+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ негізгі көрсеткіштері

2019 жылдың 1 сәуiрiндегi жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 9,64 трлн теңгенi құрап, жыл басынан берi 262,3 млрд теңгеге өстi. Олардың iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары (МЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 9,43 трлн теңгенi құрады (жалпы соманың 97,8%). Мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша жинақтар сомасы 209,5 млрд теңге (бүкiл жинақтың 2,2%) және ерiктi зейнетақы жарналары бойынша (ЕЗЖ) жинақтар сомасы 1,9 млрд теңге болды (0,02%).

Шарттардың барлық түрлерi бойынша жеке зейнетақы шоттарының жалпы саны 10,4 млн бiрлiктен асты.

2019 жылдың алғашқы үш айы iшiнде зейнетақы төлемдерi 54,4 млрд теңгенi құрады. Оның iшiнде жасына байланысты төлемдер 31,6 млрд теңгенi, ал сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 7,4 млрд теңге болды.

Жыл басынан берi Қор салымшыларының шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 96,9 млрд теңгеге жеттi. Бұл көрсеткiш 2018 жылдың сәйкес кезеңiнде алынған таза инвестициялық табыстан 30 млрд теңгеге артық.

Зейнетақы жинақтарының табыстылығы соңғы 12 ай iшiнде (2018 жылдың сәуiрi — 2019 жылдың наурызы) 11,5 пайызды құрады. Бұл кезеңде инфляция деңгейi 4,8 пайызды көрсеттi. Осылайша зейнетақы активтерiнiң нақты табыстылығы инфляциядан 6,7 пайызға жоғары болып отыр.

Атап өту керек, Ұлттық Банк ұсынатын зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң құрылымы мен инвестициялық қызметке жасалынған шолу ай сайын enpf.kz сайтында «Көрсеткiштер»-«Инвестициялық қызмет»-«Зейнетақы активтерiнiң инвестициялық портфелiнiң құрылымы» (https://www.enpf.kz/kz/indicators/invest/structure.php) және «Инвестициялық қызметке шолу» (https://www.enpf.kz/kz/indicators/invest/review.php) бөлiмiнде жарияланып отырады.

Қор клиенттерге қызмет көрсету жұмыстарын үнемi жетiлдiрiп келедi. Жыл басынан берi салымшылар мен алушыларға 6,2 миллионнан астам қызмет көрсетiлдi. Бұл ретте қызмет көрсетудiң электрондық тәсiлi басымдыққа ие — электрондық форматта (зейнетақы шотынан берiлетiн үзiндi көшiрменi есепке алғанда) 5,3 миллионнан астам (немесе 85,6%) операция жүзеге асырылды.

«БЖЗҚ» АҚ тұрғындар арасында белсендi түрде ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiзуде. Бұл ретте кәсiпорындар мен ұйымдарда және сауда орындарында көшпелi таныстырылымдық шаралар өткiзiледi. Жыл басынан берi 6,8 мыңнан астам таныстырылым өткiзiлiп, оларға 211 мыңнан астам адам қатысты.

2017-2018 жылдар мен 2019 жылдың алғашқы үш айы iшiнде БЖЗҚ-ның таныстырылымдық шараларында ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарымен 1 555 837 адам қамтылды. Бұл жұмыспен қамтылған халықтың 17,77 пайызын құрайды. (egov сайтының стат. дерегiне сәйкес 01.04.2019 ж. қарай елде жұмыспен қамтылғандардың саны — 8 756 300 адам).

БЖЗҚ 2018 жылы соңғы бiрнеше жылда зейнетақы жарналары түспей жатқан, «ұйқыдағы» шоттарды жандандыру жұмыстарын қолға алған болатын. Бұл жұмыс жалғасын табуда. Қор мамандары 2019 жылдың басынан берi 101,3 мыңнан астам шоттың иелерiмен байланыс орнатты. Олардың iшiнде 5 704 адам жалпы сомасы 71 152 001 теңгеге зейнетақы жарналарын аударды. Жалпы белсендi емес шоттармен жұмыс жүргiзу барысында (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 1 сәуiрi аралығында) Қор шоттарына бiрнеше жыл бойы жарна түспеген 732 895 адаммен байланыс орнатып, ақпарат беру-түсiндiру жұмыстарын жүргiздi. Соның арқасында белсендi емес шоттарға жалпы сомасы 2,4 млрд теңгеге 208 мыңнан астам жарна түстi.

2019 жылдың басынан берi бiрыңғай жиынтық төлемдi төлеу аясында (БЖТ) 41 394 жеке зейнетақы шотына жалпы сомасы 22,2 млн теңгеге 46 064 жарна аударылды.

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негiзiнде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционерi — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң «Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкiметi. БЖЗҚ зейнетақы активтерiн сенiмгерлiкпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерiн басқару тиiмдiлiгiн арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметi Ұлттық қорды басқару кеңесiне берiлдi. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсiптiк зейнетақы жарналарын, ерiктi зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерiн, зейнетақы жинақтары мен төлемдерiн жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйi туралы ақпарат бередi (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы 
БАҚ үшiн байланыстар: press@enpf.kz 

Мақаланы құрған күні 25.04.2019 10:39
Мақаланы жаңартқан күні 25.04.2019 10:39
Қаралым саны: 935