2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шiлдедегi Қылмыстық-атқару кодексiнiң 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9-бабының 7) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, «Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм беру ұйымдарының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 13898 болып тiркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, 2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкiмiнiң орынбасары Г.Е. Қадыроваға жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Сандықтау ауданының әкiмi                                                                                                                                А. Исмағамбетов

Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң
20___ жылғы ______________
№_______ қаулысына
қосымша

2019 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасы

№р/б Ұйымның, кәсіпорынның атауы Жұмыскерлердің тізімдік саны Квота мөлшері (%)
1 «Сандықтау-Су» шаруашылықжүргізу құқығындағы коммуналдықмемлекеттік кәсіпорны 47 2
2 «Широкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 50 2
3 «Родной край» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 25 4
Мақаланы құрған күні 24.09.2018 16:28
Мақаланы жаңартқан күні 24.09.2018 16:28
Қаралым саны: 588

egov.kz - мемлекеттік қызметтер және ақпарат онлайн

Послание Президента РК Парламент Республики Казахстан Премьер-Министр Республики Казахстан Информационно-правовая система нормативных правовых актов Республики Казахстан egov.kzЭКСПО 2017НАЦИОНАЛЬНОЕ БЮРО ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ МИНИСТЕРСТВА ПО ДЕЛАМ ГОСУДАРСТВЕННОЙ СЛУЖБЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН