A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

18.08.2017ж

Ақмола облысы «Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi (021400 индексi, Ақмола облысы, Сандықтау ауданы, Балкашин ауылы, Абылайхан көшесi, 117, анықтама үшiн телефон нөмiрi: 8(71640)9-14-41, факс 8(71640)9-14-41, электрондық мекен-жайы: personal_sand@mail.ru) «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Сандықтау ауданының ауыл шаруашылығы бөлiмi» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң басшысы, «Е-R-1» санаты, 1 бiрлiк.

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 142 412 теңгеден 192 382 теңгеге дейiн.

Негiзгi функционалдық мiндеттерi:

Нормативтiк құқықтық актiлердi орындауды және бақылауды iске асырады. Өз құзыры шегiнде мемлекеттiк, салалық және өңiрлiк бағдарламаларды ұйымдастырады және бақылайды.

Субсидиялау, мiндеттi сақтандыру, техникалық, энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылық сумен қамтамасыз ету аясында жұмыстарды үйлестiредi және ұйымдастырады; лизингтiк қатынастарды дамытуға жәрдемдеседi. Егiн шаруашылығы және мал шаруашылығы саласында ауыл шаруашылығы өнiмдерiн дамыту мониторингiн iске асырады.

Бөлiмдi жалпы басқарады, бөлiм мамандарының арасындағы мiндеттердi бөледi, бөлiм қызметiн реттейтiн құжаттарды дайындауға қатысады, бөлiмде кредиттердi бiрiншi бөлушi болып табылады. Шығындар мөлшерлемесiн жоспарлауды iске асырады.

Бөлiмде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын бақылайды.

Лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес басқа да функциялар мен мiндеттердi орындайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе құқық немесе әлеуметтiк ғылымдар, экономика және бизнес саласында жоғары бiлiм;

Мынадай құзыреттердiң бар болуы: бастамалық, адамдармен тiл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептiлiк, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушiлiк;

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттiк қызмет өтiлi екi жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi үш жылдан кем емес, оның iшiнде мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда мемлекеттiк қызмет өтiлi бiр жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты мәртебесiнде немесе тұрақты негiзде қызмет ететiн облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесiнде немесе халықаралық қызметкер мәртебесiнде қызмет өтiлi екi жылдан кем емес;

4) мемлекеттiк қызмет өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттiк органдарының орталық деңгейдегi лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегi басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейiнен төмен емес, жергiлiктi әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екi жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейiнгi бiлiм бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы бiлiм беру ұйымдарында мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде немесе шетелдiң жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекiтетiн басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттiк қызмет өтiлi мемлекеттiк органның штат кестесiнде көзделген келесi төменгi санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тiзiлiммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымдарында немесе саяси мемлекеттiк лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтiлi төрт жылдан кем емес, оның iшiнде басшылық лауазымдарда бiр жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесiнiң болуы.

Конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекiтiлген «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидалары» (бұдан әрi — Қағидалар) негiзiнде жүргiзiледi.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады. Байқаушы ретiнде тiркелу сұрақтары бойынша әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей Ақмола облысы әкiмi аппаратының персоналды басқару қызметiне (кадр қызметiне) жүгiну қажет.

Жалпы конкурсқа қатысу үшiн қажеттi құжаттар:

1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш;

2) 3х4 үлгiдегi түрлi түстi суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмi;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшiрмелерiнiң нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушi, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдiк жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген бiлiм туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдiк бiлiм беру ұйымдарында алған бiлiмi туралы құжаттарының көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәлiктерiнiң көшiрмелерi қоса берiледi.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушiлерге берiлген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Акционерлiк қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшiрмесi қоса берiледi.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшiрмелерiне бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшiрмелерi қоса берiледi.

4) еңбек қызметiн растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметiмен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрiнiң мiндетiн атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекiтiлген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 6697 болып тiркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейiн алты айдан аспайтын уақытта берiлген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрiгерлiк кәсiби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;

7) құжаттарды тапсыру сәтiнде заңнаманы бiлуiне тестiлеуден өткенi туралы шектi мәннен төмен емес нәтижелерi бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

8) конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды тапсыру сәтiнде уәкiлеттi органда жеке қасиеттерiн бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тiркелдi) бекiтiлген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2015 жылғы 27 сәуiрдегi № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2015 жылы 11 маусымда № 11304тiркелдi) бекiтiлген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтiң стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейiн бiр жылдан аспайтын уақытта берiлген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшiрмесi).

Осы Қағидалардың 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетiлген құжаттардың көшiрмелерiн ұсынуға рұқсат етiледi. Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметi) құжаттардың көшiрмелерiн түпнұсқалармен салыстырып тексередi.

Егер азамат еңбек қызметiн жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтiлi талап етiлмейтiн жағдайда еңбек қызметiн растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етiлмейдi.

Құжаттардың толық емес пакетiн немесе дәйексiз мәлiметтердi ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшiн негiз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейiне және беделiне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсiби қызметiн, бiлiктiлiгiн сипаттайтын мәлiметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет бiлдiрген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртiпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетiлген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электрондық Үкiмет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау мерзiмiнде тапсырады.

Конкурсқа қатысу үшiн құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкiмет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесi арқылы берiлген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгiмелесу басталғанға дейiн бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей бередi.

Құжаттар Сандықтау ауданы әкiмiнiң және уәкiлеттi органның сайтында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейiнгi келесi жұмыс күнiнен бастап 7 жұмыс күннiң iшiнде ұсынылуы қажет.

Әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттар оны кандидаттарды әңгiмелесу жiберу туралы хабардар ету күнiнен бастап 3 жұмыс күн iшiнде Сандықтау ауданы әкiмiнiң аппаратында өтедi.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгiмелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк
лауазымына орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан
__________________________
(мемлекеттiк орган)

Өтiнiш

Менi________________________________________________________________ ____________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жiберуiңiздi сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымына орналасуға конкурс өткiзу қағидаларының негiзгi талаптарымен таныстым, олармен келiсемiн және орындауға мiндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектiлiгiне жауап беремiн. Қоса берiлген құжаттар: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны
____________________________________________________________________
____________________________________
____________________________________

(қолы) (Тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

«Б» корпусының мемлекеттiк
әкiмшiлiк лауазымына
орналасуға конкурс өткiзу
қағидаларының 3-қосымшасы

Форма

"Б" КОРПУСЫНЫҢ ӘКIМШIЛIК МЕМЛЕКЕТТIК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМI

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА "Б"
______________________________
(тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии))
_______________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болғанжағдайда/при наличии)

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
Туылған күні және жері/
Дата и место рождения
 
Ұлты/Национальность (по желанию)  
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
 
Шет тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 
Мемлекеттiк наградалары, құрметтiатақтары (болғанжағдайда)/ Государственные награды, почетные звания (при наличии)  
Дипломатиялықдәріжесі, әскері, арнайы атақтары сыныпты қошенi (болған жағдайда)/дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)  
Жазатүрі, оны тағайындаукүні мен негізітуралымәлiмет (болғанжағдайда)/
вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жылсайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттікӘкімшілік қызметшілер толтырады)/Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае,если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполня-ется государственными служащими)  
ЕҢБЕК ЖОЛЫТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/Датақабылданған/ приема Күні/Датабосатылған/ увольнения Күні/Дата қызметі, жұмысорны, мекеменің орналасқан жері /должность, место работы, местонахождениеорганизации қабыл-данған/приема босатылған/увольнения
     
     
     
     
Кандидаттыңқолы/Подпись кандидата_______________күні/дата_________    
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 23.08.2017 14:57
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru