+A A -A

«Сандықтау ауданы әкімінің аппараты» MM

Қазақша Русский
<

Сандықтау ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы

Сандықтау ауданына жұмыс
істеуге және тұруға келген
денсаулық сақтау, білім беру
және агроөнеркәсіптік кешен
мамандарына әлеуметтік қолдау
шараларын көрсету туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығымен бекітілген, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын көрсету қағидаларының 11-тармағына сәйкес, ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну жөніндегі тұрақты қызмет ететін комиссия ұсынысының, 2019 жылғы 29 қарашадағы № 9 хаттамасының негізінде, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1..Сандықтау ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына осы қаулының қосымшасына сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін.

2..Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Г.Е. Қадыроваға жүктелсін.

3..Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және қолданысқа енгізіледі.

Сандықтау ауданының әкімі                                                              А. Үйсімбаев

Сандықтау аудан Сандықтау ауданы
әкімдігінің 2019 жылғы
_____________
№____________
қаулысына қосымша

Әлеуметтік қолдау шаралары берілетін
Сандықтау ауданына жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау,
білім беру және агроөнеркәсіптік кешен мамандарының тізімі.

Жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы.

Т.А.Ә. Атқаратынлауазымы Жұмыс орны
Роман Рамазанович Джелкайдаров Дене шынықтыру мұғалімі Сандықтау ауданының білім бөлімінің «Лесное орта мектебі» мемлекеттік мекемесі
Мақаланы құрған күні 11.12.2019 17:36
Мақаланы жаңартқан күні 11.12.2019 17:39
Қаралым саны: 123