседi. Сол кедергiлерден өту үшiн, бiз ауданымыздың дамуы сұрақтарын осындай есеп беру кездесулерде талқылаймыз. Бұл идея және Президентiмiздiң тапсырмасы бiздер үшiн тәжiрибелiк мағынада аса қымбат.

Ортақ мақсаттарды жүзеге асыру қорытындысы ауданның әр тұрғынына әсерiн тигiзедi. Сондықтан бiздер үшiн болар-болмас, уақ сұрақтар деген жоқ. Әсiресе бұл сұрақтар ауданымыздың ең қымбат капиталы, адамдарға қатысты болғанда.

Ауданның, қоғамның және адам өмiрiндегi сапалы өзгерiстердi күнтiзбелiк жыл көрсететiнi заңдылық. Одан басқа ол жергiлiктi өкiметке өмiрдiң оң өзгерiстерiн ғана көрсетiп қоймай, әр тұрғынды алаңдататын, шаруашылықтың мәселелi жерлерiн толық бiлуге мүмкiндiк бередi.

Сондықтан ауданымыз үшiн әр жыл — ол мүмкiндiк. Бүгiн бiз ауданымыздың болашақтағы тұрақты даму iргетасын қалап отырғандығымыздан, оны жiберiп алуға құқығымыз жоқ. Бiз сiздермен өзiнiң болашағын құрып, жаңа буындар үшiн рухани құндылықтарды сақтап, осы сұлу ауданымызда тұрып, балаларымыз өтетiн бағыттарды анықтаймыз.

Өздерiңiз бiлетiндей, өткен 2013 жыл — Қазақстанның дамуы жаңа кезеңiнiң басты бағыттары анықталған «Қазақстан — 2050: қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» Стратегиясын жүзеге асырудың бiрiншi жылы. Бiздiң жұмысымыз, бұл құжатта Қазақстан Республикасының Перзидентiмен қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталды.

Бұл Жолдау — Н.Ә.Назарбаев саяси ықпалдың және тарихи дәуiрдiң өзгеруi және ғаламдық экономикалық қайта бөлу уақытында Қазақстанның дамуының 37 жылға арналған бағдарламасын халыққа ұсынғандықтан, өзгеше. Президент экономикалық жетiстiктер және қоғамдық игiлiктердi қамтамасыз ету арасында оңтайлы теңгерiм табу Қазақстан үшiн аса маңызды деп атап өттi. Әлеуметтiк-экономикалық модернизациялаудың негiзгi бағыттары бойынша мақсаттарды орындап, бiз экономиканы нығайтып, қоғамды тұрақты етiп, халықтың дәулеттiлiгiн арттырамыз.

Жергiлiктi өзiн-өзi басқару — Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының базалық негiздерiнiң бiрi. Сiздер бiлесiздер, Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы туралы Халыққа Жолдауынан Елбасы әкiмдердiң сайлауын өткiзудiң бастамасын алға тартты. Қазақстан Республикасында жергiлiктi өзiн-өзi басқарудың жаңа даму Тұжырымдамасы бекiтiлдi. Осы Тұжырымдаманы орындау мақсатында 2013 жылдың 5-9 тамыз аралығында барлық елде тәуелсiз Қазақстанның тарихында алғаш рет өкiметтiң жергiлiктi органдары басшыларының сайлауы сәттi өттi.

Сандықтау ауданында 13 ауылдық округ әкiмдерi және Мәдениет ауылының 1 әкiмi сайланды.

Егер бұрын әкiмдер тағайындалған болса, бүгiнгi күнi олар алғаш сайланды. Және де бұны халық өкiлi — мәслихат депутаттары жете түсiне отырып, заңды негiзде жауапты түрде iстедi.

Осылайша, саяси жүйенi жаңғырту, тәжiрибенi және қазақстандықтардың жергiлiктi бас-қаруға белсендi қатысу дәстүрiн кеңейту жолында тағы да бiр маңызды қадам жасалды.

Жаңа әкiмдер нәтижелi жұмыс жасай алу үшiн Елбасының тапсырмасы бойынша, жергiлiктi билiк органдарының мүмкiндiктерi мәндi түрде нығайтылды. Ендi олар қажеттi материалды-қаржылық және кадр ресурстарын нәтижелi жұмыс үшiн қолдана алады.

Сандықтау ауданы экономика, саяси жүйе және әлеуметтiк сектор сұрақтарын шеше отырып, республикамен бiр ритмде өмiр сүрiп, қызмет етедi. 2013 жылдың қорытындылары, Президентпен анықталған мақсаттарды жүзеге асыру шеңберiнде ауданның экономикалық дамуының анықталған бағыттарының дұрыстығын көрсеттi.

2013 жылдың 9 айына қорытынды бойынша бiздiң аудан Ақмола облысының аудандары рейтiнгiсiнде 7 орынды иелендi, алдағы жылға бiз өзiмiзге даму динамикасы жоғары аудан ретiнде, рейтингiлiк кестеде бiрiншi бестiкке ену мақсатын қойдық.

Есеп беру кездесулерi екi жақты диалогты қарастырады. Сiздердiң бүгiнгi ескертулерiңiз және пiкiрлерiңiз бiздiң жоспарымызды татымды толтыруы мүмкiн. Жаңа бастамалар үшiн негiз болатын, «идеялар портфелiн» құруға мүмкiндiк бередi.

Есеп беру жылына ауданның экономикалық жағдайы келесi үрдiстермен сипатталады:

АГРОӨНДIРIСТIК КЕШЕН

Экономиканың тұрақты дамуының негiзгi бағыттарының бiрi болып агроөндiрiстiк кешенiнiң дамуы болып табылады.

Экономиканың аграрлық секторын дамыту бойынша барлық шаралар азық- түлiктiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыруға бағытталған.

2013 жылда ауылшаруашылық өнiмдерiнiң жалпы көлемi 2012 жыл деңгейiне 1,5 есе артып, 14,9 млрд. теңгенi құрады.

Дәндi-дақылды және дәндi-бұршақты дақылдар 306,4 мың гектар алқабына егiлдi. Бидайға қарағанда сұраныс көп майлы дақылдар алаңы ұлғайтылып, 14,6 мың гектарды құрады, 2012 жыл көрсеткiшiмен салыстырғанда 119,7 %, картоп-555 га (өткен жыл деңгейiне 93,1 %), көкөнiстер 270 га (104,2 %). Малшаруашылығының ойдағыдай дамуы теңдестiрiлген жем-шөп қорынсыз мүмкiн еместiгiн ескерсек, ағымдағы жылы мал азығы дақылдарының алаңы 11,9 мың гектарды құрады (2012 жыл деңгейiне 140 %).

11,9 ц/га өнiмдiлiкпен есептегенде дәндi дақылдар және бұршақ дәндi дақылдардың жалпы жиыны 364,3 мың тоннаны құрады, 2012 жыл деңгейiне 13,8 % артық. Қажеттi жем- шөп қоры әзiрлендi.

2014 жылғы астыққа 45,9 мың тонна тұқым жиналды, жоспарлы көлемге 100 % құрайды.

Ауданның тауарөндiрушiлерiмен жыл сайын машина-трактор паркi жаңартылады. Өткен жылы 9 дана комбайн, 10 егiстiк кешен, астықты сақтау үшiн 6 шағын элеватор және басқа да ауылшаруашылық техникалар алынды. Ауылшаруашылық техникаларды алуға инвестициялар 2,0 млрд. теңгенi құрады. 2014 жылы негiзгi капиталға инвестицияларды 2,2 млрд. теңгеге ұлғайту жоспарлануда.

Соңғы жылдары элиттi тұқымдар алуға, ЖЖМ құнын арзандатуға және өсiмдiктердi қорғау құралдарын субсидиялау сұрақтарына басты назар бөлiнедi. Ауданның ауылшаруашылық тауарөндiрушiлерiмен 1 084,1 тонна минералды тыңайтқыштар алынды.

0.20 «2013 жылда көктемгi-егiстiк және күзгi егiстiк жұмыстарын өткiзу үшiн қажеттi жанар- жағар май материалдарын және өзге тауарлы- материалды құндылықтар құнын арзандату» мемлекеттiк бағдарламасы бойынша 166,5 млн.теңге квота бөлiндi, аталған квота толық игерiлдi.

Мал шаруашылығы. Мал шаруашылығы динамикалы дамуда: мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiру көлемi ұлғайып, мал басының саны артуда.

2013 жылы 4,3 мың тонна ет өндiрiлдi, 2012 жыл деңгейiне 105 % құрайды, сүт -1602,4 тонна (2012 жыл деңгейiне 104,7 %), қой жүнi -24,6 тонна (2012 жыл деңгейiне 136, %), жұмыртқа 4093,8 мың дана (2012 жыл деңгейiне 112 %).

2014 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша ауданның барлық шаруашылықтарында IҚМ басының саны 18380 басты құрайды (2012 жыл деңгейiне 105,2 %), оның iшiнде сиырлар -8161 бас (2012 жыл деңгейiне 105 %), жылқы -6009 бас (2012 жыл деңгейiне 101 %), қой 16321 бас (2012 жыл деңгейiне 119 %).

Табынды жаңарту үшiн мемлекетпен жыл сайын жоғары өнiмдi мал басын алуға субсидиялар бөлiнедi. Осылай өткен жылы ауданның ауылшаруашылық құрылымдарымен 627 бас асыл тұқымды iрi қара мал сатып алынды, соның iшiнде, 46 бас отандық өндiрушiлерден және 581 бас «Ангус» тұқымды мал басы Канададан алынды.

Мал басы сапасын жақсарту мақсатында 9 жасанды тұқымдастыру пунктерi қызмет етедi, 3 пункт ауданның ауылшаруашылық құрылымдарында болса, 6 ауылдық округтарда. 2014 жылдың 1 қаңтарына 1680 бас ұрықталды, IҚМ аналық басына 21 % құрайды.

