A- A A+
«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Сандықтау ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

ЖОБА

 

Сандықтау ауданы бойынша
ауыр жұмыстарды, еңбек
жағдайлары зиянды,
қауiптi жұмыс орындарын
есептемегенде, жұмыс орындары
санының екiден төрт пайызға
дейiнгi мөлшерiнде мүгедектердi
жұмысқа орналастыру
үшiн жұмыс орындарына
квоталар белгiлеу туралы

«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуiрдегi Заңының 27 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтiк даму министрiнiң 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14010 болып тiркелген) сәйкес, Сандықтау ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Ұйымдардағы жұмыскерлердiң тiзiмдiк санымен Сандықтау ауданы бойынша ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауiптi жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екiден төрт пайызға дейiнгi мөлшерiнде мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшiн жұмыс орындарына квоталар белгiленсiн:

елуден жүз адамға дейiн — жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының екi пайызы мөлшерiнде;

жүз бiрден екi жүз елу адамға дейiн — жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының үш пайызы мөлшерiнде;

екi жүз елу бiрден артық адам — жұмыскерлердiң тiзiмдiк санының төрт пайызы мөлшерiнде.

2.Осы қаулының орындалуын бақылау сол сұрақты жетекшiлiк ететiн аудан әкiмiнiң орынбасарына жүктелсiн.

3.Осы қаулы Ақмола облысының Әдiлет департаментiнде мемлекеттiк

тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Сандықтау ауданының әкiмi                                                                А.Исмағамбетов

Парақтағы соңғы өзгерістер:: 21.06.2017 11:07
@2017 «Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM
Яндекс.Метрика

Телефон:

Электрондық пошта адресі:

8 (71640) 9-17-42;

sandakimat@mail.ru