«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс

Ақмола облысы «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (021400 индексі, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесі, 117, анықтама үшін телефон нөмірі 8(71640)9-14-41, факс 8(71640)9-14-41, электрондық мекен-жайы - personal_sand@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік -құқықтық бөлімінің бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне), «Е-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 77 452 теңгеден 104 935 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Мемлекеттік органның мүдделерін сотта, сондай-ақ мемлекеттік орган қызметінің құқықтық мәселелерін басқа ұйымдарда қарау кезінде белгіленген заң тәртібімен ұсынады.

Мемлекеттік мекеменің құзырына жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік мекеме атынан түсініктемелерді заңнама актілерімен алдын ала қарастырылған жағдайларда дайындау.

Ауылдық округтердің әкімдерімен қабылданаған шешімдер мен өкімдердің, шарттар және селолық округтердің әкімідерінің аппараттарының қызметіндегі басқа да құжаттарындың Қазақстан Республикасының Заңдарымен сәйкестігін зерттейді және баға береді.

Алқабилер мәжілістеріне кандидаттардың бастапқы тізімін құрастырады.

Аудан әкімінің және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің уақытында жариялануы және әділет органдарына тіркелуге берілуі үшін жауапты.

Аудан әкімінің және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің тізілімін жүргізеді.

Аудан әкімінің аппараты қызметкерлерімен құқықтық оқулар ұйымдастырады, дербес бөлімдерде, ауылдық округтердің әкімдерінің аппараттарында құқықтық оқулар жүргізуді бақылайды.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласында жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Сандықтау ауданы «Барақпай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-G-3» санаты, 1 бірлік, Сандықтау ауданы «Бірлік ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-G-3» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 69657 теңгеден 94109 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Нормативтік құқықтық актілерді орындауды және бақылауды іске асырады. Мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды.

Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамыту стратегиясын іске асырады.Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамыту мәселесіне талдау жүргізеді, тиісті ұсыныстар мен кепілдемелер дайындайды.

Өзінің құзырына қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдайды, қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде, қабылданған шешімдер туралы өтініш иесіне хабарлайды.

Мемлекеттік тілді тиісті қолдануға, іс жүргізу ережелерін сақтауға, мемлекеттік орган жұмысының стилін және әдістерін жақсартуға бағытталған шараларды іске асырады.

Жиналыстар мен басқа да ауылдық округ әкімімен өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыру-техникалық дайындау және ақпараттық қамтамасыз етеді.

Ауылдық округтің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру бойынша жұмысты ұйымдастырады.

Өзінің құзырына қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсетеді.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыс ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету немесе ветеринария саласында жоғары білім. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Сандықтау ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнаманың жеке және заңды тұлғалармен сақталуына мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау мен қадағалауды ұйымдастырады және жүзеге асырады. Ветеринария саласында нормативтік құқықтық актілерді орындауды және бақылауды іске асырады.

«Ветеринария туралы» Заңында белгіленген тәртіпке сәйкес ветеринариялық есептілікті жүргізіп, қорытып, айқындау сараптамасын жасайды.

Облыстың жергілікті атқарушы органына ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринарлық шаралар туралы ұсыныстар мен жобаларды дайындайды.

Аудан тұрғындары арасында ветеринария мәселелері бойынша ағарту жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады;

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ветеринария саласында жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

«Сандықтау ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бірлік.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Нормативтік-құқықтық актілердің орындалуын бақылайды. Мәдениет және тілдерді дамыту саласында мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламаларды бақылау мен орындауды жүзеге асырады.

Функционалдық міндеттеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Үкімет Қаулыларының, аудан әкімінің қаулылары, шешімдері мен өкімдерінің жүзеге асырылуын бақылайды.

Жергілікті мемлекеттік органдардың тіл саясаты бойынша жұмыстарын үйлестіреді.

Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға арналған Тілдерді дамыту мен қолдану мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмыстарды талдайды және жобалайды.

«Азаматтардың өтініштерін бірыңғай есепке алу» автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен жұмыс істейді.

Екі тілде іс жүргізуді қамтамасыз етеді.

Мәдениет мекемелерінің жұмысын бағыттайды.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен міндеттерді орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылымдар немесе өнер немесе қызмет немесе құқық немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе жаратылыстану ғылымдары саласында жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары» (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретінде тіркелу сұрақтары бойынша әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Ақмола облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жүгіну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Осы Қағидалардың 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін ұсыну талап етілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық Үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

Құжаттар Сандықтау ауданы әкімінің және уәкілетті органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде ұсынылуы қажет.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде Сандықтау ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымына орналасуға конкурс
өткізу қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)

Өтініш

Мені________________________________________________________________ ____________________________________________________________________ _______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін. Қоса берілген құжаттар: ____________________________________________________________________________________________________________________________________ ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ __________________________________________________________________ ____________________________________________________________________________________________________________________________________Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________ ____________________________________________________________________ ________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік
лауазымынаорналасуға конкурс
өткізуқағидаларының 3-қосымшасы

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтiатақтары (болғанжағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялықдәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныпты қошенi (болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізітуралымәлiмет (болғанжағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттікӘкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня-ется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождениеорганизации қабыл-данған/приема босатылған/увольнения
     
     
     
     
Кандидаттыңқолы/Подпись кандидата_______________күні/дата_________    
Мақаланы құрған күні 27.09.2017 16:59
Мақаланы жаңартқан күні 27.09.2017 16:59
Қаралым саны: 936
PAGE_COMMENT