Мал шаруашылығы саласында субсидиялаудың барлық бағдарламалары бойынша 136,6 млн. теңге төлендi.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда мал өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде ауданның ауылшаруашылық құрылымдарымен қоғамдық табындарға 32 еттi тұқымды өндiрушi-бұқа тапсырылды.

Еттi мал шаруашылығын дамытуға бағыт-талған «Сыбаға» мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2013 жылы 6 несие алынды.

«Зама» ш/қ негiзiнде 120 аналық басқа сүттi-тауарлы ферма құрылды, олардың iшiнде 80 сауынды сиырлар. Шаруашылықпен өндiрiлген және тұрғындардан сатып алынған сүттi суыту мақсатында 2 тонна сиымдылығымен танк алынды.

Ауыл шаруашылық малды жеке қосалқы шаруашылықта союға тыйым салуға байланысты, мамандандырылған мал сою пунктерiн және алаңдарын салу көкейкестi. Осы уақытта 7 мал сою алаңы және 1 мал сою пунктi қызмет етедi.

Ауданның елдi мекендерiнде мал басының аса қауiптi ауруларын алдын алу мақсатында ауылшаруашылық малдарға вакцинация жүргiзiлдi (барлығы 112,5 мың ), бруцеллез, лейкоз, лептоспироз және басқа да ауруларға тексеру жүргiзiлдi.

Адамдардың құтыру ауруына шалдықпауын болдырмау мақсатында қаңғыған иттердi аулау және жою ұйымдастырылды. Аталған жұмыс ағымдағы жылы жалғастырылады.

Iрi қара мал басын, ұсақ мал басын, шошқаларды, жылқыларды сәйкестендiру бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. 2014 жылы ауданның барлық елдi мекендерiнде, меншiк түрiне қарамас-тан IҚМ, ҰҚМ, шошқалар, жылқылар сәйкестендiруге жатады.

12 ауылдық округтерде ветеринарлық пуктер ашылды. Барлық ветеринарлық пунктер материалдық-техникалық жабдықтармен және автокөлiкпен қамтамасыз етiлдi.

Ауыл шаруашылық өнiмдi қайта өңдеу. Облыс әкiмдiгiнiң қаулысына сәйкес тұрғындардан сүттi сатып алу үлесiн 36-дан 50% ұлғайту тапсырылды.

Бұл тапсырманы шешу мақсатында бiздiң ауданда 2010 жылы жеке кәсiпкер А.У.Астамировпен сүттi орталықтандырылған сатып алу ұйымдастырылды. Сүт Максимов, Каменск, Бiрлiк, Белгородск, Веселов және Широков ауылдық округтарда сатып алынады. Өткен жылы 48,4 млн. теңге сомасына 1023 тонна сүт сатып алынды.

Ауданда ауыл шаруашылық малдардың етiн өңдеу бойынша төрт цех, сүттi өңдеу және өлшеп орайтын бiр цех, күнбағыс дәнiн өңдеу бойынша бiр цех, бiр үлкен диiрмен және жиырма наубайхана жұмыс iстейдi.

Аталған кәсiпорындар және цехтармен өндiрiлiп, сатылды: ет өңдеу өнiмi 65 тонна, күнбағыс майы 37 тонна, нан-тоқаш өнiмдерi 995 тонна, ұн 3462 тонна.

Жер қатынастары. Есеп беру кезеңiнде аудандық жер комиссиясының 23 отырысы өттi. Жер пайдалану құқығын беру туралы 90 жер орналастыру жобасы бекiтiлдi.

Жеке тұрғын үй құрылысы үшiн берiлген жер телiмдерiн сәйкестендiру бойынша жұмыстар аяқталды. 2005 жылдан бастап ЖТҚ барлығы 57 жер учаскесi берiлдi, соның iшiнде: 41 жер учаскелерiнде құрылыс аяқталды, 3 жер участкесiнде құрылыс жүргiзiлуде, коммуналдық меншiкке 8 жер учаскесi, оның iшiнде 7 участок сот арқылы қайтарылды.

Ауылшаруашылық жерлердi екiншi рет пайдалануды болдырмау мақсатында жұмыстар жүргiзiлуде.Жер учаскесiн субарендаға берiп, жер пайдаланушы салық төлеуден жалтарып, жұмыс орындарын құрмайды, ауылдық округте әлеуметтiк сұрақтарды шешуге қатыспайды. Ауылдық округ әкiмдерiмен жердi екiншi пайдалану жағдайларын анықтау бойынша жұмыстар аяқталуда. Осы себеп бойынша 10 шаруа қожалықтарымен жалға беру шарттары бiр жақты бұзылды. Материалдар ауданның коммуналдық меншiгiне жердi қайтару үшiн сотқа жолданады.

ӨНЕРКӘСIП

Индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясын жүзеге асыру ауданның өндiрiстiк кешенiнiң тұрақты өсуiн қамтамасыз етуге жол бердi.

2013 жылда қолданыстағы бағамен өнеркәсiптiк өнiм 1474,1 млн теңгеге өндiрiлдi. Өндiрiстiк өнiмнiң НКИ- өткен жыл деңгейiне 125,7 % .

Жалпы облыс көлемiнде өндiрiстiк өнiмнiң үлесi 0,5 % құрайды.

Өнеркәсiптiң өндiру көлемi 1022,2 млн теңгенi құрады, электрмен жабдықтау және жылумен жабдықтау 391 млн теңгенi құрады, сумен қамту көлемi 28,1 млн теңге, тау кен өндiру көлемi 34,8 млн теңгенi құрады.

Өнеркәсiптiк өндiру құрылымында ауыл шаруашылықтың қосалқы өндiрiсi 20,7% алады олармен 304,6 млн теңге сомасына өнiм шығарылды, 2012 жылдың аталған кезеңiне 10,1 %.

Өнеркәсiп өнiмдерiн өндiруде 313,6 млн теңге сомасына өнiм өндiрген шағын кәсiпорындар ат салысты.

Тау кен өнеркәсiбiнде ауданда «Граниты и Кокшетау» ЖШС жұмыс iстеп, тас, гранит, ұсақ тас, құм өндiрумен айналысады. Аталған кәсiпорынмен 2013 жылда 3,9 мың куб.метр граниттi блогтар өндiрiлдi.

Құрылыс материалдарын өндiру бойынша «Балкашин кiрпiш зауыты» ЖШС жұмыс iстеп, 41 млн теңге сомасына 32,8 мың куб.метр кiрпiш өндiрiлдi, 2012 жыл деңгейiнен 7% артық.

Құрылыс материалдарын өндiру бойынша цехтар қызмет етедi, ағашты өңдеу бойынша 4 цех, 1 жиһаз цехы, тас төсеуiш және шлакоблок өндiру бойынша цехтың филиалы бар.

Өнеркәсiптiк өндiру құрылымында үлкен үлестi ауыл шаруашылық өнiмдi қайта өңдеу алады. Осы күнi 3 диiрмен, 20 наубайхана, 3 шұжық өндiру цехы, 1 сүт өңдеу цехы, ет және балық өнiмдерiн консервiлеу бойынша 1 цех қызмет етiп, 245 адам жұмыс iстейдi.

КӘСIПКЕРЛIК

Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау шараларын жүзеге асыру нәтижесiнде негiзгi көрсеткiштердiң жағымды динамикасы байқалуда.

2014 жылдың 1 қаңтарына салық органдарында 1325 шағын бизнес субъектiлерi тiркелген, оның iшiнде 94 шағын кәсiпорын, соның iшiнде 54 дана қызмет етсе, 48 данасы белсендi.

Шағын бизнес субъектiлерiнен бюджетке төлемдер түсiмi 196,1 млн теңгенi құрады, 2012 жыл деңгейiне өсiм 3,9 %. Өткен жыл ағымында шағын бизнестiң жаңа объектiлерi ашылып, қызмет етедi: «Беркат компани» ЖШС-экспорт-қа астық және ұнды тасымалдау, Мысок ауылында жартылай фабрикаттарды әзiрлеу бойнша цех, үш жаңа дүкен (екеуi Балкашино ауылында және бiреуi Новорамановка ауылында), 25 орынға кафе, қызмет саласында объектер, шағын пилорама. 2013 жыл ағымында 169 жаңа жұмыс орындары ашылды (жоспар бойынша 150 адам).

2020 БЖК бағдарламасының шеңберiнде аумақтық үйлестiру кеңесiнде екi жоба бекiтiлдi («Сандықтау» ЖШС-57,6 млн теңге, «Зама» ЖШС -3,9 млн теңге), мал шаруашылығын дамытуға бiр жоба екiншi деңгейдегi банкте қа-растырылуда. 24,5 млн теңге сомасына «Ауыл шаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 10 жобаға жеңiлдетiлген несие алынды. Бұл бағытта жұмыс ағымдағы жылы жал-ғастырылады.

2014 жылға индустриализация картасына енгiзу үшiн 4 жоба жоспарлануда.

-18 000 тонна сыйымдылығымен астық сақтау үшiн 6 ыдыс, жобаның құны -358 млн теңге, «Свободное» ЖШС;

-18 000 тонна сыйымдылығымен астық сақтау үшiн 6 ыдыс, жобаның құны -358 млн теңге, «Максимовка» ЖШС;

-герефорд тұқымды IҚМ 165 бас шаруашылық-репродуктор, жобаның жалпы құны -103 млн теңге, «Сандықтау» ЖШС;

- ангус тұқымды IҚМ 581 бас шаруашылық-репродуктор , жобаның жалпы құны -434 млн теңге.

Ауданның кәсiпкерлерi жәрмеңкелерге, са-йыстарға белсене қатысып жүлделi орындарды иеленедi. 2013 жылы облыстық сайыста ауыл шаруашылық номинациясында А.В.Белуха ЖК жүлделi орынды иелендi.

Есеп беру жылында 14 аудандық жәрмеңке өткiзiлiп, 12,9 млн теңгеге ауыл шаруашылық өнiмдерi сатылды. 15,6 млн теңге сомасына үш облыстық жәрмеңке өткiзiлдi.

