24.03.2017ж хабарландыру

Ақмола облысы,Сандықтау ауданының әкiмдiгi Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң жанындағы «1-Ветстанция» шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды. Кәсiпорынның қызметi ветеринария саласындағы өндiрiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру болып табылады. Орналасқан мекенжайы: 021400, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино селосы, Куйбышев көшесi, 59, телефоны: 8 (71640) 9-22-90.

Конкурстың өтетiн мерзiмi: 10-сәуiр 2017 жылы. Конкурстың өтетiн орны: «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты » ММ, мекен жайы: 021400, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан к-сi, 117, байланыс телефоны: 8-716-40-9-14-41, e-mail: personal_sand@mail.ru.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: бiлiмi –ветеринария саласындағы жоғары. Кәсiпорын бейiнiне сәйкес басшы лауазымдағы жұмыс өтiлi 5 жылдан кем емес болуы тиiс.

Құжаттарды қабылдау конкурстың өтуi туралы жарияланған күннен бастап 15 күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн аяқталады. Қосымша ақпаратты жоғарыда көрсетiлген мекенжай бойынша алуға болады.

Мақаланы құрған күні 10.04.2017 16:10
Мақаланы жаңартқан күні 10.04.2017 16:10
Қаралым саны: 664
PAGE_COMMENT