+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский

«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

Ақмола облысы «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (021400 индексi, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесi, 117, анықтама үшiн телефон нөмiрi 8(71640) 9-14-41, факс 8 (71640) 9-14-41, электрондық мекен-жайы — personal_sand@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Сандықтау ауданы «Лесной ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы (2022 жылдың 09 шiлдесiне дейiн негiзгi қызметкердiң бала күтiмi бойынша демалыс кезеңiне), «E-G-3» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 90 963 теңгеден 122 463 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Нормативтiк құқықтық актiлердi орындауды және бақылауды iске асырады. Мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды.

Ауылдық округтiң әлеуметтiк-экономикалық дамыту мәселесiне талдау жүргiзедi, тиiстi ұсыныстар мен кепiлдемелер дайындайды.

Өзiнiң құзырына қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қабылдайды, қарайды және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiпте және мерзiмде, қабылданған шешiмдер туралы өтiнiш иесiне хабарлайды.

Мемлекеттiк тiлдi тиiстi қолдануға, iс жүргiзу ережелерiн сақтауға, мемлекеттiк орган жұмысының стилiн және әдiстерiн жақсартуға бағытталған шараларды iске асырады.

Жиналыстар мен басқа да ауылдық округ әкiмiмен өткiзiлетiн iс-шараларды ұйымдастыру-техникалық дайындау және ақпараттық қамтамасыз етедi.

Ауылдық округтың әкiмшiлiк-аумақтық құрылымын жетiлдiру бойынша жұмыс ұйымдастырады.

Өзiнiң құзырына қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттiк қызметтердi көрсетедi.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес немесе өнер немесе жаратылыс ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауыл шаруашылық ғылымдары немесе қызметтер немесе әскери iс және қауiпсiздiк немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамтамасыз ету немесе ветеринария саласында жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершiлiк, қызметтi тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздiгiнен даму, жеделдiлiк, ынтымақтастық және әрекеттестiк, қызметтi басқару.

Құзыреттiлiк талаптары, олар «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына конкурсқа қатысу үшiн нақты тапсырған сәтте, 2019 жылғы 1 қаңтарға дейiн тестiлеудiң нәтижелерi, жеке қасиеттерiн бағалау туралы қорытынды алған адамдарға таратылмайды.

Жоғары немесе жоғарыдан кейiнгi бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққы қарсы iс-қимыл Агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидалары (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшiн тұлға әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Сандықтау ауданы әкiмi аппаратының персоналды басқару бiрыңғай қызметiнде (кадр қызметiнде) тiркеледi. Тiркелу үшiн тұлғалар персоналды басқару бiрыңғай қызметiне (кадр қызметiне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесiн немесе электрондық көшiрмесiн, ұйымдарға тиесiлiлiгiн растайтын құжаттардың көшiрмелерiн немесе электрондық көшiрмелерiн ұсынады.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын

Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып

тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы кандидаттың:

 — құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификаттың;

- конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексередi.

Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7) және 8) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызметi (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар Сандықтау ауданы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiн келесi жұмыс күнiнен бастап есептеледi. Құжаттарды қабылдау мерзiмi 7 жұмыс күнi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну конкурстық комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген үмiткерлер оны, кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар Сандықтау ауданы әкiмi аппаратының персоналды басқару бiрыңғай қызметiне (кадр қызметiне) құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттiк органның электрондық почтасы арқылы берiлген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр сағаттан кешiктiрiлмей берiледi.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгiмелесуден өтуге жiберiлмейдi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi __________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн.
Қоса берiлген құжаттар:
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны _______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________
______ _________________________________________________________
(қолы)  (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«_____» _______________ 201 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
______________________________________________________________
тегi, аты және әкесiнiң аты (болған жағдайда)/фамилия, имя, отчество (при наличии)
______________________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория (болған жағдайда/при наличии)
______________________________________________________________

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1. Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 
2. Ұлты (қалауы бойынша)Национальность (по желанию)  
3. Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
4. Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/Квалификация по специальности, учёная степень, учёное звание (при наличии)  
5. Шетел тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
6. Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/Государственные награды, почётные звания (при наличии)  
7. Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)  
9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігінің жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трёх лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими) государственного служащего (дата и оценка)
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні/ Дата қызмтеі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/
должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/приёма босатылған/ увольнения
     
     
_______________________________________________Кандидаттың қолы/подпись кандидата __________________________күні/дата
Мақаланы құрған күні 04.11.2019 11:54
Мақаланы жаңартқан күні 04.11.2019 11:54
Қаралым саны: 42