Ауданда басты бағыттардың бiрi болып инфрақұрылымның және туризмнiң дамуы болып табылады. Келешекте iшкi және сыртқы туризм үшiн демалу аймақтарының жобаларын әзiрлеп, қолда бар жобаларды жүзеге асыру қажет. Аудан аумағында аңшылықпен және аң әлемiн өсiрумен айналысатын «Rivc Ltd-Sandyktau» ЖШС қызмет етедi. Маралды орман шаруашылығының аумағында аңшыларды және балық аулаушыларды қабылдау бойынша аңшы үйi қызмет етедi.

Богословка ауылында туристердi қабылдау үшiн барлық қолайлылығымен аңшылық кешен құрылуда.

Сандықтау ауданы бойынша туристiк бағыттар әзiрленген «Туристкая Фирма Дружба» ЖШС жұмыс iстейдi (ЖК А.Н.Коренецкий ), сонымен қатар экстремалды туризмдi үшiн кешен тұрғызылуда.

Спорттық шаңғы базасы және шаңғы роллер трассасы жұмыс iстейдi.

Туристердi қабылдау үшiн ауданда қазiргi уақытта 112 орындық 4 қонақ үй, 16 қоғамдық тамақтану пунктi, ойын-сауық мекемелерi, демалу аймағы бар.

2013 жылдан бастап Балкашин селосында демалу аймағы, қонақ күту үйi, моншасы, 25 орындық «Околица» кафесi қызмет етедi (ЖК Добрынская).

Келешекте ЖК Ловягин туристiк кешенiн салу, «Қанағат» жол жанындағы кафесiн қайта жаңарту жоспарлануда. ЖК Шишкин Каменка ауылдық округiнде демалыс орнын салуды жоспарлауда (әуесқойлық балық аулау). ЖК Р.Тұрсынбаевпен Балкашин ауылдық округiнде демалыс аймағын ашуды ұйымдастыру жоспарлануда.

НЕГIЗГI КАПИТАЛҒА ИНВЕСТИЦИЯЛАУ

Негiзгi капиталды инвестициялау көлемi 3129 млн. теңгенi құрады, 2012 жылдың көрсеткiшiнен 21 пайызға жоғары. Инвестиция түсiмiнiң негiзгi көзi инвестицияның жалпы сомасынан, үлесi 72,8 пайызды құрайтын кәсiпорындардың жеке қаражаттары болып табылады. Кәсiпорындардың жеке қаражатының есебiнен салынған инвестициялар ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға бағытталған.

ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ

2013 жылы барлық енгiзiлген тұрғын үй алаңы 1920 ш.м. құрайды, бұл 2012 жылы ен-гiзiлген тұрғын үйден 35,8 пайызға жоғары. 2011-2014 жылдары Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыра отырып ауданда республикалық бюджет қаражаты есебiнен тұрғын үй нысандарын пайдалануға енгiзудi қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргiзiлуде.

2013 жылы 54,4 млн. теңге сомасындағы бөлiнген қаражатқа осы бағдарлама бойынша жалпы тұрғын жай алаңы 600 ш.метр 3 екi пәтерлi тұрғын үй салынды.

Өткен жылдың ағымында ауданда жоба-сметалық құжаттаманы әзiрлеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi. «Байдалы» ЖШС қаражаты есебiнен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша Веселое селосында үш екi пәтерлi тұрғын үйлердi салуға жоба-сметалық құжаттама әзiрленуде. Аудан бюджетiнен 1800 мың теңге сомасында «Балкашин селосында 18 пәтерлi тұрғын үй салу» қайта қолдану жобасын байлау» жобасын мемлекеттiк сараптамадан өткiзiп жоба-сметалық құжаттаманы әзiрлеуге қаражат бөлiндi.

2014 жылға нысандарды салу және жоба-сметалық құжаттаманы әзiрлеу бойынша келесi iс-шаралар жоспарланған:

Республикалық бюджеттен қаражат бөлiнген жағдайда 2014 жылы Каменка селосында су құбырларын салуды бастау жоспарлануда.

Аудан бюджетi қаражаты есебiнен 22,5 млн. теңгеге Балкашин селосында дене шынықтыру-сауықтыру кешенiн салуды бастауға қосымша қаржыландыру бөлiнген, жобаның жалпы құны 238,0 млн.теңгенi құрайды.

Сонымен бiрге ағымдағы жылы Балкашин селосы Абылай хан көшесi бойынша 18 пәтерлi тұрғын үй салуды бастау жоспарланған, құрылыстың құны 105,2 млн. теңгенi құрайды.

1600,0 мың теңге сомасындағы жергiлiктi бюджеттен бөлiнген қаржылай қаражатқа 2014 жылы жобаны мемлекеттiк сараптамадан өткiзiп, «Балкашин селосы Абылай хан көшесi бойынша 18 пәтерлi тұрғын үйге инженерлiк желiлердi салу және абаттандыру» жобасына жоба-сметалық құжаттамасы әзiрленетiн болады.

СУМЕН ҚАМТУ

Көкейкестi мәселе халықты сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету болып қалуда, бүгiнгi күнi аудан халқының 60 пайызы қамтамасыз етiлген.

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесiн шешу мақсаты, сумен қамту нысандарын жөндеу және қалпына келтiру бойынша iс шараларды қоса 2011-2020 жылдарға арнал-ған «Ақ-бұлақ» салалық бағдарламасын жүзеге асыру.

Ауданның 41 ауылдық елдi мекендерiнiң 28 су құбырлары бар, 11 елдi мекенде ұңғыма жұмыс iстейдi. Шәшке, Бастырымовка ауылдарында өнiмдiлiгi сағатына 2,0 м3, су тазалаудың локалды станцалары орнатылған. Каменка, Красная Поляна ауылдарында ұңғыма бар, су құбырлары жоқ. Балкашин, Лесное, Сандықтау, Веселое, Хуторок, Приозерное ауылдарында сумен қамтумен «Сандықтау-Су» ШЖҚ КММ айналысады. Жөндеу базасы Балкашин ауылында орналасқан, су магистралында жөндеу жұмыстарын жүргiзуге және апатты жоюға қажеттi арнайы техника бар. Ауданда барлық бар су құбырларын жөндеу және ұстау бойынша мамандандырылған кәсiпорын жоқ. Ауданның ауылдық елдi мекендерiнде ауыз сумен қамту шаруашылық субъектiлерiне жүктелген. Оларға сенiмдiлiк басқарумен қолданыстағы су құбырлары тапсырылған. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру шегiнде 2013 жылы Новоникольское ауылында су құбырларын күрделi жөндеу жүргiзiлген. Балкашин селосы көшелерi бойынша су құбырларын күрделi жөндеу бойынша барлық жоспарланған жұмыс-тар аяқталды.

Ауданда су құбырларының көпшiлiгi 30 және одан жоғары жылдар бұрын салынуына байланысты, сумен қамту жүйесi негiзгi құралдарының тозығы жеткен, елдi мекендердiң көпшiлiгiнде шамамен 70 пайызды құрайды. Бүгiнгi күнi Белгород, Барақпай, Хуторок (екiншi кезек), Спасское, Богородка, Ұлан елдi мекендерiнде су құбырлары күрделi жөндеудi және қайта құруды, Красная Поляна, Каменка ауылдарында су құбырларын салуды талап етедi. Осы елдi мекендерде су құбырларын күрделi жөндеудi, қайта құруды және салуды жүргiзу бойынша шешiм сатылап 2014-2020 жылдары шешiлетiн болады.

Ағымдағы жылы Каменка ауылында су құбырының құрылысы мен Жыланды ауылындағы су құбыры жүйелерiнiң күрделi жөндеу жұмыстарын жүргiзу жоспарланып отыр.

Ұлан ауылында су құбыры жүйелерiн қайта құруға жобалық-сметалық құжаттаманы жасау-ды және Красная Поляна ауылында су құбырының құрылысы бойынша жобаны аяқтау керек. Хуторок ауылында (2-шi кезек) және Сандықтау ауылында (2-шi кезек) су құбырларының күрделi жөндеу жұмыстарына сметалық құжаттаманы дайындау.

ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

Жылумен қамту. Тiршiлiктi қамтамасыз ететiн инфражүйенiң тұрақты қызмет етуi аудан тұрғындары үшiн маңызды мәселелерiнiң бiрi болып табылады, бұл жергiлiктi өкiметтiң негiзгi тапсырмаларының бiрi. Ең әуелi, бұл — жылумен және сумен қамту, автомобильдiк жолдардың дамуы.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының дамуына 2013 жылы бюджеттiң барлық деңгейiнен 19 млн теңгеден артық бағытталды.

Жыл бойы аумақты санитарлық тазалау, жол қозғалыс белгiлерiн ауыстыру және орнатумен жолдардың қыстық және жаздық күтiмi, елдi мекендердiң көгалдандырылуы қамтамасыз етiлдi.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының маңызды сұрағы — бұл жылу маусымына дайындық.

Қазандықтарды және тұрғын үй қорын қысқа дайындау бойынша барлық жұмыстарды бар қаражат жағдайында бiз орындадық.

2013-2014 жылдардың жылу маусымына дайындық кезеңiнде әлеуметтiк сала нысандарын жылытатын 58 қазандық жөнделдi. Белгiленген iс-шараларға сәйкес аудандық бiлiм бөлiмiмен Лесной орта мектебiнде 430,0 мың теңге сомасына жаңа қазандық орнатылды. Одан басқа, аудан бюджетi қаражатының есебiнен Спасское ОМ, Жыланды негiзгi мектебiнде жаңа қазандықтар орнатылды. Петровка негiзгi мектебiнiң ғимаратынан КВС-150 жаңа қазандығын орнатумен қазандықты шығару бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Балкашино ауылында орталық қазандықты құру бойынша жұмыстар аяқталды. Осы қазандықтың енгiзiлуiмен мектеп-бақша, аудандық әкiмдiк, Балкашин ауылдық округiнiң әкiмдiгi, аудандық Мәдениет үйi, салық басқармасы ғимаратының қазандықтары тоқтатылды.

