2018 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

ЖОБА

2018 жылға арналған
Сандықтау ауданы бойынша
бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған,
тұлғаларды жұмысқа орналастыру
үшiн жұмыс орындарының
квотасын белгiлеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 — баптарына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 9 — бабының 8) — тармақшасына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттiк жасқа толғанға дейiн айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, бiлiм ұйымының түлектерi болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде 13898 нөмiрiмен тiркелген) бұйрығына сәйкес, Сандықтау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. 2018 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарының квотасы, осы қаулының қосымшасына сәйкес белгiленсiн.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Сандықтау ауданы әкiмiнiң орынбасары Г.Е. Қадыроваға жүктелсiн.

3. Осы қаулы Ақмола облысының әдiлет департаментiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Сандықтау ауданының әкiмi                                                                 А.Исмағамбетов

«КЕЛIСIЛДI»
«Сандықтау-Су» шаруашылық
жүргiзу құқығындағы коммуналдық
мемлекеттiк кәсiпорны директорының
мiндетiн атқарушы
____________________ Шарипов Т.К.
____________________ 2017 жыл

Сандықтау ауданы әкiмдiгiнiң
2017 жылғы ____________
№_______ қаулысына
қосымша

2018 жылға арналған Сандықтау ауданы бойынша бас бостандығынан айыру
орындарынан босатылған, тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс
орындарының квотасы белгiленген ұйымдар мен кәсiпорындардың тiзбесi

№р/б Ұйымның, кәсіпорынның атауы Жұмысшылардың тізімдік саны (адам) Квота мөлшері (жұмысшылардың тізімдік санынан %) Жұмыс орындарының саны (адам)
1 «Сандықтау-Су» шаруашылықжүргізу құқығындағы коммуналдықмемлекеттік кәсіпорны 79 2 1
Мақаланы құрған күні 26.09.2017 10:30
Мақаланы жаңартқан күні 26.09.2017 10:30
Қаралым саны: 427
PAGE_COMMENT