«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

Ақмола облысы «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (021400 индексi, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесi, 117, анықтама үшiн телефон нөмiрi 8(71640)9-14-41, факс 8(71640)9-14-41, электрондық мекен-жайы — personal_sand@mail.ru) «Б» корпусының бос төменгi әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк -құқықтық бөлiмiнiң бас, «Е-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 77 452 теңгеден 104 935 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Мемлекеттiк органның мүдделерiн сотта, сондай-ақ мемлекеттiк орган қызметiнiң құқықтық мәселелерiн басқа ұйымдарда қарау кезiнде белгiленген заң тәртiбiмен ұсынады.

Мемлекеттiк мекеменiң құзырына жататын құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттiк мекеме атынан түсiнiктемелердi заңнама актiлерiмен алдын ала қарастырылған жағдайларда дайындау.

Құқық қорғау органдарымен, арнайы және басқа да мемлекеттiк органдармен құқықбұзушылықтың, терроризмнiң, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелерi бойынша қарым-қатынас жасайды.

Құқықбұзушылықтың, терроризмнiң, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мәселелерi бойынша бағдарламалық құжаттардың, iс-шаралар жоспарының және басқа да құжаттардың орындалуы бойынша таладу жүргiзедi.

Аудан әкiмiнiң аппараты қызметкерлерiмен құқықтық оқулар ұйымдастырады, дербес бөлiмдерде, ауылдық округтердiң әкiмдерiнiң аппараттарында құқықтық оқулар жүргiзудi бақылайды.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласында жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

2. «Сандықтау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесiнiң азаматтық хал актiлерiн тiркеу секторының бас маманы (негiзгi қызметкердiң бала күтiмi бойынша демалыс кезеңiне), «Е-R-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Халықты әлеуметтiк қорғауға бағыталған нормативтiк құқықтық актiлердi бақылауды және орындауды iске асырады. Халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы мемлекеттiк, салалық және аймақтық бағдарламаларды орындауды ұйымдастырады және бақылайды.

Көмектiн барлық түрлерiне құжаттарды қабылдауды және тағайындауды қамтамасыз етедi. Ұсынылған мәлiметтердiң дұрыстығын бақылайды. Халықтың әлеуметтiк картасын талдайды. Азаматтық хал актiлерiн тiреудi жүргiзедi.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: әлеуметтiк ғылымдары, экономика және бизнес немесе құқық немесе бiлiм немесе гуманитарлық ғылымдар немесе жаратылыстану ғылымдары немесе қызмет немесе денсаулық сақтау және әлеуметтiк қамсыздандыру саласында жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

3. «Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бас маманы, «Е-R-4» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 73288 теңгеден 99105 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi: Аграрлық өнеркәсiптiк кешендi дамытуға арналған Президент Жарлықтарын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларын, жоғары органның нормативтiк құқықтық актiлерiнiң орындалуын жүзеге асырады. Аграрлық өнеркәсiптiк кешен облысында мемлекеттiк салалық және аймақтық бағдарламаның орындалуын бақылайды және ұйымдастырады.

Аудан бойынша егiлген тұқымның саны мен сапасы жөнiнде қорытынды есеп дайындау;

Барлық меншiк түрiндегi заңды және жеке тұлғалардың, кәсiпорындардың және ұйымдардың тұқым шаруашылығы жөнiндегi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, мемлекеттiк стандарттарының және басқа да құжаттардың сақтауын бақылау;

Өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлермен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарттарын жасау жөнiндегi мiндеттердiн орындауын бақылау;

Субсидияланған тұқымның мақсатты пайдалануына бақылау жасау;

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық жөнiндегi iстердi қарау;

Тұқым шаруашылығы жөнiндегi сұрақтар бойынша есептер беру;

ҚР АШМ агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнiң әзiрленген нысандары бойынша есептер беру.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылығы ғылымдары саласында жоғары, мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екi жылдан кем емес жұмыс өтiлi бар болған жағдайда орта бiлiмнен кейiнгi немесе техникалық және кәсiптiк бiлiмi барларға рұқсат етiледi.

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк.

Жоғары бiлiм болған жағдайда жұмыс тәжiрибесi талап етiлмейдi.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ақмола облысы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Қағидалардың 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.

Құжаттар Сандықтау ауданы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi______________________________________________________
__________________________________________________________
____________________________________________________________________________________

бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын. «Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар:
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Б» корпусының мемлекеттiк

әкiмшiлiк лауазымына

орналасуға конкурс өткiзу

қағидаларының 3-қосымшасы

Нысан

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары(болған жағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялық дәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныптық шенi(болған жағдайда)/ дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі туралы мәлiмет(болған жағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері /должность,место работы,местонахождениеорганизации қабыл-данған/приемабосатылған/увольнения
     
     
     
     
     
     
Кандидаттың қолы/Подпись кандидата____________күні/дата_________    
Мақаланы құрған күні 10.01.2018 12:40
Мақаланы жаңартқан күні 10.01.2018 12:40
Қаралым саны: 592
PAGE_COMMENT