Ауданның барлық бюджеттiк ұйымдары көмiрмен, сұйық отынмен және ағашпен қамтамасыз етiлдi. Ауданның ауылдық елдi мекен пункттерi пеш жағып жылытумен пайдаланады. Аудан тұрғындарын қамтамасыз ету үшiн көмiр мен ағаштың қоры қажеттi көлемде бар. Жылыту маусымы ауданда ұйымдасқан түрде өтуде, мектеп, емдеу ғимараттарында, клубтық мекемелерде қалыпты температуралық жүйе сақталуда. Ауданда қатты және сұйық отынның екi айлық қоры бар.

Жолдар мен көлiктер. Ауданның автомобильдiк жолдардың көпшiлiк пайдалану жүйесiнiң жалпы ұзақтығы 777 километрдi құрайды, оның iшiнде қатты жабынмен — 180 км., соның қатарында 68 км. — Көкшетау-Атбасар автожолы (84-152 км.) республика бюджетi қаражатының есебiнен қамтамасыз етiледi, 135 километр (3 бағытта) — облыс бюджетiнен, 218 км. — аудан бағытындағы автожол және 356 км. шаруашылық iшiндегi жолдар, олар аудан бюджетiнiң есебiнен және шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң есебiнен қамтамасыз етiледi. 2013 жылы облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен Балкашин ауылында Абылайхан көшесi аумағының асфальтбетондық жабынының ағымдық жөндеу жұмыстары бойынша жұмыс жүргiзiлдi, орындалған жұмыстың жалпы көлемi жалпы сомасы 25,0 млн.теңгеге 12292,0 шаршы метр құрды. Хлебное ауылынан Атбасар ауданы шекарасына дейiн облыс бюджетiнiң қаражаты есебiнен 5,0 млн.теңге сомасына ұзақтығы 12 км автожолдың ағымдық жөндеу жұмысы жүргiзiлдi. Балкашин ауылында, аудан ауылдарында көшелердi салу, оларды грейдерлеу бойынша жұмыстар жүргiзiлдi, бұл мақсаттарға аудан бюджетiнен 8,0 млн.теңге бөлiндi.

Аудан бойынша жолаушыларды тасымалдау қалааралық қатынастың автобус қозғалысы ұйымының есебiнен жүзеге асырылады. Облыс орталығы Көкшетау қаласы және Астана қаласымен автобус қатынасы бар, аудан орталығы бойынша №1, №2, №3 автобус маршруттары жүредi, «Такси» қызметi — ИП «Гладышев Д.А.» жұмыс iстейдi. 41 елдi мекен пункттерiнен автобус қатынасымен 28 ауыл қамтылған немесе 68,3 пайыз.

Абаттандыру. Ауданда жыл сайын абаттандыру, санитарлық тазалау және елдi мекен пункттерi аумақтарын көгаландыру бойынша көктемдiк және күздiк айлықтар жүргiзiледi.

2013 жылы абаттандыру, санитарлық тазалау, көгаландыру және қоғамдық орындардың сыртқы рәсiмделуi бойынша көктемдiк айлық 15 сәуiрден 1 маусым аралығында өттi. Ауданда үнемi сенбiлiктер, «таза бейсенбiлiктер» өткiзiлiп тұрды. Барлығы аудан бойынша 11 апатты қоқыс орны анықталды және жойылды.

Жүргiзiлген ұйымдастырмалы жұмыс нәтижесiнде ауылдық қоқыс тастайтын жерлерге қоқыстың, басқа да қалдықтардың 6,2 мың тоннадан артығы шығарылды, 3 иесiз тастал-ған нысан бұзылып шығарылды. 668 көп пәтерлi тұрғын үй мен жеке үйлердiң, 22 қоғамдық ғимараттың қасбетiн жөндеу жұмыстары жүргiзiлдi. Аудан бойынша сенбiлiктердi жасау барысында 1221 дана ағаш, 625 дана бұта салынды. Кiретiн билбордтар жөнге келтiрiлдi, аудан орталығында жаңа жол белгiлерi орнатылды және сырланды, Күйбышев көшесi бойынша жаңа темiрбетонды қашалар, жаңа автобус аялдамалары орнатылды.

«Сандықтау-Су» ШЖҚ-ғы КМК коммуналдық кәсiпорнының жұмысын жақсарту үшiн облыс бюджетiнен арнайы техника — МТЗ-82 тракторының базасында экскаватор алуға 5,0 млн.теңге сомасында қаражат бөлiндi. Абаттандыру бойынша жұмыстарды жүргiзу үшiн аудан бюджетiнен 4,0 млн. теңге бөлiндi, санитарлық тазалауға 7,5 млн.теңге, барлық жоспарланған қаражат толығымен игерiлдi.

Қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау үшiн «Сандықтау-Су» ШЖҚ-ғы КМК 30 контейнер алынды және орнатылды. Қоқысты шығару үйлер тұрғындарының өтiнiштерi жүйесi бойынша жүргiзiледi.

Ауданда ағымдағы жылдың 9 қыркүйегiнен 12 қазанына дейiн абаттандыру, санитарлық тазалау, көгаландыру бойынша күзгi айлық өткiзiлдi. Абаттандыру бойынша «Үздiк ауыл» номинациясына Лесной ауылы бойынша фотоматериалдар облыстық комиссияға жiберiлдi.

Көктемдiк және күздiк айлықтардың өткiзiлу барысы туралы материалдар «Сандыктауские вести» аудандық газет беттерiнде жарияланды.

САЛЫҚ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ

Аудан бюджетi 2013 жылы барлық параметр-лер бойынша экономиканың серпiндi дамуына жауап бердi.

2013 жылы жергiлiктi және республикалық бюджетке салық және басқа да төлемдердiң түсiмi салық басқармасының 769,1 млн.теңге түсiм жоспарымен 786,8 млн.теңгенi құрды немесе 102,3%. Субвенция түсiмiн есепке алғанда аудан бюджетi кiрiс бойынша 2045,3 млн.теңгеге орындалды, жоспарға 100,1%, шығыс бойынша — 2032,7 млн.теңгеге, 99,0%.

Ресми траснферттердiң түсiмiсiз жергiлiктi бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң орындалу пайызы 298,5 млн.теңге сомасында 100,4% құрды. 2014 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша зейнетақы, балаларға жәрдемақы, еңбекақы төлемi бойынша қарыз жоқ. Аудан бойынша орташа айлық еңбекақы төлемi 59284 теңгенi құрды, 2012 жылдың деңгейiнен 8,1%. жоғары.

2013 жылдың 12 айына жұмыс тобымен «2013 жылға Ақмола облысы бойынша жергiлiктi бюджетке қосымша резервтер түсiмiн алу мақсатында мемлекеттiк органдардың қарым-қатынасын нығайту бойынша iс-шаралар жоспарын» орындау үшiн 27 отырыс өткiзiлдi. Осы жұмыс қорытындысы бойынша негiзiнен, ауылшаруашылық тауарларын өндiрушiлер бойынша жалға жұмыс iстеушi жұмысшылардың саны 31.12.2013 жыл жағдайы бойынша 27 адамға артқан, аудан бойынша тұтастай орташа айлық еңбекақы 108,1 % артқан немесе 59 284 теңгенi құрды.

Жалпы, аудан бюджетiне жоғарыда аталған iс-шараларды жүзеге асырудан қосымша кiрiс 31,6 млн. теңге есептелiп, 31,6 млн.теңге түстi.

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ

Ауданда халықты әлеуметтiк қорғау және жұмыспен қамту мәселелерiне ерекше көңiл бөлiнедi.

Мемлекет стратегиясы әлеуметтiк қорғаудан әлеуметтiк iлгерiлеуге бағытында құрылып келедi. Бұл асырауда болушылыққа жол жоқ дегендi бiлдiредi. Мемлекет әрбiр қазақстандық өз өмiрiнiң сапасын өздiгiнен жақсарту үшiн барлық жағдай жасап келедi. Мемлекеттiк әлеуметтiк қолдау жолданушыларға, оларды еңбек, шығармашылық және қоғамдық белсендiлiкке итермелеу үшiн бағытталады.

Аудан бойынша әлеуметтiк қорғаудың белсендi формаларымен еңбекке жарамды жастағы 512 азамат қамтылды. Тұрақты және уақытша жұмысқа 193 адам орналастырылды, қоғамдық жұмысқа 137 адам, жастар тәжiрибесiне 13адам, бiлiктiлiктi арттыру және қайта даярлауға 18 адам бағытталды, 11 әлеуметтiк жұмыс орны құрылды.

Жұмыспен қамтудың белсендi формаларын қолдануға байланысты, атаулы әлеуметтiк көмек, тұрғын-үй көмегi және балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақы алушылар саны қысқартылды. Барлығы 2013 жыл ағымында әртүрлi санаттағы азаматтарға жалпы сомасы 14,0 млн.теңге әлеуметтiк көмек төлендi. Ең әуелi бұл, мүгедек балалар мен қарт азаматтар.

Мемелекет басшысының тапсырмасын жүзеге асырудың маңызды да нәтижелi құралдарының бiрi «Жол картасы 2020» бағдарламасы болып табылады. Оны жүзеге асыру үшiн Сандықтау ауданына республика бюджетiнен 2013 жылға 369,6 млн.теңге бөлiндi. Бағдарламаны жүзеге асыру уақытынан 402 адам қамтылды, соның iшiнде 2013 жылы 150 адам.

Бағдарламаның бiрiншi бағыты «Инфражүйенi және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту есебiнен жұмыспен қамту» бойынша бөлiнген 275 млн.теңге қаражаты есебiнен өткiзiлдi:

- Новоникольск және Балкашино ауылдарының су құбыры жүйелерiнiң күрделi жөндеу жұмыстары;

- Каменск және Барақпай ОМ шатырының ағымдық жөндеу жұмысы;

- Балкашин ОМ қасбетiнiң ағымдық жөндеу жұмысы;

- Каменск ауылындағы Агротехникалық колледж шатырының ағымдық жөндеу жұмысы мен жылумен қамту жүйесiнiң күрделi жөндеу жұмысы;

- Сандықтау мәдениет үйiнiң қазандығын ауыстыру және шатырының жөндеу жұмысы.

47 жұмыс орны құрылды, соның iшiнде жұмыспен қамту орталығынан жергiлiктi тұрғындар санынан 24 адам жұмысқа бағыттама алды.

Бағдарламаның екiншi бағыты «Кәсiпкерлiктi дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша өз iсiн ашу және қолданыстағы бизнестi кеңейту үшiн 66 адам кәсiпкерлiк негiздерiне оқытылды, олардың iшiнен бағдарламаның 50 қатысушысы жалпы сомасы 101,9 млн.теңге несие алды. 2013 жылы несиелендiрудiң сомасы 2012 жылмен салыстырғанда 3,5-ке артқан (2012 жылы 32,8 млн.теңге сомасында 19 несие алды), бұл ауылдық тұрғындар өз бизнесiн ашуға қызығушылық танытты дегендi бiлдiредi. Несиелер келесi мақсаттарға алынды:

- малшаруашылығын дамыту (86,4 млн.теңге сомасында 42 несие);

- жылыжайларды салу (1 жоба — 1,0 млн.теңге);

- шиномонтаждық шеберханаларды ашу (3,5 млн.теңге сомасына 2 жоба);

- кафе ашу (4,6 млн.теңге сомасына 2 жоба).

Бағдарламаның үшiншi бағыты «Оқыту мен көшiру арқылы жұмыспен қамтуға ықпал жасау» бойынша кәсiби даярлықты ұйымдастыруға республика бюджетiнен 2013 жылы 1,2 млн.теңге бөлiндi.

Кәсiби оқытуды ұйымдастыруға бiлiм ұйымдарымен 4 келiсiмшарт жасалды, 2013 жылы оқытуға 9 адам бағытталды.

Кәсiби даярлықты 9 адам өттi (жоспар бойынша — 5), қазiргi уақытта барлығы жұмыспен қамтылды.

Осы бағдарламаның мақсаты халықты жұмыспен қамту болып табылады және осы ретте әлеуметтiк жұмыс орындарын құрудың маңызы зор. Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын жүзеге асыру уақытынан Сандықтау жұмыспен қамту орталығымен ауданның 28 кәсiпорнына әлеуметтiк жұмыс орындарына 105 бағыттама берiлдi. Бүгiнгi күнi кәсiпорындарда көп уақыт бойы жұмыс iстемегендер қызмет жасауда, кез-келген кәсiп сұранысқа ие: есепшiлер, сатушылар, аспаздар, операторы, құрылысшылар, жиһаз жинаушылар, менеджерлер, аралаушылар, әкiмгерлер, трактористер.

2013 жылы республика бюджетiнен әлеуметтiк жұмыс орындарына 4,3 млн.теңге бөлiндi, 100% игерiлдi. 31 адам бағытталды (жоспарда 20 адам), олардың iшiнде тұрақты жұмыс орындарына 20 қатысушы жұмысқа орналастырылды, қалғандары 2014 жылы ӘЖО аяқталған соң жұмысқа орналастырылады.

Жұмыс орындарын ұйымдастыру үшiн, жас-тар тәжiрибесiн өту үшiн 24 жұмыс берушi өтiнiм бердi. «Жастар тәжiрбиесi» бағдарламасын жүзеге асыру үшiн 2,3 млн.теңге бөлiндi, 100 % игерiлдi. Жастар тәжiрбиесiне 17 адам (жоспар бойынша 12 адам), 12 адам жұмысқа орналастырылды, 5 адам жастар тәжiрбиесi аяқталған соң 2014 жылы жұмысқа орналастырылады.

2014 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттiк бағдарламасы аясында кадрларды кәсiби даярлау мен қайта даярлауға 2,9 млн.теңге бөлiндi, әлеуметтiк жұмыс орындарын ұйымдастыруға — 5,5 млн.теңге, бұл 2013 жылғы деңгейден 27,5 % жоғары. Жастар тәжiрбиесiне 4,4 млн.теңге бөлiндi.

Несиелендiруге қатысуға 181,3 млн.теңге сомасына 88 өтiнiм келiп түстi.

Бiрiншi бағыт аясында 2014 жылы Краснополяндық ОМ 105,9 млн.теңге сомасына күрделi жөндеу жұмысы жүргiзiледi.

Халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру мәселелерiн шешу ауданмен қолданылатын кешендi iс-шаралардың ажырамас бөлiгi болып табылады.

БIЛIМ БЕРУ

Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевпен бiлiмге, сапалы тәрбие беру мен оқытуға ерекше көңiл бөлiнедi. Репсубликада бiлiм беру жүйесiнiң ары қарай дамуына елеулi серпiн беретiн, Бiлiм берудi дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы жүзеге асырылып келедi. Бiлiм берудi қаржыландыруға 2013 жылы 1050,7 млн.теңге бағытталды.

Ауданымызда 2 955 бала оқитын және 503 ұстаз жұмыс iстейтiн 33 мектеп жұмыс iстейдi. Ауылға педагогиалық кадрларды тарту және бекiту мәселесi «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну жолымен шешiледi. Жыл басынан бюджеттiк қаражат есебiнен 17 бiлiм беру маманына 2,1 млн.теңге сомасына көтерме ақы төлендi. Бiлiм берудiң 4 қызметкерiне тұрғын үй алу үшiн 8,3 млн.теңге сомасында пайызсыз несие берiлдi.

Ауылдық мектептердiң басты мәселесi  — аз толымдылық, ол оқушылар санының азаюына байланысты. Осыған байланысты ағымдағы оқу жылында 3 мектеп (Барақкөл, Спасское) негiзгi, Новогородка бастауыш мектеп болып қайта құрылды.

Бұл жұмыс аз толымды мектептердiң құрылымын өзгертудiң аудандық жоспарына сәйкес жүргiзiлдi.

№ 1 Балкашин орта мектебi мен Лесной орта мектебiнiң негiзiнде психикалық даму бөгелiсi бар балалар үшiн коррекциялық сыныптар ашылды. Сөйлеуде ақауы бар 52 бала Сандықтау орта мектебi мен Балкшин ауылындағы мектеп-бақша жанындағы логопедтық пунктерге барады.

2013 жылы 11 сыныпты 129 оқушы аяқтады (2012 жылы — 184 оқушы). Ұлттық бiрыңғай тес-тiлеуге 63 түлек қатысты, қатысымның 48,8 % құрды (2012 жылы — 124 түлек, 67,4%). Аудан бойынша орташа балл 67,1 құрды, 2012 жылдың көрсеткiшiмен салыстырғанда 1,9 баллға артық, бiрақ 2011 жылдың көрсеткiшiнен 11,5 баллға төмен (2011 жылы — 78,6). 17 аудан мен 2 қала арасында ҰБТ қорытындысы бойынша аудан 12 орында.

Бiрыңғай ұлттық тестiлеу қорытындысы бойынша бiлiм беру ұйымдарының бестiк үздiктерi келесiдей:

Новоникольск ОМ — орташа балл 90

Каменск ОМ — орташа балл 85

Мәдениет ОМ — орташа балл 76

Белгородск ОМ — орташа балл 75,5

Сандықтау ОМ — орташа балл 72.

Орта бiлiмнен басқа ауданда 245 оқушы қосымша бiлiммен қамтылған, бұл өз кезегiнде балалардың музыкалық, шығармашылық қабiлеттерiн дамытуға мүмкiндiк бередi.

Бүгiнгi күнi ауданда 2 қосымша бiлiм беретiн ұйым жұмыс iстейдi: Балалар шығармашылық үйi мен баллар музыкалық мектебi, Балкашин ауылында.

Шығармашылық үйден үйiрмелер Веселов, Лесной, Лесхоз мектептерi жанынан жұмыс iстейдi.

Балалар музыкалық мектебiнiң филиалы Максимовка,Сандықтау мектептерi жанынан жұмыс iстейдi, ағымдағы жылы Лесной ОМ негiзiнде балалар музыкалық мектебiнiң филиалы ашылды.

Бiлiм берудiң сапасы мен қол жетiмдiлiгiнiң басты шарты, ең әуелi, мектепке дейiнгi бiлiм беру жүйесiнiң дамуы болып табылады. 2010 жылдан берi мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша республикалық «Балапан» бағдарламасы белсендi жүзеге асырылып келедi. «Балапан» бағдарламасы арқасында ауданда 25 шағын орталық iске қосылды, соның iшiнде 2013 жылы 95 орынға 8 шағын орталық ашылып, 35 орынға 2 шағын орталық кеңейтiлдi. Барлығы аудан бойынша мектеп жанынан 31 шағын орталық жұмыс iстейдi, онда 670 бала тәрбиеленiп келедi, 2 балабақша жұмыс iстейдi, 3 жастан 6 жасқа дейiн мектепке дейiнгi тәрбиемен қамту 100 % құрайды. Барлығы мектепке дейiнгi мекемелерге 974 бала барады.

2014-2015 жылдары ауданда 50 орынға тағы 5 шағын орталық ашылады (Меньшиковка, Бастрымовка, Мысок, Арбузинка, Речное) және Красная Поляна ОМ жанынан қолданыстағы 1 шағын орталық кеңейтiледi, сонымен қатар Приозерное, Ұлан, Красная Поляна мектептерi жанындағы шағын орталықтарды балалардың толық күнге келуiне ауыстыру жоспарланып отыр.

Балалардың ыстық тамақтануы мектепте болу уақытында олардың денсаулығы мен нәтижелi оқытуға қабiлеттiгiн қолдаудың маңызды шарттарының бiрi болып табылады.

12 жылдық бiлiм беруге көшу үшiн жағдайларды жасау және оқу бағдарламаларын сапалы меңгеру мақсатында ауданның орта мектептерi пәндiк кабинеттермен кезең бойынша жабдықталып келедi. Өткен жылы Веселов орта мектебiне физика кабинетi және Максимов пен Сандықтау мектептерiне 2 химия кабинетi алынды. Бүгiнгi күнi аудан мектептерiне жаңа түрленiмнiң 24 кабинетi жұмыс iстейдi, солардың iшiнде 6 физика, 4 химия, 4 биология, 10 лингафонды-мультимедиялық кабинет. Жаңа түрленiмдi кабинеттермен қамтамасыз етiлу пайызы 22,0%. құрайды. Осы бағыттағы жұмыс келесi жылы да жалғасатын болады. 2013-2014 оқу жылы Балкашин мектебi тiрек мектеп — ресурстық орталық болады, онда ауданның барлық мектептерiнен оқушылар 2 апта бойы оқытылады, ол нұсқаушы сессия деп аталады. Бұл 12 жылдық оқыту формасына көшу аясында және сапалы бiлiм беру үшiн жүргiзiледi.

Барлық мектептер телефондандырылған, компьютерлiк техникамен қамтылған, 1 компьютерге 10 оқушыдан келедi, Интернетке шығу бар. Мегалайн 28 мектепте орнатылған, барлық мектептердiң жеке сайттары бар.

Аудан мектептерiнде жайлы жағдайды жасау үшiн жиһаз алынуда. Жиһазбен қамтамасыз ету 75,4% құрайды немесе 1023 жинақтама. Олардың iшiнде 2013 жылы 129 жинақтама 1,3 млн.теңге сомасына 10 мектеп үшiн алынды.

Балалар мен ұстаздардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында аудан мектептерiнде кезең-кезеңмен өртке қарсы автоматты дабыл орнатылып жатыр. 2013 жылы 12 мектепте осы жүйе орнатылды. Бүгiнгi күнi 30 бiлiм беру мекемесiнде өртке қарсы дабыл орнатылған және 2015 жылға қарай барлық мектептерде орнатылатын болады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Каменск орта мектебi шатырының ағымдық жөндеу жұмысы жүргiзiлдi, бұл мақсаттарға республика бюджетiнен 5,5 млн.теңге бөлiндi, сонымен қатар 14,4 млн.теңге сомасына № 1 Балкашин орта мектебiнiң аумағын абаттандыру мен қасбетiнiң ағымдық жөндеу жұмысы, 1,4 млн. теңге сомасына Барақпай ОМ шатырының ағымдық жөндеу жұмысы бойынша жұмыстар жүргiзiлдi.

Жаз маусымында ауданның 8 мектебiнде (Белгородск ОМ, Спасское НМ, Широков НМ, Жыланды НМ, Петровка НМ, Сандықтау ОМ, Лесхоз НМ, Приозерное ОМ) жергiлiктi бюджет есебiнен жалпы сомасы 1,2 млн. теңгеге шатырдың ағымдық жөндеу жұмысы жүргiзiлдi.

Ауданның 4 мектебiнде (Спасское НМ, Құмдыкөл НМ, Лесной ОМ, Жыланды НМ) жаңа қазандықтар орнатылды, оларды алу үшiн аудан бюджетiнен 1,6 млн.теңге бөлiндi.

Тартылған қаражат есебiнен Петровка НМ үшiн қазандық шығарылып, бөлек орын салынды.

Аудан мектептерi үшiн 10,4 млн.теңге сомасына оқу әдебиетi, 2,1 млн.теңге сомасына кеңсе және шаруашылық тауарлар, 5,7 млн.теңге сомасына спорт жабдықтары, 291 мың теңге сомасына медициналық жабдық, 8,3 млн.теңге сомасына мектептiң ағымдық жөндеу жұмыстарына материалдар алынды, 15 мектеп үшiн 4,4 млн.теңге сомасына хоккей корты жасалды.

Сонымен қатар, бiлiм беруде шешiмдi қажет ететiн мәселелер қатары бар:

1. Широковск, Қызыл-Қазақстан, Максимовск, екiншi кезеңнiң Красная Поляна, Веселов мектептерi ғимараттарының жөндеу жұмыстарын жүргiзу.

2. Спорт жабдықтарымен, жиһаздармен, ойын бөлмелерiмен жабдықтау, асханаларды технологиялық жабдықтау.

3. Ескiрген компьютерлiк техниканы алмастыру, пәндiк кабинеттердi, интерактивтi тақталарды алу.

4. Қазандықтарды мектеп ғимаратынан шығару, қазандықты салу.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Әлеуметтiк аяның маңызды салаларының бiрi денсаулық сақтау болып табылады, оның қызметi азаматтар денсаулығын нығайту, медициналық қызмет көрсетудiң сапасын арттыруға бағытталған.

Ауданның денсаулық сақтау жүйесi бүгiнгi күнi орталық аудандық ауруханамен, 6 дәрiгерлiк амбулатормен, 2 ФАП және 30 МП ұсынылған.

Ауданда 43 дәрiгер жұмыс iстейдi, 10 мың тұрғынға қамтамасыз ету 17% құрайды, олардың iшiнен санаты барлар 17 дәрiгер, ол 41,4 % құрайды. 2013 жылы бiлiктiлiктi арттыруды 12 дәрiгер өттi.

Өткен жылы жұмысқа Көкшетау медициналық колледж түлектерiнiң орта медициналық персоналды 3 адам келдi

ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттiк бағдарламасының iс-шаралары жүзеге асырылып келедi. Мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру аясында 2013 жылы медициналық ұйымдарды жабдықтау 63,05 % артты.

Ауданның «Денсаулық сақтау» саласын қаржыландыруға 2013 жылы 494,4 млн.теңге бөлiндi, 2012 жылы қаржыландырудың көлемi 499,9 млн.теңгенi құраған.

2013 жылы жедел медициналық көмек көрсету мақсатында орталық аудандық ауруханаға медициналық құрал-жабдықтар жиынтығымен 19 млн.теңге сомасына реамобиль алынды. Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында орталық аудандық ауруханаға 1,4 млн.теңге сомасына сұйық отынды қазандық алынды.

Денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң мақсатты бағытталған iс-әрекеттерiнiң қорытындысы, аудан тұрғындары денсаулығының жағдайын сипаттайтын оң нәтижелерi болды, соңғы жылдар iшiнде ауданда ана өлiмi жоқ, балалар өлiмiнiң өсiмi, туберкулез және онкоауруларының өсiмiне жол берiлген жоқ. Жалпы өлiмнiң коэффицентi 15,8-ден 14,6-ға дейiн төмендедi.

Аудан тұрғындарын тегiн дәрiлiк препараттармен қамтамасыз ету үшiн амбулаторлық деңгейде емханада, Шантөбе, Максимовка, Сандықтау дәрiгерлiк амбулаторияларында және Богородск медициналық пунтке дәрiханалық пункт ашылды. Диспансерлiк есепте тұратын науқастарға 100 % тегiн дәрiлiк қамтамасыз ету ұсынылады.

МӘДЕНИЕТ

Бүгiнгi таңда мәдениет мекемесiнiң жүйесi 25 ауылдық клубтар мен мәдениет үйлерiн ұсынады, оның iшiнде 24-i мемлекеттiк жүйе және 1-еуi ауыл шаруашылығын қалыптастырушылар.

2013 жылы мәдениет мекемелерiн ұстауға 146,2 млн.теңге бөлiндi.

2013 жылы «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында Сандықтау ауылдық Мәдениет үйiне 16,6 млн.теңге сомасына шатырларды күрделi жөндеу және қазандық құру жүргiзiлдi.

Клуб кәсiпорындарында өз күшiмен ұйымдастырылған көркемөнерпаздар ұжымдары жұмыс iстейдi, оның үшеуi «халық» атағын иеленген: бұл «Журавушка» фольклорлық ұжымы Балкашин АМҮ, «Родные напевы» халық хоры Балкашин АМҮ, «Берегиня» фольклорлық ұжымы Спасское ауылдық Мәдениет үйi.

Аудандық Мәдениет үйiнiң жанында өз күшiмен ұйымдастырлған халық шығармашылығы жұмыс iстейдi, оның iшiнде «Журавушка» халық ансамблi, ардагерлер хоры, халық миниатюр театры, үрлейтiн оркестр, джаз ансамблi, би ұжымы, балалар фольклорлық ансамблi.

Ауданда 25 мемлекеттiк көпшiлiк кiтапханалар жұмыс iстейдi.

Кiтапханаларды ұстауға 21,6 млн.теңге бөлiндi.

Кiтапханалардың кiтап қоры жыл сайын 4.5 мың данаға толықтырылып отырады және 2013 жылы 186.5 мың дананы құрады. Жыл сайын аудан кiтапханалары үшiн газеттер мен журналдар жазуды ұйымдастыруға 1,0 млн.теңге жұмсалады.

2013 жыл ағымында кiтапханалармен 1 809 iс-шаралар өткiзiлiп, 23 659 адам келiп-кетушiлер қатысты. Кiтапханашылар бiздiң елiмiзде өтiп жатқан барлық аса маңызды даталар мен оқиғалар жайлы халықты құлақтандыруға тырысады.

Жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен кiтапханалар ғимараттарын ағымды жөндеу өткiзiлдi, балалар кiтапханасының шатырын жөндеуге ЖСҚ дайындалды.

Мемлекеттiк тiлдi оқыту, дамыту және насихаттау мақсатында Тiлдердi оқыту бойынша орталық қызмет етедi, барлық ауылдық округтерде мемлекеттiк тiлдi үйрету жөнiнде үйiрмелер құрылған. 2013-2014 жылдары орталықта 171 тыңдаушы оқытылады. Тыңдаушылар санына тәуелдi 15-16 адамнан 11 топ құрылды. Жыл сайын мемлекеттiк тiлдi үйренудi қалаушылар саны өсуде. 2013 жылы 28 мемлекеттiк қызметшiлер мен бюджет қызметкерлерi емтихан тапсырды және сертификат алды. 2013 жылы 1 қазаннан бастап Орталықта ағылшын тiлiн үйрету курстары қызмет етедi. Орталық жұмысының негiзiгi бағыты оқу бағдарламасына ҚАЗТЕСТ жүйесiн енгiзу және қазақ тiлi бiлiмiн тексеру болып табылады.

Мемлекет Басшысының қазiргi Жолдауында қоғамда «үш бiрлiк тiлдердi» дамыту айтылды. Осыған байланысты Орталықта ағылшын тiлi курстары өткiзiлуде. Мемлекеттiк тiлдi оқыту бойынша орталық барлық облыстық және аудандық iс-шараларға белсене қатысады және жүлделi орындарға ие болады.

Материалдық-техникалық базаны нығайту мақсатында 2013 жылы орталықпен 435 мың теңге сомасына 6 ноутбук, 228 мың теңге сомасына интерактивтi тақта сатып алынды.

2014 жылға арналған салаларды және мiндеттердi дамытудың келешегi.

2014 жылы «Мәдениет» саласына 124,5 млн.теңге бөлiндi.

«Достық әнi тербеткен дархан далам!» ұранымен тың және тыңайған жерлердi игерудiң 60-жылдығына арналған, облыстық халық шығармашылығы байқауын өткiзу жоспарлануда.

СПОРТ

«Жаңа онжылдық — Жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкiндiктерi» — ҚР Президентi Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан хал-қына жолдауы аясында 2020 жылға «Қазақстандықтардың 30 пайызына дейiн көпшiлiк спортқа тарту» көпшiлiк спортты дамыту туралы айтылады.

Осы мiндеттi iске асыра отырып ауданда жалпы спортпен айналысатындар саны 5423 адаммен 54 дене шынықтыру ұжымдары жұмыс iстейдi, ол халықтың жалпы санының 27 пайызын құрайды. (2012 жылға 24,1%).Өткен жылы 445 спорттық-көпшiлiк iс-шаралар өткiзiлдi, 18035 адам қатысты. Ағымды кезеңге 7 адамға — СШК атағы, 41 адамға-бiрiншi разрядшы, 46 адамға — көпшiлiк разрядтар дайындалды және берiлдi.

2013 жыл кезеңiнде жаңа спорт объектiлерi: Новоникольское а. — футбол алаңы, Каменка а. — жазғы волейбол алаңы, ауданның жалпы бiлiм беру мектептерiнiң жанынан 17 хоккей корттары қосылды. 2,9 млн.теңге сомасына шаңғы роллерлiк трассасына ағымды жөндеу жүргiзiлдi, Сандықтау а. ауылдық мәдениет үйiнiң жанынан спорт залы пайдалануға қосылды.

2014 жылы Балкашино а. дене шынықтыру-сауықтыру кешенiн салу жоспарлануда.

Сирек кездесетiн бiздiң табиғат сәуiр айында да шаңғы тебу бойынша жарыстар өткiзуге жағдай жасайды, сондықтан жыл сайын бiздiң ауданда Олимпиадалық ойындардың күмiс жүлдегерi В.Сахновқа арналған, бiздiң елiмiздiң кәсiби спортшыларымен қатар балалар, және бiздiң ауданның үлкен ұрпақтары жүгiретiн, дәстүрлi Республикалық «Ақ марафон» өткiзiледi.

2013 жылғы негiзгi спорт жетiстiктерi:

- Италиядағы Третино қаласында өткен, Әлемдiк қысқы Универсиада — 2013 шаңғы эстафетасынан Мандрика Ольга қола медаль ұтып алды;

- Чехияда юниорлар арасында шаңғы тебу бойынша Мухин Ринат Әлем чемпионатына қатысты;

- Алматы қ. юниорлар арасында шаңғы тебу бойынша Гроссова Алла жүлдегер атанды;

- Павлодар қ. жастар арасында шаңғы тебу бойынша Қадырова Гүлсiм Қазақстан чемпионы атанды;

- Байназарова Зарина шаңғы тебу бойынша ҚР Чемпионатының жүлдегерi;

- Еремин Роман Новосибирск қ. Маматов жүлдесiне биатлон бойынша алтын медаль ұтып алды;

- Қазақ күресi бойынша жастар арасында Қазақстан чемпионатына қатысып Темiрханов Данияр 2-орынды иелендi;

- Ақтөбе қ. қазақша-күрес күресi бойынша жастар ойындарында 1-орын ұтып алды;

- Мырзабеков Мейрам Қызыл Ордада өткiзiлген күрес бойынша ҚР чемпионатында 3-орынға ие болды.

МЕМЛЕКЕТТIК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ

Қазiргi таңда сапалы мемлекеттiк қызметтер көрсету үшiн барлық жағдай жасалған.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшiн, 2013 жылдың сәуiр айында «Мемлекеттiк қызметтер көрсету туралы» Заң әзiрлендi және қабылданды. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың құқықтары, қызмет көрсетушiнiң құқықтары мен мiндеттерi, мемлекеттiк қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингiн өткiзу тәртiбi, қызметтер саласындағы уәкiлеттi органдардың құзыретi бекiтiлдi. 2013 жылдың қыркүйек айында Мемлекеттiк қызметтер көрсету тiзiлiмi ұлғайды, ауданның атқарушы органдарының саласы бойынша 66 мемлекеттiк қызметтер атауы анықталды.

2013 жылы ауданның тұтынушыларына 21065 қызмет ұсынылды. Оның iшiнде ХҚКО арқылы — 1104 қызмет, ҚР Электрондық үкiмет порталы арқылы (электрондық форматта) — 507 қызмет, мемлекеттiк органдарда тiкелей — 19454 қызмет көрсетiлдi. Ауданда ХҚКО арқылы көрсетiлетiн қызметтердi арттырудың оң динамикасы бақылануда (2012 жылы — 80%, 2013 жылы — 95%) және электрондық түрде (2012 жылы — 1%, 2013 жылы — 40%), бұл мемлекеттiк қызметтер көрсетудiң қол жетiмдiлiгi тұтынушылар тарапынан сенiмдiлiктiң артуын көрсетедi.

Бiздiң алдымызда — мемлекеттiк аппараттың халықпен өзара қатынасына, азаматтарға тиiмдi және шұғыл қызметтер көрсетуге бiр жақты -өктемдiк ыңғай табу мiндетi тұр.

ҚОҒАМДЫҚ ҚҰҚЫҚ ТӘРТIБI

Бiздiң жұмысымыздың бiрден-бiр бағыты барлық деңгейдегi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып табылады.

Осы мақсатты iске асыру үшiн «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының жанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қоғамдық кеңес қызмет етедi. Есеп беру кезеңiнде 9 мәжiлiсте ОСБК 12 мәселе қаралып, 2 басшы тыңдалды.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен мемлекеттiк органдар қызметi мәселесi бойынша азаматтардың өтiнiштерiне тексеру жүргiзу жөнiнде бiрiккен жұмыс тәжiрибеленуде.

Аудан тұрғындары құқық тәртiбiн бұзғандарды жауаптылыққа тартуды әдiл талап етедi. Ауданда тиесiлi құқық тәртiбiн қолдау үшiн есеп беру кезеңi ағымында қажеттi шұғыл-профилактикалық iс-шаралар өткiзiлдi.

Ауданның iшкi iстер бөлiмiмен өткiзiлген жұмыстарға қарамастан, 2012 жылы 234 қылмыс болса, 2013 жылы аудан аумағында барлық бағыттар бойынша 265 қылмыс тiркелдi, өсiм 13,2% құрайды, қылмысты ашу 66,7% құрады, ал 2012 жылы бұл көрсеткiш 94,7% құрады.

Қылмыстың ауыр түрлерiн тiркеу саны 2012 жылы 9 жағдайдан 2013 жылы 13 жағдайға өстi. Тiркелген жағдайлардың жалпы өсiмi 100% тiркеу және латенттi қылмыспен байланысты.

Осы жылы бiзге осы бағыттағы жұмысты өте маңызды жақсарту қажет.

Шұғыл-қызметтiк жұмысты жақсарту мақсатында келесi iс-шараларды өткiзу қажет:

Қоғамдық тәртiптi қорғау саласындағы нысандар мен әдiстердi жетiлдiру және қоғамдық қауiпсiздiктi, құқық бұзушылықтың және қылмыстың алдын алуды қамтамасыз ету, жергiлiктi өкiлдiк және атқарушы органдармен, коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдармен, қорғау дабылдары құралдарын орнату бөлiгiндегi жұмыстары ұйымдастыру бойынша құрылымдармен, қорғау қызметiн iске асыратын, қорғау дабылдары құралдарын монтаждау, ретке келтiру және техникалық қызмет көрсетудi, өндiретiн фиксация бейнекамерасын орнатуды iске асыратын «Белгi» ЖШС жеке қорғау ұйымымен тiкелей iс-әрекеттi қамтамасыз ету.

Құқық қорғау бағытында жұмыс iстейтiн қоғамдық қалыптастыру қызметiн, сондай-ақ құқық бұзушылық және қылмысқа қарсы сәттi күрестiң бiрден-бiр аса маңызды жағдайы олардың жүйесiн арттыру, Қазақстан Республикасының «Азаматтардың қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысуы туралы» Заңына сәйкес құқық бұзушылық жасауға бейiм тұлғалармен тұратын жерi бойынша жеке профилактика өткiзу.

IШКI САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

Елiмiздiң Тәуелсiздiгiнiң 22 жылы iшiнде бiздiң аудан демократиялық және құқықтық қоғам құру саясатын реттi өткiзе, халықтың этникасын және конфессиялық әр түрлiлiгiн сақтай отырып, барлық Қазақстан ретiнде тұрақты дамуда.

2013 жыл, Тәуелсiздiк жылдарында Қазақстанның қол жеткiзген табыстарының аспектiлерi баяндалған және ұзақ мерзiмдi болашаққа жоспар ұсынылған ««Қазақстан — 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағытын» iске асырудың бiрiншi жылы болды. Барлық қазақстандықтар, оның iшiнде бiз сандықтаулықтар үшiн — бұл жоспар жаңа жетiстiк-тер үшiн ынталандыру айғағы.

Ауданда құрамында 178 адам бар 42 ақпараттық-насихаттау тобы құрылды. Ауданның АНТ құрамына қоғамдық пiкiр лидерлерi, белсендiлерi, ардагерлер кеңесiнiң өкiлдерi, ұйым басшылары, қоғамдық бiрлестiктер өкiлдерi, «Нұр Отан» партиясының мүшелерi қосылған.

Жұмыстың бiрден-бiр стратегиялық бағыты аудандағы дiни жағдайлар мониторингi болып табылады.

Қазiргi уақытта Сандықтау ауданында бел-гiленген тәртiпте тiркелген 2 дiни бiрлестiк өз қызметiн iске асырады.

Заңсыз миссионерлiк қызметтi және тiркелмеген дiни бiрлестiк қызметiн анықтау мақсатында жағдай жүйелi бақылануда.

Азаматтық қоғам институттарының қызметi қоғамды бiрiктiруге, адамгершiлiк саласындағы жағымсыз тенденцияны әлсiретуге жағдай жасайды. Ауданда 8 үкiметтiк емес ұйымдар, 4 этно-мәдени бiрлестiктер, 2 саяси партияның филиалы қызмет етедi.

Бекiтiлген iс-шаралар жоспарына сәйкес ауданда мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру жүзеге асырылады. Бағдарламалар мен жобалардың тиiмдi iске асырылуын талдауды аудан әкiмдiгiнiң жанындағы жастардың iсi жөнiндегi Кеңес iске асырады.

Жастар саясатының бiрден-бiр негiзгi бағыты жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге көмек көрсету болып табылады. Аудан жастарының санынан 65 адам «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасының қатысушылары болды. 50 бөлiнген кредиттен 13 шағын кредит 29 жасқа дейiнгi жас адамдарға берiлдi, жалпы сомасы 26 млн.теңге мал шаруашылығы, 1 шиномонтаж станциясы, 1- Тiлдер мектебi саласындағы бизнестi дамытуға бөлiндi.

2012 жылмен салыстырғанда 6 жастар мал шаруашылығын дамытуға 7,1 млн.теңге жалпы сомасына кредит алды.

2013 жылы ауданға 19 жас мамандар көшiп келдi (13 жас мұғалiмдер, 4 медициналық қызметкерлер және 2 адам мәдениет саласына).

Жыл ағымында 19 адам 2 млн. 302 мың теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды және 5 адам 10 млн.386 мың теңге бюджеттiк кредит алды.

Ауданда «Сандыктауские вести» аудандық қоғамдық-саяси газетi жұмыс iстейдi, тираж 3300 дана. Газетке «Сандықтау өңiрi» қосымшасы мемлекеттiк тiлде жиi таратылады.

2013 жылы 752 отбасы «Отау — ТВ» ұлттық спутниктiк теледидарының абоненттерi болды және үздiк сандық сапада ең жақсы қазақстандық және шет ел каналдарын көру мүмкiндiгiн алды.

ХАЛЫҚПЕН ЖҰМЫС

Сандықтау ауданының әкiмдiгi, Қазақстан Республикасының атқарушы органдарының бiрыңғай жүйесiнiң бөлiгi бола отырып, аудан дамуының қажеттiлiктерi мен қызығушылықтары үйлесiмдiгiнде атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатының орындалуын қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк органдар жұмысының негiзгi тапсырмасы «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалымен, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңымен реттелетiн депутаттық корпуспен қарым-қатынасты кеңейту болып табылады. Тек бiрiге отырып қаңа ауданның көптеген мәселелерiн шешуге болады, сондықтан әкiмдердiң халық алдында есеп берулерi ауданның дамуын жеделдетуге ықпал жасайды.

Келiп түскен азаматтардың арыздары мен өтiнiштерi, хаттармен жұмыс атқарушы билiк жұмысының сапасын бағалауға, бiздiң азаматтар үшiн әсiресе маңызды болып табылатын сұрақтарды анықтауға септiгiн тигiзедi.

2013 жылы аудан әкiмдiгiнде жеке қабылдауда 72 адам болды.

Келген азаматтар сұрақтарының сипаттамасы: тұрғын үй беру бойынша, жер учаскiлерiн ұсыну мен қайта рәсiмдеу, жұмысқа орналастыру, материалдық көмек көрсету, су құбырын жүргiзу және тағы басқа.

Көтерiлген сұрақтарды талдау мақсатында орындарға шығу жүргiзiлдi, оның қорытындысы бойынша тиiстi аудан қызметтерiне тапсырма берiлдi.

48 сұрақ бойынша түсiндiрулер берiлдi, 18 сұрақ бойынша оң шешiм қабылданды, 6 сұрақ бойынша қабылданбады.

ЕСЕПТIК КЕЗДЕСУЛЕР

2013 жылы ауылдық округ әкiмдерiнiң 41 есептiк кездесуi, ауданның елдi мекен тұрғындарымен аудан әкiмiнiң 14 есептiк кездесуi жәнеаудан әкiмiнiң қорытынды кездесуi жоспарланды.

Есептiк кездесу өткiзу барысында 109 сұрақ келiп түстi, барлық сұрақтар әлеуметтiк сипатта, олардың iшiнде 8 сұрақ ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша, 7 сұрақ абаттандыру бойынша, 11 сұрақ жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары бойынша, 83 басқалары. 29 сұрақ бойынша есептiк кездесу барысында түсiндiрiлдi.

Кездесу қорытындысы бойынша Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң қаулысымен келiп түскен сұрақтарды және ұсыныстарды орындау бойынша iс-шаралар орындау мерзiмi мен орындаушылары көрсетiлген бекiтiлдi, ол Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң web-порталы мен «Сандыктауские вести» аудандық газет бетiнде орналастырылды. 2014 жылдың 1 қаңтар жағдайына бекiтiлген iс-шаралардың барлығы орындалды.

Қадiрлi қауым!

Бiз қашаннан «Басталған iстiң жұмысы — бiреу, ырысы — ортақ» деп еңбегiн елдiгiне, тiрлiгiн бiрлiгiне балаған халықпыз. Көрiп отырсыздар, ауданда атқарылып жатқан осы шаруа-ның бәрi — Сiз бен бiздiң, жалпы халықтың күнделiктi жұмысының жемiсi.

Десе де, алда орасан жұмыс, ауқымды мiндеттер жатыр. Оның үдесiнен шығып, шешiмiн табу үшiн бiзге ауданымыздың әрбiр тұрғынының пiкiрi қымбат.

Баршамыз үшiн туған ауданымыздың аспандағы ауасы да, берекелi дауасы да, жазылмаған жарасы да ортақ. Олай болса, бүгiн ой бөлiскен азаматтық қадамдарыңыз үшiн көп рақмет.

Ендеше Өздерiңiздi ауданға қатысты осы және басқа да бағыттардың бүгiнi мен келешегi жайында кеңесуге шақырамын.

Көкейде жүрген пiкiр-сұрақтарыңыз болса, тыңдауға әзiрмiн.

Сонымен қатар басты проблемалар бiзге түсiнiктi. Ол:

- қызмет ететiн кәсiпорындар мен шаруашылықтардың экономикалық әлеуетiнiң жүйелi өсуi;

- ауданның жаңа деңгейге шығуы үшiн аса басты негiз ретiнде шағын бизнестi белсендi дамыту;

- жұмыссыздар мәселесiн шешу, әсiресе жасырын;

- жалақы мөлшерiн, пай дивиденттерiн ұлғайту мәселелерiн шешу және оларды уақытында төлеу;

- әрбiр ауылдастардың өмiрiн жақсарту үшiн жағдайлар жасау.

Құрметтi сандықтаулықтар!

Соңғы жылдардағы тәжiрибе, барлық атап айтылғандар орындалатынын көрсеттi. Ол үшiн бiздiң ықыласымыз, ресурстарымыз, бiлiктiлiк кадрлар, ақша қаражаты бар. Мақсатқа, егер қоғамда бейбiтшiлiк, келiсiм және қауiпсiздiк болса, қол жеткiзуге болады. Өкiнiшке орай, соңғы уақытта бiз жаңа тұрақсызданумен қақтығысудамыз. Атап айтсам экстремизм, терроризм және шыдамсыздық.

Қараңыздаршы, бүгiн барлық әлем осындай оқиғаларды сөз қылуда. Жоғары дамыған әлемдерде де тынышсыздық. Демонстрациялар, митингтер, ереуiлдер өткiзiлуде. Себеп — экономикалық жағдайдың нашарлауы.

Бiзде экономика өсуде, әлем көтерiлу деңгейiнде, ертеңгi күнге сенiмдiлiкпен қарау үшiн барлық мүмкiндiк бар. Тек бiздiң жұмысымыздың ауырлығы, заң тыңдаушылық, шыдамдылық, қоғамдағы тұрақтылық кепiлi бола алады және ауырлыққа қарсы тұра алады.Әр тұрғын бұл жауаптылықты түсiну қажет, шетте қалуға болмайды. Бұл тек құқық қорғау органдарының жұмысы ғана емес бiздiң барлығымыздың жұмысымыз. Қауiпсiздiң тұрақтылық кепiлi ретiнде барлық азаматтардың санасының ажырамас бөлiгi ұран болып қалуы керек.

Бiз бүгiн аудан өмiрiнiң барлық жақтарын қозғадық. Тек ашық ой, алға ұмтылсақ жақын жылдары одан да артық жұмыс жасауға мүмкiндiк бередi. Бiз iстей аламыз және iстеуiмiз қажет! Бiрiгiп және ынтамен жұмыс iстейiк. Сонда ғана бiз Жалпыға ортақ Еңбек қоғамын көрсете аламыз. Бiз өзiмiздiң бiрлiгiмiзбен және адал еңбегiмiзбен мықтымыз.

Сандықтау ауданының басты жетiстiктерi әлi алда екенiне сенiмдiмiн. Бiздiң ортақ күшiмiзге және мақсатымызға, бiлiмiмiздiң жиынтығына, дарынымызға қосымша — шағын отанымыздың болашақ сәттiлiгi мен көркеюi кепiлдiк.

Назарларыңызға рахмет!

17.01.2014 жыл

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 11.02.2017 16:24
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru